• kz Қазақша
  • ҚазақстанАстана
  • Көмек
Транс-ресвератрол
new

Транс-ресвератрол, 30 капсула

Expert Line

Биожетімділігі жоғары премиум санаттағы Veri-te™ транс-ресвератрол антиоксиданты «ұзақ өмір сүру гендерін» (сиртуиндерді) белсендіреді, жасушаларды тотығу күйзелісінен қорғайды, жүректің, мидың және сүйек тінінің саулығын қолдайды.

Артикул: 501773
Количество в упаковке: 30 капсула
Қалды: 46 дана
10 600 ₸
35 б
  • Өзі алып кету: пунктерде
Тазалығы >98% премиум санаттағы Veri-te™ шикізаты
Veri-te™ органикалық еріткіштер қолданылмайтын патенттелген швейцариялық ферментация технологиясы бойынша өндіріледі. Бұл ресвератрол транс-изомерінің 98%-дан жоғары тұрақты концентрациясын қамтамасыз етеді, улы қоспалардың болуына жол бермейді және жоғары биожетімділікке кепілдік береді.
Жасушалық деңгейдегі қартаюды баяулатамыз
Veri-te™ транс-ресвератролы ДНҚ-ның қалпына келуі мен аутофагияны реттейтін SIRT1 сиртуин ферментін белсендіреді, супероксид-анион мен гидроксил радикалдарын бейтараптандырады. Клиникалық тұрғыда расталған: курстық қабылдау MMP-1 деңгейін төмендету есебінен терінің серпімділігін жақсартады, сөздік жады мен зейін қою көрсеткіштерін арттырады және тамыр қабырғасының қаттылығын төмендетеді.
Тотығу күйзелісіне мүмкіндік бермейміз
Тұрақты транс-формадағы қуатты табиғи антиоксидант тотыққан төмен тығыздықты липопротеиндер мен глюкоза деңгейін төмендетеді, TNF-α және IL-6 қабынуға қарсы цитокиндерінің түзілуін тежейді.
Әр капсуладағы қуат пен жастық
Ресвератрол PGC-1α белсендіру арқылы митохондриялардың биогенезін ынталандырып, аэробты энергия алмасудың тиімділігін арттырады. Зат алмасуды жақсартады, ой ұшқырлығы мен жадты қолдайды, қан тамырларын нығайтады және күйзеліспен күресуге көмектеседі.
Жасушаларыңызға жастықты қайтарыңыз!
Жад нашарлауы, күш-қуаттың төмендеуі және тері күйінің нашарлауы – тотығу стрессінен туындаған жасушалық қартаюдың белгілері. Veri-te™ ресвератролы – жай ғана антиоксидант емес, жасушалардың ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ететін клиникалық тұрғыда зерттелген активатор. Транс-изомерінің тазалығы >98% болғандықтан, ол барынша тиімді әсер етеді: • «Ұзақ өмір сүру ақуыздарын» белсендіреді – ДНҚ-ны қалпына келтіру және аутофагия тетіктерін іске қосып, жасушалардың энергетикалық гомеостазын реттейді. • Тотығу стрессін бейтараптандырады – ДНҚ-ны, мембраналар мен митохондрияларды бос радикалдардың зақымдауынан қорғайды. • Когнитивтік функцияларды қолдайды – eNOS экспрессиясын күшейту есебінен мидағы қан айналымын жақсартып, жад пен зейінді сақтауға ықпал етеді. • Жүрек-қантамыр жүйесін нығайтады – қан тамырларын кеңейту үшін азот тотығының түзілуін ынталандырып, тотыққан ТТЛП деңгейін төмендетеді¹. • Сүйек тінін қорғайды – сүйектің минералдық тығыздығын арттырып, сыну қаупін төмендетеді. Бұл 24 айлық клиникалық зерттеуде расталған².
