• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет

Сатып алу шарттары

Сатып алу шарттары

Терминдер:

«Сибирское здоровье Астана» ЖШС (бұдан әрі – «Компания») – «Сибирское здоровье» тауар белгісі бар өнімді және тауарлардың ілеспе топтарын жылжыту және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын компания.

Сатушы (заңды мекенжайы): «Siberian Health Astana» ЖШС, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Байқоңыр ауданы, Амангелді Иманов көшесі,9 үй н.п. 7, БСН 071040011951; хаттарды, талап арыздарды, шағымдарды жіберу мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Байқоңыр ауданы, Амангелді Иманов көшесі, 9 үй н.п. 7; тел.: 8 (7172) 27-31-87; 8 (7172) 27-31-88; 8-800-080-85-80.

Интернет-дүкен – сатушыға тиесілі және интернет желісінде https://kz.siberianwellness.com/kz-kz/, мекенжайы бар интернет-сайт, клиенттерге келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • Сатушы өз клиенттеріне ұсынатын тауарлардың сипаттамасымен, төлеу және жеткізу шарттарымен танысу;
  • Тапсырысты рәсімдеу.

Пайдаланушы – Компанияда Бизнес-серіктес немесе Артықшылықты клиент мәртебесі бар пайдаланушы интернет-дүкенге кіреді.

Кіруші – Бизнес-серіктес немесе Артықшылықты клиенттің тіркеу рәсімінен өтпеген, бірақ Сайтта орналастырылған контентті көруге мүмкіндігі бар Интернет-дүкеннің әлеуетті пайдаланушысы.

Бизнес-серіктес – компаниямен келісім жасасқан, компанияның өнімін жеке пайдалану үшін сатып алатын, оны басқа адамдарға ұсынатын және компанияның өнімдері мен қызметін тұрақты немесе тұрақты емес негізде өнім туралы ақпараттандыру және оны жылжыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адам. Бизнес-серіктестің келісімі осы пайдаланушы келісімімен көзделген тәртіпте сайтта немесе КҚКО-да жасалуы мүмкін. Егер Бизнес-серіктестің компаниямен әріптестігі жүйелі сипатта болса және Бизнес-серіктестің қызметі жүйелі түрде пайда алуға бағытталатын болса, ол өз елінің заңнамасына сәйкес кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

Артықшылықты клиент – компания өнімін жеке пайдалану үшін сатып алатын және оны басқа адамдарға ұсына алатын компаниямен тіркеу келісімін жасасқан адам. Артықшылықты клиенттің тіркеу келісімі осы пайдаланушы келісімімен көзделген тәртіпте Сайтта немесе КҚКО-да тіркелу жолымен жасалуы мүмкін.

Клиент – сайттың пайдаланушысы болып табылатын, Интернет-дүкеннің көмегімен тапсырыстарды қалыптастыратын не тапсырыста тауарды алушы ретінде көрсетілген және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке, отбасы, үй және өзге де қажеттіліктері үшін ғана интернет-дүкенді пайдалана отырып, сатып алынған тауарларды пайдаланатын, әрекетке толық қабілетті жеке тұлға.

Сайт әкімшілігі – Интернет-дүкенді пайдалану тәртібін белгілейтін, оның жұмысын басқаратын, пайдаланушылардың осы келісімді орындауын бақылайтын компания қызметкерлерінің және оның сенімді тұлғаларының тобы.

Контент – мәтіндер, бейнелер, тауар белгілері, логотиптер, гипермәтіндік сілтемелер, аудиовизуалды шығармалар, музыкалық шығармалар, әдеби шығармалар, презентациялар, ЭЕМ-ге, ұялы телефондарға арналған бағдарламалар, олардың фрагменттері, ақпарат, өзге де объектілер.

Жеткізу қызметі – сатушымен шарт бойынша тауарларды клиенттерге жеткізу бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлға.

Тауар – азаматтық айналымнан алынбаған және Интернет-дүкенді пайдалана отырып сатуға ұсынылған материалдық әлемнің объектісі.

Тапсырыс – Интернет-дүкенде жарияланған тауарлар каталогын пайдалана отырып таңдалған тауарлар тізбесін көрсетілген мекенжай бойынша жеткізуге клиенттің тиісті түрде рәсімделген сұранысы.

