«Сибирское здоровье Астана» ЖШС (бұдан әрі – «Компания», «біз») ақпаратты жинау, оны пайдалану және тарату әдістерімен сізді таныстыру үшін осы құпиялылық туралы ережені әзірледі.
Егер осы құжатта басқаша көрсетілмесе, осы құпиялылық туралы ережені компанияның басқа ақпарат көздері арқылы, атап айтқанда желілік ресурстар арқылы емес жолмен жинайтын ақпаратына қолданылмайды.
Егер сіз компанияға Бизнес-серіктес болу үшін жүгінсеңіз немесе Бизнес-серіктес болсаңыз, осы құпиялылық туралы ереженің жалпы талап шарттарына қосымша, сізге қатысты қолданылатын құпиялылықты сақтауға қатысты қосымша талаптар туралы маңызды мәліметтерді қамтитын "Компанияның әріптестік стандарттары" бөлімін зерделеу қажет.
Бизнес-серіктес немесе Артықшылықты клиент ретінде kz.siberianhealth.com Сайтында авторландыру немесе тіркелу рәсімінен өту барысында сіз "Сибирское здоровье Астана" ЖШС дербес деректер операторы тарапынан сіздің Дербес деректеріңізді жинауға, жазуға, жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға, нақтылауға (жаңарту, өзгерту), шығарып алуға, пайдалануға, үшінші тұлғаларға беруге (тарату, ұсыну, қол жеткізу), иесіздендіруге, бұғаттауға, кетіруге, жоюға келісіміңізді бересіз.
«Дербес деректер» – сізді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат. Дербес деректерге, атап айтқанда:
1) тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты, сіздің пошталық мекенжайыңыз, сіздің жеке басыңызды куәландыратын негізгі құжаттың нөмірі, көрсетілген құжаттың берілген күні және оны берген орган туралы мәліметтер;
2) сіздің өкіліңіздің тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, оның жеке басын куәландыратын негізгі құжаттың нөмірі, көрсетілген құжаттың берілген күні және оны берген орган туралы мәліметтер, сенімхаттың немесе осы өкілдің өкілеттігін растайтын өзге құжаттың деректемелері (сіздің келісіміңізді алған кезде) жатады;
Бұдан басқа, дербес деректерді өңдеу мақсатын жүзеге асыру үшін компания қосымша деректерді сұратуы мүмкін, атап айтқанда: ұялы немесе өзге телефон нөмірі, электрондық пошта адресі, туған күні, жынысы туралы деректер.
Егер сіз компанияға Бизнес-серіктес болу үшін жүгінсеңіз немесе Бизнес-серіктес болсаңыз, осы құпиялылық туралы ереженің жалпы талап шарттарына қосымша, сізге қатысты қолданылатын құпиялылықты сақтауға қатысты қосымша талаптар туралы маңызды мәліметтерді қамтитын "Компанияның әріптестік стандарттары" бөлімін зерделеу қажет.
Бизнес-серіктес немесе Артықшылықты клиент ретінде kz.siberianhealth.com Сайтында авторландыру немесе тіркелу рәсімінен өткеніңізде сіз "Сибирское здоровье Астана" ЖШС Дербес деректер операторы тарапынан сіздің Дербес деректеріңізді жинауға, жазуға, жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға, нақтылауға (жаңарту, өзгерту), шығарып алуға, пайдалануға, үшінші тұлғаларға беруге (тарату, ұсыну, қол жеткізу), иесіздендіруге, бұғаттауға, кетіруге, жоюға келісіміңізді бересіз.
Біз сіздің дербес деректеріңізді мынадай мақсаттар үшін пайдаланамыз:
Біз сіздің жеке басылық ақпаратыңызды келесі тұлғаларға және мынадай жағдайларда жария ете аламыз:
Жеке басына қатысы жоқ ақпарат алу
Жеке басына қатысты емес ақпаратқа сізді сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін кез келген ақпарат жатады, атап айтқанда:
Компания және бөгде қызмет көрсетушілер әр түрлі жеке басқа қатысы жоқ ақпаратты алуына болады
Жиынтық деректер
Біз дербес деректерді біріктірілген ақпарат арқылы сізді немесе кез келген басқа тұлғаны сәйкестендіруге болмайтындай етіп біріктіре аламыз, мысалы, жеке басылық ақпарат белгілі бір өңірдегі біздің клиенттеріміздің пайыздық санын есептеп шығару үшін пайдаланылған жағдайда. Кейбір жағдайларда біз жеке басылық және жеке басына қатысты емес ақпаратты біріктіре аламыз (мысалы, сіздің атыңыз бен географиялық орналасуыңыз туралы мәліметтер). Жеке басылық және жеке басына қатысты емес деректерді біріктіретін ақпаратқа жеке басылық ақпаратты пайдалану қағидалары қолданылатын болады.
Жеке басына қатысы жоқ ақпаратты пайдалану және ашу
Жеке басына қатысы жоқ ақпараттың көмегімен сізді сәйкестендіруге болмайтындықтан, біз оны кез келген мақсаттар үшін алуымызға, пайдалануымызға және ашуымызға болады.