Ұзақ өмір сүру гендерін белсендіру
Тотығу күйзелісінен қорғайтын қалқан
>98% тазалығының арқасында Veri-te™ транс-ресвератролы бос радикалдарды барынша белсенді бейтараптандырып, жасушаларды, олардың ДНҚ-сын және энергетикалық стансаларын (митохондрияларды) зақымданудан қорғайды. Тотығу күйзелісін кешенді түрде төмендетіп, қабыну үдерістерін тежейді және тіндердің жастығын сақтайды³.
Қуат пен жастық көзі
Veri-te™ энергия теңгерімінің негізгі реттеушісі – протеинкиназаны белсендіріп, «дұрыс» қуаттың артуын сезінуге көмектеседі. Ұзақ өмір сүру факторлары ретінде белгілі сиртуин ақуыздарын ынталандырып, жасушалардың жаңаруын қолдайды.
Жаңа деңгейдегі кардиоқорғаныс
Қан тамырларын бірқалыпты кеңейту үшін азот тотығының (NO) түзілуіне ықпал етеді, қан айналымын жақсартып, тромб түзілу қаупін төмендетеді. Холестерин мен артериялық қысымның қалыпты деңгейін қолдап, жүрек пен қан тамырларын сенімді қорғайды.
Мидың жастығы және ой анықтығы
Мидағы қан айналымы мен жүйке жасушаларының қоректенуін жақсартады, жад орталығында (гиппокампта) жаңа нейрондардың түзілуін қолдайды. Зейінді, ойлау ұшқырлығын сақтауға және мидағы жасқа байланысты өзгерістерді баяулатуға көмектеседі.
Метаболизмді жеделдеткіш: салмақ пен қантты бақылау
Инсулинге сезімталдықты арттырады, глюкозаның майға айналуына жол бермейді және май қорларының ыдырауын жеделдетеді. Бауырды май жиналуынан қорғайды, липидтік профильді қалыпқа келтіреді және қалыпты салмақты сақтауға көмектеседі⁴.
Әйелдер денсаулығын қолдау
Құрылымы жағынан эстрадиолға (әйел гормонына) ұқсас болғандықтан, гормондық рецепторларға жұмсақ әсер етіп, менопауза белгілерін: ыстық басуды, ұйқының бұзылуын және көңіл күйдің құбылуын жеңілдетеді. Гормондық тепе-теңдікті табиғи жолмен қолдайды.
Күш пен беріктік формуласы
Бұлшықет ақуызының ыдырауына жол бермей, бұлшықет массасын сақтайды және сүйек тінінің қалыптасуын ынталандырады. Кез келген жаста тірек-қимыл аппараты мен дене белсенділігін қолдауға көмектеседі.
Микробиом тепе-теңдігі
Ішектегі пайдалы бактериялар үшін қоректік орта қызметін атқарады, ішек тосқауылының тұтастығын қолдайды, токсиндердің қанға енуін және жүйелі қабынуды азайтады.
Тыныштық пен ой анықтығы
Нейротрансмиттерлер деңгейін реттеп, мазасыздықты азайтуға және эмоциялық жағдайды жақсартуға көмектеседі. Эмоциялар мен күйзеліске төзімділікке жауап беретін ми бөлігінің (гиппокамптың) саулығын қолдайды.
Кімдерге арналған?