Клиенттермен жұмыс істеу қызметі – клиентке сайтты және Интернет-дүкенді пайдалануға байланысты мәселелерді шешуге көмектесетін қызметтер (Сайттағы кері байланыс, жедел байланыс).

Себет – Интернет-дүкенде клиент таңдаған тауарлар тізімі.

Құпия ақпарат – Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес оның иесі қол жеткізуді шектейтін ақпарат.

Жеке кабинет – авторизациядан өткеннен кейін ғана пайдаланушыға қолжетімді және пайдаланушының жеке ақпаратын қамтитын сайт бөлімі.

Есептік жазба – Сайтқа кіру үшін пайдаланылатын пайдаланушының жеке деректері.

Сатушының ұсынысы – сатушының қолданыстағы тарифтеріне сәйкес бағалар мен шарттар бойынша сайтта сатуға ұсынылатын тауарлар туралы қолжетімді ақпарат.

Арнайы ұсыныс – сайтта тауарды сатып алудың жеңілдіктері, сыйлықтар, өзге де ерекше шарттары туралы ақпараты бар сатушының ұсынысы. Сатушы ұсыныстың арнайы екенін көрсетуге міндетті емес.

Бонус – Сатушының қалауы бойынша айқындалатын шарттарда арнайы ұсыныс бойынша рәсімделетін, клиенттің тапсырысына сатушы қосымша ұсынатын өнім. Бонус ретінде тауарлар немесе басқа өнімдер болуы мүмкін.

Бизнес-Серіктес келісімі – Siberian Wellness және Siberian Wellness Бизнес-Серіктесі болуға ниет білдірген жеке тұлға арасында жасалған шарт.

Ұпайлар – Компанияның әрбір өнімі үшін жеке орнатылған тіркелген сандық көрсеткіш.

Тәлімгер – кандидатты (Бизнес-Серіктесті немесе Артықшылықты клиентті) компаниямен әріптестікке шақырған, компания тәлімгер ретінде тіркеген және тартылған тұлғаларға ақпараттық қолдау көрсету, оларды оқыту, ағартушылықты және тәлімгерлікті жүзеге асыратын Бизнес-Серіктес немесе Артықшылықты клиент.

Тіркеу жиынтығы – компаниямен серіктестікті бастауға ниет білдірген кандидаттың сатып алатын әдебиеттер мен материалдар жиынтығы. Артықшылықты клиент пен Бизнес-Серіктес үшін тіркеу жиынтығының құрамы әр түрлі болады. Тіркеу жиынтығының құрамы мен оның бағасы компанияның қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін. Тіркеу жиынтығының ағымдағы бағасы компанияның белгілі бір елдің аумағында қолданылатын прайс-парағында белгіленген.

SIBERIAN WELLNESS дүкені (SW дүкені) – бұл Siberian Wellness сауда белгісі бар өнімдерді және компанияның оқу материалдарын бөлшек саудада сатуға, бөлшек сатып алушыларға, артықшылықты клиенттерге және компанияның Бизнес-серіктестеріне қызмет көрсетуге; компанияның Бизнес-серіктестерінің бизнесін қолдауға немесе компанияның өнімін жылжытуға ықпал ететін тұсаукесерлер, мастер-кластар, кездесулер немесе басқа іс-шаралар өткізуге арналған компанияның мамандандырылған орталығы; компанияның өнімдері мен науқандары немесе компанияның бизнес-ақпараты туралы ақпаратты алу үшін.