Cookies
Компания және бөгде қызмет көрсетушілер Сайтта cookies-ті пайдалануы мүмкін. cookies-ті пайдаланудан бас тартуыңызға болады. Cookies веб-серверге деректерді сақтау және басқа мақсаттар үшін оларды компьютерге жіберуге мүмкіндік береді. Біз cookies және басқа да технологияларды пайдалана отырып, атап айтқанда, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, неғұрлым толық ақпарат беру, сіз үшін Сайтты үнемі пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуін қадағалаймыз. Біздің қызмет көрсетушілерге біздің Сайтта cookies пайдалануға рұқсат етілген. Егер сіз cookies арқылы алынған ақпаратты қажетсінбесеңіз, cookies пайдаланудан бас тартуыңызға болады – бұл барлық браузерлерде ескерілген стандартты функция болып табылады. Сіз соокіеѕ туралы толық ақпаратты компаниямен байланысты емес келесі сайтта алуыңызға болады.
Пиксель-тегтер және басқа технологиялар
Түссіз GIF-файлдар – бұл бірегей атауы бар, функциясы бойынша cookies-ті еске түсіретін шағын кескіндер. Алайда, сіздің компьютеріңіздің қатқыл дискісінде сақталатын cookies файлдарға қарағанда, түссіз GIF файлдары жасырын құралдар болып табылады және веб-сайттардың парақшаларына кірістіріледі. Бұдан бөлек біз сайтта түссіз GIF-файлдарды (сондай-ақ веб-маяктар, қадағалаушы багтар мен пиксель-тегтер атауымен белгілі) сайтқа кірушілердің іс-әрекеттерін қадағалау, сайтты пайдалану және іске қосылу жылдамдығы туралы статистиканы құру үшін пайдалана аламыз. Компания және сондай-ақ бөгде қызмет көрсетушілер жауап қату жиілігін бақылау, маркетингтік науқандардың сәттілігін анықтау және біздің хаттарымыздың қашан қаралатынын және жіберілетінін білу үшін HTML форматындағы электрондық хабарламаларда түссіз GIF файлдарды пайдалана алады.
Сайттың аналитикасы
Компания сайттың аналитикасын жүзеге асыру, кіретін пайдаланушылардың сайтты пайдалану принциптерін түсіну және қадағалау үшін осы бөлімде сипатталған технологияларды пайдаланатын бөгде қызмет көрсетушілермен жұмыс істей алады. Мысалы, веб-аналитика қызметтерін көрсететін Google компаниясы сайттың жұмыс істеуін және пайдаланушылармен өзара әрекеттестігін жетілдіруге көмектеседі. Сізге Google құпиялылық бөлімінде неғұрлым толық ақпарат алуыңызға және Google өз шешімдері үшін қолданатын құпиялылық туралы саясатпен, сондай-ақ оны пайдаланудан бас тарту тәсілдері туралы танысуыңызға болады.
Виджеттер, қосымшалар және басқа құралдар
Егер сіз біз ұсынатын технологияларды (виджеттер сияқты) пайдалануды шешсеңіз, онда осындай технологиялар арқылы алынған кез келген жеке басылық немесе жеке басына қатысты емес ақпарат, мысалға әлеуметтік желілер, басқа сайттар мен тиісті құралыңызды белсендіруіңізге болатын платформалар арқылы жария болуы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір технологиялар басқа платформаларға (мысалы, сіздің досыңыз немесе клиент өз блогында сіздің ақпаратыңызды қамтитын виджетті орналастыруы мүмкін) "вирустық" таралу сипатына ие болуы мүмкін. Компания жалпыға қолжетімді жеке басылық ақпаратты және (немесе) басқа ақпаратты алу, пайдалану немесе тарату үшін жауапты болмайды.
Келесі cookie файлы біздің Сайттың жұмыс істеуі үшін қажет.
Cookie файлының атауы | Қолданылуы |
Cart-content | Бұл cookie файлында сайтқа кіретін пайдаланушының сатып алу себеті туралы мәліметтер сақталады. |
Келесі cookie файлдары біздің веб-сайтымыздың жұмыс істеуі үшін қажетті болып табылмайды және негізінен қызмет көрсету, қолдау көрсету және жетілдіру үшін пайдаланылады. Сіздің келісіміңізсіз біз осы cookie файлдарының ешқайсысын құрылғыңызға орналастырмаймыз.
Cookie файлының атауы | Қолданылуы |
Language | Бұл cookie файлында пайдаланушы үшін әдепкілік қолданылатын тіл туралы мәлімет сақталады. |
POLL_LV_ID_* | Бұл cookie файлы пайдаланушының сауалнамаға қатысқандығының белгісі болып табылады. |
QUESTIONNAIRE_LV_ID* | Бұл cookie файлы пайдаланушының сауалнаманы толтырғаны туралы белгі болып табылады. |
sibvaleo_language_code | Бұл cookie файлында пайдаланушының қалаған елі туралы мәліметтер сақталады. |
preview_permission_profile* | Бұл cookie файлында әдепкілік қолданылатын пайдаланушы профилінің параметрлері туралы мәліметтер сақталады. |
IP-адресті анықтау тәсілдері
Компьютеріңіздің IP-адресі – бұл компьютеріңізге интернет-провайдер (ISP) тарапынан автоматты түрде берілетін нөмір.