• Ағзасының бұрынғыдай тың емес екенін сезінетіндерге.
• Жұмыс кестесі тығыз және ақыл-ой жүктемесі жоғары адамдарға.
• Кез келген жаста жігерлі болып, ойының анықтығын сақтағысы келетіндерге.
• Жады мен зейін қою қабілетінің төмендегенін байқайтындарға.
• Күйзеліске ұшырайтын және жүйке жүйесін қорғағысы келетін барлық адамдарға.
• Тек тексерілген, таза және клиникалық тұрғыда зерттелген премиум санаттағы шикізатты таңдайтындарға.

1 Bonnefont-Rousselot D. Resveratrol and Cardiovascular Diseases. Nutrients. 2016 May 2;8(5):250. doi: 10.3390/nu8050250. PMID: 27144581; PMCID: PMC4882663.
«Ресвератрол және жүрек-қан тамырлары аурулары». Nutrients журналында 2016 жылғы 2 мамырда жарияланған, 8-том, 5-шығарылым, 250-мақала. DOI: 10.3390/nu8050250. PMID идентификаторы: 27144581, PMCID: PMC4882663.
2 Wong RH, Thaung Zaw JJ, Xian CJ, Howe PR. Regular Supplementation With Resveratrol Improves Bone Mineral Density in Postmenopausal Women: A Randomized, Placebo-Controlled Trial. J Bone Miner Res. 2020 Nov;35(11):2121-2131. doi: 10.1002/jbmr.4115. Epub 2020 Jul 14. PMID: 32564438; PMCID: PMC7689937.
«Ресвератрол қосылған қоспаларды тұрақты қабылдау менопаузадан кейінгі әйелдерде сүйек минералды тығыздығын жақсартады: рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеу». Journal of Bone and Mineral Research журналында 2020 жылдың қарашасында жарияланған, 35-том, 11-шығарылым, 2121–2131 беттер. DOI: 10.1002/jbmr.4115. Электрондық нұсқасы 2020 жылғы 14 шілдеде шығарылған. PMID идентификаторы: 32564438, PMCID: PMC7689937.
3 Zhou DD, Luo M, Huang SY, Saimaiti A, Shang A, Gan RY, Li HB. Effects and Mechanisms of Resveratrol on Aging and Age-Related Diseases. Oxid Med Cell Longev. 2021 Jul 11;2021:9932218. doi: 10.1155/2021/9932218. PMID: 34336123; PMCID: PMC8289612.
«Ресвератролдың қартаюға және жасқа байланысты ауруларға әсерлері мен әсер ету механизмдері». Oxidative Medicine and Cellular Longevity журналында 2021 жылғы 11 шілдеде жарияланған, 2021-том, 9932218-мақала. DOI: 10.1155/2021/9932218. PMID идентификаторы: 34336123, PMCID: PMC8289612.
4 Springer M, Moco S. Resveratrol and Its Human Metabolites-Effects on Metabolic Health and Obesity. Nutrients. 2019 Jan 11;11(1):143. doi: 10.3390/nu11010143. PMID: 30641865; PMCID: PMC6357128.
«Ресвератрол және оның адамдағы метаболиттері – метаболикалық денсаулыққа және семіздікке әсері». Nutrients журналында 2019 жылғы 11 қаңтарда жарияланған, 11-том, 1-шығарылым, 143-мақала. DOI: 10.3390/nu11010143. PMID идентификаторы: 30641865, PMCID: PMC6357128.

Әр капсулада:
100 мг
транс-ресвератрол
Ағзаны кешенді антиоксиданттық қолдау және «жастық гендерін» белсендіру үшін.
Құрамы

Тасымалдағыш – микрокристалды целлюлоза, Veri-te® транс-ресвератролы (Швейцария), мальтодекстрин, капсула қабығы (сиыр желатині), жентектелуге қарсы агент – стеарин қышқылының магний тұзы (магний стеараты).

Құрамында глютен бар дақылдар, жержаңғақ, жаңғақ, жұмыртқа, соя, қыша, күнжіт, балдыркөк, сүт, балық, шаянтәріздестер, моллюскалар және олардың қайта өңделген өнімдерінің іздері болуы мүмкін.

1 капсула құрамында:

Белсенді компоненттер Салмағы, мг ТБД-дан* %
Ресвератрол 100 333**

* ТБД – БСЭГТ тұтынудың барабар деңгейі.
** БСЭГТ бойынша тұтынудың рұқсат етілген жоғары деңгейінен аспайды.

Қолданылуы
Ересектерге күніне 1 капсуладан тамақтану уақытында қабылдау керек.
Қабылдау ұзақтығы – 1 ай. Қажет болған жағдайда қабылдауды қайталауға болады.
Пікірлері
Бұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
quality-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

gmp-iconhaccp-iconfda-iconiso-icon