  1. Интернет-дүкен туралы жалпы ережелер
    1. Интернет-дүкенді қашықтықтан сатудың осы шарттары (бұдан әрі – шарттар) интернет-дүкенге тиесілі клиент пен сатушы арасындағы қатынастарды реттейді https://kz.siberianwellness.com/kz-kz/ (бұдан әрі – «Интернет-дүкен»). Бөлім клиенттің интернет-дүкенде сатып алу шарттары мен қағидаларын келісім тараптарының құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ интернет-дүкенді пайдалану шарттары мен қағидаларын бұзғаны үшін клиенттің жауапкершілігін белгілейді.
    2. Клиент осы шарттардың әрбір тармағымен кассалық немесе тауар чегін алған сәттен бастап не сатушы сатып алушының тауарды сатып алу ниеті туралы хабарламасын алған сәттен бастап, пайдаланушылық келісіммен келісетіні туралы белгі қою және интернет-дүкен себетінде «Төлеу» сілтемесі бойынша өту жолымен келіседі.
    3. Интернет-дүкеннің клиенті ретінде осы шарттармен, пайдаланушылық келісімде немесе серіктестік стандарттарында белгіленген компанияда тіркелу рәсімінен өткен кез келген тапсырыс берген сайт пайдаланушысы бола алады.
    4. Интернет-дүкенді Сатушы басқарады.
    5. Сатушы мен клиент арасындағы қатынастар осы шарттармен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларымен реттеледі. Осы шарттар, сондай-ақ интернет-дүкенде ұсынылған тауар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы АК 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылады.
    6. Бұл шарттардың мәні Интернет-дүкеннің клиенттеріне тауарларды қашықтан сату болып табылады.
    7. Интернет-дүкенді пайдаланып тауарларға тапсырыс бере отырып, клиент осы шарттарға қосылады және осы шарттарда ескерілген барлық қағидаларды сақтауға және барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.
    8. Интернет-дүкен клиенттерге мынадай санаттағы тауарларға тапсырысты рәсімдеуге мүмкіндік береді: интернет-дүкенде сатылатын тамақ өнімдері, парфюмерия, косметика, аксессуарлар және тауарлардың өзге де санаттары.
    9. Клиент барлық қызметтер интернет-дүкеннің ішкі ережелеріне сәйкес ұсынылатынына келіседі. Интернет-дүкенді пайдалану арқылы тапсырысты рәсімдеу үшін клиентте интернетке қосылған компьютер немесе басқа құрылғы болуы, сондай-ақ тіркеу рәсімінен өту қажет (сілтеме бойынша пайдаланушылық келісімнің тиісті бөлімдерін қараңыз). Клиент интернетке қол жеткізу құқығын алуға, қажетті жабдықтар мен бағдарламалық өнімдерді сатып алуға және теңшеуге байланысты барлық мәселелерді өз бетінше және өз есебінен шешеді.<.li>
  2. Тапсырысты рәсімдеу шарттары
    1. Тапсырысты рәсімдеу үшін клиент тіркеу нөмірі мен жеке құпиясөзді пайдалана отырып, интернет-дүкенде авторизациялануы қажет.
    2. Сайтта және Интернет-дүкенде авторизациядан өту үшін логин мен құпиясөз болмаған жағдайда, Артықшылықты клиент немесе Бизнес-серіктес ретінде интернет-дүкенге кіруші алғашқы сатып алуды жүзеге асырумен бірге оңайлатылған тіркеу рәсімінен өте алады.
    3. Оңайлатылған тіркеуден өткен кезде пайдаланушы пайдаланушылық келісімнің барлық шарттарымен, құпиялылық саясатымен және осы шарттармен тапсырысты рәсімдеу нысанында тиісті белгі қою жолымен және «Төлеу» сілтемесі бойынша өту арқылы сөзсіз келіседі.
    4. Артықшылықты клиент ретінде оңайлатылған тіркеуден өткен кезде пайдаланушы онлайн-нысанның тиісті жолдарында өзінің ТАӘ, электрондық пошта адресін және ұялы телефон нөмірін көрсетуі қажет.
    5. Оңайлатылған тіркеуден өткенде пайдаланушы құпиялылық саясаты шеңберінде «Сибирское здоровье Астана» ЖШС болып табылатын дербес деректер операторына өзінің дербес деректерін беруге келіседі.
    6. Сатушы осы шарттарда пайдаланушы келісімінде және ынтымақтастық стандарттарында көзделген, тіркеудің кез келген түрі кезінде клиент ұсынатын ақпараттың дәлдігі мен дұрыстығы үшін жауапты болмайды.
