• Kazakh

    KZ

    Русский

    RU

    kz
  • Астана
  • Көмек
Сізде сақталған өнімдер жоқ сияқты.
ТАңдалған тауарлар жоғалып кетпеуі үшін авторизациялануға кеңес береміз.

Төлем әдісі

Сіз банк картасы (Visa, MasterCard) арқылы немесе сайтта қолжетімді кез келген басқа да төлем әдістері арқылы жедел төлем жасай аласыз.

Сайттағы барлық төлемдер ePay пластик карталарымен («Казкоммерцбанк») онлайн-төлемдерді авторизациялау және өңдеу орталығы арқылы жүзеге асады.

БАНК КАРТАСЫ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ (VISA, MASTERCARD)

Сіз Visa, Visa Electron, MasterCard, MasterCard Electronic, Maestro, Dinners Club және American Express банк карталары арқылы төлей аласыз.

Ол үшін интернет-дүкеннен тапсырыс берерде банк картасы арқылы төлем әдісін таңдау жеткілікті. Тапсырыс расталған соң банк картаңыз жайлы деректерді енгізу үшін ePay қорғалған төлем сайтына бағытталасыз Төлем сәтті орындалса, өзіңіз көрсеткен электронды поштаға электронды чек жіберіледі. Чекте көрсетілген ақпаратта төлем транзакциясы туралы барлық мәліметтер болады.

ePay сервис-провайдері халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес банк картаңыздың деректерін қорғауға кепілдік береді. Карта мәліметтері қауіпсіз төлем бетіне енгізіледі және Secure Socket Layer (SSL) шифрлау технологиясы арқылы ePay процессингтік орталығына жіберіледі. Ақпаратты одан әрі беру ең жоғары сенімділік деңгейі бар жабық банктік желілер арқылы жүзеге асырылады. EPay сіздің картаңыздың деректерін интернет-дүкенге және басқа үшінші тараптарға бермейді.

MASTERCARD SECURECODE / VERIFIED BY VISA

MasterCard SecureCode және Verified by Visa арқылы онлайн сауда жасау бұрынғыдан да қауіпсіз. Егер банкіңіз әлгі протоколдарды ұстанса, төлем барысында сізді банкпен байланыстыратын қосымша терезе ашылады. Өзіңізді картаның заңды иегері екеніңізді көрсету үшін жеке құпиясөзіңізді енгізіңіз (ол сізге және банкіңізге ғана мәлім).

Банкіңіздің бұл технологияларды қолдайтындығын анықтау үшін банк кеңесшісіне хабарласыңыз.

КАРТАМЕН ТӨЛЕМ ЖАСАУ ҚАНША УАҚЫТ АЛАДЫ?

Әдетте, ақшалай қаражат сіздің шотыңыздан бізге тапсырысты рәсімдеген соң бірден немесе бірнеше сағаттан соң түседі.

КАРТАНЫ РАСТАУ НӨМІРІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Картаны растау нөмірі – картаның артындағы қолтаңба алаңының жанында орналасқан үш таңбалы сан.