IP-адрес пайдаланушы Сайтқа кіргенде сервер журналында автоматты түрде анықталуы және тіркелуі мүмкін; сонымен қатар, кірген уақыты мен қаралған парақшалар тіркеледі. IP-адресті анықтау – көптеген веб-сайттарда автоматты түрде жүзеге асырылатын стандартты практика.
IP-адрестерді пайдалану және жария ету қағидалары
Біз IP-адрестерді, сервер журналын және оларға қатысты деректерді, қолданыстағы заңнамада ерекше ескерілген басқа барлық жағдайларда, жеке басына қатысы жоқ ақпарат деп есептейтінімізге назар аударыңыз.
Біздің сайттың арнайы функциялары сізге бізбен және басқа пайдаланушылармен өзара әрекет жасауға мүмкіндік береді. Қарым-қатынас жасау блогтар, форумдар, жеке хабарламалар, чаттар және арнайы құрылған қауымдастықтар арқылы жүзеге асырылады. Сіз осындай байланыс құралдарын пайдаланғанда, сіздің атыңызды, орналасқан жеріңізді және электрондық пошта адресіңізді қоса алғанда, сіз ұсынатын ақпарат басқа пайдаланушыларға қолжетімді болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Біз интерактивті байланыс құралдары арқылы жарияланатын ақпаратқа жауап бермейміз және маңызы бар жеке басылық ақпаратты (мысалы, сіздің денсаулығыңыз немесе банк картасы туралы мәліметтер) хабарламауға кеңес береміз. Егер сіз көрсетілген байланыс құралдарын пайдалансаңыз, онда сіздің жеке басылық ақпаратыңыз сіз Сайттан шыққаннан кейін де сонда қалуы мүмкін.
Біздің бақылауымыздағы Жеке басылық ақпаратты қорғау үшін біз ақылға қонымды барлық ұйымдастырушылық, техникалық және әкімшілік шараларды қабылдаймыз. Өкінішке орай, деректерді Интернет арқылы жіберу және оларды жүйеде сақтау кезінде толық қауіпсіздікке кепілдік беру мүмкін емес. Егер біздің арадағы өзара әрекеттестік бұдан әрі қауіпсіз емес деп санауға негізіңіз болса (мысалы, біздің жүйеде сіздің аккаунтыңыздың қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр деп күдіктенсеңіз), "Байланыс деректері" бөлімінде көрсетілген мекенжай бойынша туындаған мәселе жайында бізге дереу хабарлауыңызды сұраймыз.
Егер сіз Компанияның маркетингтік ұсыныстары және (немесе) жарнамалық науқандары туралы ақпаратты алудан бас тартқыңыз келсе, бізге "Байланыс деректері" бөлімінде көрсетілген мекенжайға хабарлама жіберіңіз. Біз сіздің кез келген сұрау салуларыңызға жедел ден қоюға тырысамыз.
Сіз интернет-дүкеннің жеке кабинетінде немесе компанияның жабық сайтының BackOffice бөлімінде дербес және өзге де деректерді өңдей аласыз.
Сіздің дербес деректеріңізді жою компаниямен арадағы әріптестікті бір уақытта тоқтатумен орын алады, өйткені компания пайдаланушылық келісім, серіктестік стандарттары және қашықтықтан сату талап шарттары бойынша міндеттемелерді орындай алмайды. Егер сіз осыған қарамастан компаниямен ынтымақтастықтан бас тартқыңыз келсе – Бизнес-Серіктестің немесе Артықшылықты клиенттің Тіркеу нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, «Байланыс деректері» бетінде көрсетілген мекенжайға еркін нысанда тиісті хабарлама жібере аласыз. Сіздің өтініміңіз 5 (бес) жұмыс күні ішінде өңделеді, содан кейін біз сіздің дербес деректеріңізді жоямыз (федералдық заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда).
Біз сіздің жеке басылық ақпаратыңызды, егер заң бойынша ақпаратты сақтаудың анағұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, осы құпиялылықты сақтау туралы ережеде көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін қажетті кезең ішінде сақтаймыз.
Осы сайт 16 (Он алты) жасқа толмаған тұлғалардың пайдалануына арналмаған және біз мұндай тұлғалардан сайт арқылы өзінің жеке ақпаратын бермеуге шақырамыз.
Біз осы құпиялылық туралы ережеге мерзімді өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз. Құпиялылық туралы ереженің соңғы редакциясының күнін беттің жоғарғы жағындағы "соңғы өзгерістер «_»__ » жолына қарап білуге болады. Құпиялылық туралы ережеге өзгерістер сайтта ереженің жаңа нұсқасы жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Мұндай өзгерістер енгізілгеннен кейін Компаниямен өзара әрекеттестік жасағанда, сіз құпиялылық туралы ереженің жаңа нұсқасын қабылдайсыз.