    7. Пайдаланушы үшінші тұлғаларға тіркеу кезінде көрсетілген логинді немесе жеке нөмірін және құпиясөзін хабарламауға міндеттенеді. Пайдаланушыда оның есептік жазбасының қауіпсіздігіне немесе оларды үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалану мүмкіндігіне қатысты күдік туындаған жағдайда, пайдаланушы «Кері байланыс» бөлімінде Жеке кабинетте немесе call-centre.kz@sibvaleo.com электрондық пошта мекенжайы бойынша сұрау салуды рәсімдей отырып, бұл туралы сайт әкімшілігіне дереу хабарлауға міндеттенеді. Сондай-ақ, пайдаланушы кез келген уақытта жеке кабинетте өз құпиясөзін ауыстыра алады.
    8. Клиент осы келісімнің талаптарын бұзған кезде сатушы клиенттің есептік жазбасын кетіруге немесе клиенттің интернет-дүкенге кіруін тоқтата тұруға құқылы екендігі туралы клиент ескертілді.
    9. Клиент сатып алу туралы шешімді өзгертуге және оны алғанға дейін кез келген уақытта тапсырыстан бас тартуға, ал тауарды алғаннан кейін тауарды клиентке берген күнді есептемегенде, 7 күн ішінде тауарды қайтаруды жүзеге асыруға құқылы. Тиісті сападағы алынған тауарды егер оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері сақталған жағдайда, сондай-ақ көрсетілген тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжат (болған жағдайда) сақталған жағдайда қайтаруға болады. Тапсырыс беруден бас тарту және тауарды қайтару тәсілдері мен тәртібі 7-бөлімде сипатталған.
  3. Тапсырысты рәсімдеу және орындау мерзімдері
    1. Клиент тапсырысты интернет-дүкенде өз бетінше рәсімдей алады. Тапсырысты рәсімдеу туралы толық ақпарат сайтта «Тапсырыс беру» бөлімінде сипатталған.
    2. Тапсырысты рәсімдеу кезінде клиент келесі ақпаратты көрсетуі тиіс:
      – клиенттің не болмаса тауар алушының тегі мен аты;
      – тауарды жеткізу мекенжайы;
      – байланыс ұялы телефоны;
      – электрондық поштаның байланыс адресі.
    3. Клиент жеткізу мекенжайы, электрондық пошта адресі және байланыс телефоны туралы шынайы ақпаратты көрсетуге міндеттенеді. Егер клиент дәл емес және/немесе қате деректерді көрсетсе, сатушы клиенттің тапсырысын орындайтынына кепілдік бермейді.
    4. Авторизациядан өтпей тапсырысты рәсімдегенде клиент осымен оның жеке нөмірі жоқ екенін және компанияның пайдаланушылық келісімі мен серіктестік стандарттарында көрсетілген кез келген қолжетімді тәсілмен компанияда тіркелмегенін растайды.
    5. Қазақстан қалаларына жеткізу мерзімдері сайтта «Жеткізу» бөлімінде клиент үшін қолжетімді. Тапсырыс рәсімделген сәттен бастап, 2-5 жұмыс күні ішінде жеткізу қызметінің операторы клиентпен хабарласады және жеткізудің нақты күні мен уақытын белгілейді.
    6. Авторизациядан өтпеген клиенттің таңдалған тауарларды себетке орналастырған сәттен бастап бір тәулік ішінде (24 сағат) тапсырыс ретінде рәсімдеуге мүмкіндігі бар. 24 сағат өткеннен кейін тауар автоматты түрде себеттен шығарылады.
    7. Клиенттің тауарды алудың соңғы мерзімі жеткізу мекенжайы мен аймағына, жеткізу қызметтерінің жұмысына байланысты және тікелей сатушыға байланысты емес.
    8. Сатушының қоймасында тапсырыс берілген тауарлар болмаған жағдайда, оның ішінде сатушыға байланысты емес себептер бойынша орын алған жағдайда, сатушы көрсетілген тауарды клиенттің тапсырысынан алып тастауға және бұл туралы тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша электрондық хабарлама жіберу арқылы клиентке хабарлауға құқылы. Клиент үш тәулік ішінде электрондық хабарламадағы тиісті сілтеме бойынша өту арқылы алынып тасталған тауарларды ескере отырып, өзгертілген тапсырысты растауы қажет, бұл ретте алынып тасталған тауар үшін төленген қаражат клиентке 7.7.1 тармақта қарастырылған тәсілмен қайтарылады.
    9. Егер клиент үш тәулік ішінде өзгертілген тапсырысты растамаған жағдайда, 3.9-тармаққа сәйкес тапсырыс толық алынып тасталады және осы тапсырыс үшін төленген қаражат клиентке 7.7.1-тармақта қарастырылған тәсілмен толық көлемде қайтарылады.
    10. Сатушы осы шарттардың 3.10-тармағын қолданған жағдайда тапсырысты жеткізу мерзімін үш тәулікке ұлғайтуға құқылы.
  4. Жеткізу
    1. Тауарларды жеткізу тәсілдері сайтта «Жеткізу» бөлімінде көрсетілген.
    2. Жеткізу аумағы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
    3. Сатушы сайтта көрсетілген жеткізу мерзімдерін сақтау үшін барлық күш-жігерін салады, дегенмен, сатушының кінәсі болмаған жағдайда күтпеген жағдаяттарға байланысты жеткізудегі кідірістер болуы мүмкін.
    4. Тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекел-қатері клиентке тапсырыс берілген және тауардың жеткізілгенін растайтын құжаттарға тауар алушы қол қойған сәттен бастап клиентке өтеді. Тауарды жеткізбеген жағдайда сатушы клиентке оның алдын ала төлеген тауардың құнын және жеткізу қызметінен тауардың жоғалғаны туралы растауды алғаннан кейін жеткізу құнын өтейді.
    5. Әрбір тапсырысты жеткізу құны жеткізу аймағына, таңдап алынған жеткізу тәсіліне қарай жеке есептеледі және сайтта тапсырысты рәсімдеу барысында көрсетіледі.
    6. Жеткізу кезінде тауар клиентке не тапсырыста көрсетілген жеткізу мекенжайындағы және тапсырыс туралы мәліметтерді (жөнелту нөмірі және/немесе Клиенттің ТАӘ) беруге дайын кез келген тұлғаға (бұдан әрі – «Алушы») тапсырылады.
    7. Алаяқтық жағдайларын болдырмау үшін, сондай-ақ 1.7-тармақта өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін алдын ала төленген тауарды табыстау кезінде тауар жеткізуді жүзеге асыратын тұлға танысу үшін клиенттің немесе алушының жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге, сондай-ақ тапсырыс бойынша тауар түбіртегінде ұсынылған құжаттың түрі мен нөмірін көрсетуге құқылы. Сатушы клиенттің және алушының дербес ақпаратының құпиялылығына және қорғалуына кепілдік береді (8-бөлім).
    8. Клиент/Алушы тапсырысқа сәйкес келетін барлық тауарды қабылдауға немесе оны қабылдаудан толық бас тартуға міндеттенеді. Тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға тауарды алған кезде оны ішінара қайтаруға болмайды.
    9. Клиент/Алушы тауарды алу үшін сатушы берген мерзімдер шектеулі және жеткізуді рәсімдеу кезеңінде тапсырысты рәсімдеу кезінде көрсетіледі.
    10. Келісімнің 3.5-тармағында көрсетілген мерзімде тауарды алмау Клиенттің/Алушының сатып алу-сату шартынан бас тартуы болып саналады және сатушының тапсырысты жоюына негіз болып табылады. Тауар үшін төленген соманы қайтару төлем жүргізілген тәсілмен жүзеге асырылады.
    11. Алушының немесе клиенттің тапсырыс беру кезінде көрсетілген байланыс деректері бойынша онымен байланысудың мүмкін болмауы себепті клиенттің тауарды алмауы бұл да Клиенттің/Алушының сатып алу-сату шартынан бас тартуы болып саналады және сатушының тапсырысты жоюына негіз болып табылады. Егер алынбаған тауар алдын ала төленсе, ақша қаражаты жеткізу құнын қоспағанда, клиентке келісімнің 7.7.1-тармағында қарастырылған тәртіпте қайтарылады.
    12. Курьерден тапсырысты қабылдаған кезде алушы жеткізілген тауарды қарап шығуға және оның тауардың мәлімделген санына, ассортиментіне және жиынтығына сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ жеткізілген тауардың жарамдылық мерзімін және қаптамасының бүтіндігін тексеруге міндетті. Жеткізілген тауарға наразылықтар болмаған жағдайда алушы актіге қол қояды (Актінің бланкісі Тапсырысқа қоса беріледі). Жеткізу құжаттарына қол қою алушының тауарға және тапсырысқа наразылықтарын мәлімдемегенін және сатушы тауарды табыстау бойынша өз міндетін толық және тиісті түрде орындағанын куәландырады. Тауарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойғанға дейін тауардың жеке қаптамасын ашуға тыйым салынады.
    13. Клиенттің мекенжайы бойынша курьердің болу уақыты 15 минут уақытпен шектелген.
  5. Тауарды өзідігінен алып кету
    1. Тауарды өзі әкету елдің жекелеген өңірлерінде қолжетімді.
    2. Тауарды өзі әкету мүмкіндігі, өзі әкету пункттерінің мекенжайлары және оның жұмыс сағаты туралы тауарды алудың осы тәсілін таңдаған жағдайда пайдаланушыға хабарланады.
    3. Тауарды өзі әкету үшін клиент тапсырысты рәсімдеу кезінде көрсетілген электрондық адреске хабарлама келіп түскеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде тапсырысты алу үшін өзі әкету пунктіне келуге міндетті.
    4. Өзі әкету шартымен тапсырысты алу кезінде клиент тапсырыс нөмірін және жеке басын куәландыратын құжатты көрсету, сондай-ақ тауарды алу туралы құжаттарға қол қою қажет.
    5. Егер тапсырысты рәсімдеу кезінде көрсетілген электрондық адреске хабарлама түскен сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде клиент өзі әкету пунктіне келмесе, сатушы тапсырысты таратуға құқылы және клиенттің келу күні туралы өзі әкету пунктінің менеджерлерін алдын ала хабардар етпей, өзі әкету пунктінде тапсырысты беретініне кепілдік бермейді.
    6. Клиент өзі әкету пункті менеджерлерінің байланыс деректерін тапсырыс кезінде e-mail хабарламадан және тапсырыс тарихында жеке кабинеттен таба алады.
  6. Тауардың ақысын төлеу
    1. Тауардың бағасы теңгемен көрсетіледі және қосылған құн салығын қамтиды.
    2. Тауардың бағасы Интернет-дүкенде көрсетіледі. Клиенттің тапсырыс берген тауардың бағасын дұрыс көрсетпеген жағдайда сатушы бірінші мүмкіндік болған жағдайда түзетілген баға бойынша тапсырысты растау не тапсырысты жою үшін бұл туралы клиентке хабарлайды. Клиентпен байланысуға мүмкіндік болмаған жағдайда, бұл тапсырыс жойылған болып саналады.
    3. Тауардың бағасын сатушы біржақты тәртіппен өзгертуі мүмкін. Тауардың бағасы тапсырысты рәсімдеудің соңғы кезеңінде көрсетіледі және клиент «Төлеу» батырмасын басқан сәтте тіркеледі. Бұл ретте клиент тапсырыс берген тауардың бағасы өзгертуге жатпайды.
    4. Тауар ақысын төлеу тәсілдері сайтта «Төлеу» бөлімінде көрсетілген.
    5. Банк карталарының көмегімен тауар ақысын төлеу ерекшеліктері:
      1. «Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысы сәйкес банк карталары бойынша операцияларды картаны пайдаланушы жасайды.
      2. Банк карталарының көмегімен төлеу тәртібі сайтта «Төлеу» бөлімінде көрсетілген.
      3. Банк карталары бойынша операциялардыавторизациялауды клиенттің банк картасын шығарған банк жүзеге асырады. Егер банкте операция алаяқтық сипатқа ие деп пайымдауға негіз болса, онда банк осы операцияны жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Банк карталарын заңсыз пайдаланудың әртүрлі жағдайларын болдырмау үшін төлем кезінде сайтта рәсімделген және алдын ала төленген барлық тапсырыстарды сатушы тексереді. Сатушы тапсырыстың қолданыс күшін жою себептерін түсіндірмеуге құқылы. Тапсырыс құны тапсырысқа алдын ала төлем жасалған банк картасына қайтарылады.
    6. Сатушы тауарларға жеңілдіктер беруге және бонустық бағдарлама белгілеуге құқылы. Жеңілдіктер, бонустар түрлері, есептеу тәртібі мен шарттары сайтта көрсетілген және сатушы оларды біржақты тәртіпте өзгертуі мүмкін.
    7. Клиенттің тапсырысымен бірге жөнелтімге қандай да бір объектілерді қоса салуды көздейтін маркетингтік іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілген қоса салымдарды жеткізу клиенттің есебінен жүзеге асырылады. Қоса салымдардан бас тарту үшін, клиент клиенттермен жұмыс істеу қызметіне call-centre.kz@sibvaleo.com электрондық поштасы арқылы хабарласуы қажет.
  7. Тапсырыстан бас тарту және тауарды қайтару
    1. Тауардан бас тарту
      1. Тапсырысты алған кезге дейін клиент кез келген уақытта тапсырыстан бас тарта алады. Тапсырыстан бас тарту үшін клиент тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштадан call-centre.kz@sibvaleo.comэлектрондық пошта адресі бойынша өз қолымен еркін нысанда жазылған жазбаша өтінішінің сканерленген нұсқасын жіберу керек.
      2. Егер электрондық поштаға бас тарту туралы хабарлама келгенге дейін тапсырыс қалыптастырылмаса және жеткізу қызметіне жіберілмесе ақша қаражаты толық көлемде қайтарылады.
      3. Олай болмаған жағдайда, тапсырыстан бас тарту тауарды жеткізу қызметіне бергеннен кейін келген жағдайда, сатушы тапсырыстан жеткізу құнын ұстап қалуға құқылы.
      4. Ақша қаражаты клиентке 7.7.1-тармақта көрсетілген тәсілмен қайтарылады
    2. Курьермен EMS KAZPOST экспресс-поштаны жеткізу кезінде республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында интернет-тапсырысты қайтару
      1. Курьерден тапсырысты қабылдаған кезде алушы жеткізілген тауарды тексеруге және оның фактурада көрсетілген санына, атауына және жиынтығына сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ жеткізілген тауардың жарамдылық мерзімін және қаптамасының бүтіндігін тексеруге міндетті. Жеткізілген тауарға наразылықтар болмаған жағдайда алушы EMS KAZPOST курьерлік қызметінің жеткізу құжаттарына қол қояды.
        Жеткізу құжаттарына қол қою алушының тапсырыстағы тауарға наразылықтарын мәлімдемегенін және сатушы тауарды табыстау бойынша өз міндетін толық және тиісті түрде орындағанын куәландырады. Тауарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойғанға дейін тауардың жеке қаптамасын ашуға тыйым салынады.
      2. Саны, атауы бойынша сәйкес келмейтін, тауардың жойылуына және оны одан әрі пайдаланудың мүмкін болмауына әкеп соғатын механикалық зақымданулары немесе ақаулары бар тауар жеткізілген жағдайда, алушы себептерін көрсете отырып, тауарды қайтару актісін толтыруы және тауардың өзі мен тапсырыс бойынша ілеспе құжаттарды курьер арқылы тауарды қайтару актісінде көрсетілген сатушының мекенжайына қайтаруы қажет.
    3. «Қазпочта» АҚ арқылы жеткізу кезінде елді мекендерде интернет-тапсырыс бойынша тауарды қайтару және айырбастау
      1. Елді мекенге жеткізілген интернет-тапсырысты алу жақын жердегі «Қазпочта» АҚ пошта бөлімшесінде жүзеге асырылады.
      2. Елді мекендерде тауарды алғаннан кейін оны қайтару/айырбастау алушыға тауарды беру күнін есептемегенде, аумақтық орналасуын ескере отырып, 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      3. Саны, атауы бойынша сәйкес келмейтін немесе тауардың жойылуына және оны одан әрі пайдаланудың мүмкін болмауына әкеп соқтыратын механикалық зақымдануы бар тауар жеткізілген жағдайда, алушы себептерін көрсете отырып, тауарды қайтару актісін толтыруы және тауардың өзі мен тапсырысқа ілеспе құжаттарды тауарды қайтару актісінде көрсетілген сатушының мекенжайына пошта бөлімшесі арқылы қайтаруы қажет.
      4. Тауарды қайтару / айырбастау, егер мынадай сипаттамалар болса: бастапқы ораманың бүтіндігінің бұзылуы: туба тігісінің жарылуы, тауардың жойылуына және оны одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігіне әкеп соқтыратын басқа да осыған ұқсас механикалық зақымданулар мен ақаулар.
      5. Тауарды қайтару актісін алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде сатушы тауарды қайтару/айырбастау тәртібін нақтылау үшін алушымен байланысады немесе алушыға тауарды қайтарудан/айырбастаудан бас тарту туралы хат жібереді (Сатушының фактурасындағы сәлемдеменің және Көлік компаниясының түбіртегіндегі салмағын салыстыру нәтижелері бойынша).
    4. Ақшалай қаражатты қайтару
      1. Ақша қаражаты тауар ақысын төлеу кезінде Клиент пайдаланған тәсілмен қайтаруға жатады.
      2. Бұған QIWI, WebMoney және «Яндекс.Деньги» арқылы төлем жасау жағдайлары жатпайды. Тапсырысты электрондық ақшамен төлеу кезінде ақша қаражатын қайтару тек пошталық ақша аударымы арқылы жүргізіледі.
      3. Егер ақша қаражатын қайтару клиенттің тауарды қайтаруымен бір мезгілде жүзеге асырылмаған жағдайда, көрсетілген соманы қайтаруды сатушы клиенттің келісімімен мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:
        • пошталық ақша аударымы;
        • тиісті соманы клиенттің көрсеткен банк шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
    5. Сатушы тауар саны туралы шартты бұзған кездегі іс-қимыл тәртібі
      1. Тапсырыс бойынша тауарды алған кезде Клиент тапсырыстағы тауарлардың санын тексеруге міндетті. Егер клиент тауарды алған кезде тапсырыста шот-фактурада немесе тауар чегінде көрсетілген саны мен тауардың нақты саны бойынша алшақтық табылса, клиент актіде (актінің бланкісі тапсырысқа қоса беріледі) барлық сәйкессіздіктерді және ақша қаражатын қайтару туралы актіде көрсетуге міндетті.
      2. Тауар үшін нақты төленген ақша қаражатының сомасы мен алынған тауардың нақты құны арасындағы айырманы қайтаруды сатушы көрсетілген сәйкессіздіктерді сипаттай отырып, актіні алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      3. Ақша қаражаты 7.7.1-тармақта көрсетілген тәсілмен қайтарылады.
      4. Клиент актіні жасау бөлігінде 7.8.1-тармақты бұзған жағдайда сатушы клиентке берілген тауардың санына қатысты наразылық талаптарды қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
      5. Сапа бойынша талап қою тәртібі туралы толық ақпарат, сондай-ақ қайтаруды рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы сайтта ұсынылған.
    6. Сатушы Интернет-дүкенде тапсырыс берілген тауарларды тиісінше пайдаланбау салдарынан клиентке келтірілген залал үшін жауапкершілікте болмайды.
    7. Сатушы өзінің клиентпен арадағы қатынастарынан туындайтын өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға қандай да бір өзге тәсілмен беруге құқылы.
    8. Клиент тапсырыс берілген тауарды одан әрі қайта сату үшін және өзге де кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланбауға міндеттенеді.
  8. Интернет-дүкендегі құпиялылық және дербес деректерді қорғау
    1. Клиенттерге ақпарат беру:
    2. Тапсырысты рәсімдеу кезінде клиент келесі ақпаратты ұсынады: тегі, аты, әкесінің аты, жеткізу мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы және байланыс телефоны (бұдан әрі - «Жеткізуге арналған ақпарат»).
    3. Клиент ұсынған және сатушы алатын ақпаратты пайдалану. Сатушы ақпаратты мынадай мақсаттарда пайдаланады:
      • Клиент алдындағы өз міндеттемелерін орындау үшін;
      • Интернет-дүкен жұмысын бағалау және талдау үшін;
      • Сатушы өткізетін науқандарда жеңімпазды анықтау үшін.
      Тауарды клиентке жеткізуді жүзеге асыру үшін сатушы оны жеткізу үшін жеткізу қызметіне ақпаратты береді.
    4. Сатушы алған ақпаратты жария ету және оны үшінші тұлғаларға берy:
    5. Сатушы клиенттен алынған ақпаратты жарияламауға міндеттенеді. Клиент сатушыға осы бөлімде ескерілген клиент алдындағы міндеттемелерді орындау үшін сатушымен арада жасалған шарт негізінде әрекет ететін агенттер мен үшінші тұлғаларға сатушының ақпарат беруіне келісім береді.
    6. Клиент сатушыға ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес үшінші тұлғаларға ақпарат беруге келісім береді. Дербес деректерді беру және қорғау туралы толығырақ құпиялылық саясатында сипатталған, оны клиент «Төлемге өту» сілтемесі бойынша өту арқылы растайды.
    7. Сатушы клиенттің IP-адресі туралы ақпаратты алады. Бұл ақпарат клиенттің жеке тұлғасын анықтау үшін пайдаланылмайды.