• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Тіс пастасы. Қалпына келтіру және жаңарту
hit
Өндірістен алынды
Қолда жоқ

Сібірлік итмұрын - Тіс пастасы. Қалпына келтіру және жаңарту, 100 мл

Сібірлік итмұрын сығындысы, төрт емдік сібір өсімдіктері мен қызыл балшық негізіндегі авторлық рецептура ауыз қуысы тіндерінің қалпына келуіне және жазылуына ықпал етеді, қызыл иектің қан айналымын жақсартады, тіс эмалін нығайтады және тісжегінің пайда болу қаупін төмендетеді.

Артикул: 411377
Объем: 100 мл
Өкінішке орай, бұл өнім өндірістен алынды.
Өнім туралы

Сібір итмұрын сығындысы, төрт дәрілік сібір өсімдіктері мен қызыл саздың ерекше үйлесімі негізінде жасалған тіс пастасының авторлық рецептурасы ауыз қуысы тіндерінің қалпына келуіне және жазылуына ықпал етеді, қызыл иектің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, қабынуға қарсы әсер етеді, пародонтоз дамуын болдырмайды, тіс эмалін нығайтады және тісжегінің пайда болуы қаупін азайтады. Пастаны үнемі пайдалану пародонтоздың және тісжегінің алдын-алуды тиімді түрде қамтамасыз етеді. 

Тіс пен қызыл иекті қорғаудың үш қағидасы: 

  • Эмальді нығайту 
    С дәруменінің бай көзі – сібірлік итмұрын сығындысы – қанның ұйығыштығын және қантамырлардың өткізгіштігін реттейді, жалпы нығайтқыш әсер көрсетеді және иммунитетті арттырады.  Қызыл саз – тез сіңірілетін бағалы минералдардың, оның ішінде адам үшін алмастырылмайтын микроэлемент –темірдің табиғи көзі болып табылады. Қызыл иектердің қан айналымын жақсартады, ауыз қуысы тіндерінің қалпына келуіне ықпал етеді, тіс эмалін тиімді нығайтады. 
  • Сібірдің бүлінбеген табиғатынан жасалған табиғи қорғаныс 
    Дәрілік сібір өсімдіктерінің (арша, шырғанақ, сәлбен, түймедақ) сығындылары қабынудың және пародонтоздың дамуына жол бермейді, тісжегі бактериялардың белсенділігін тежейді. 
  • Қауіпсіздік және экологиялылық 
    Тіс пастасының құрамында натрий лаурилсульфаты, қатты қажақты заттар, синтетикалық хош иістендіргіштер мен бояғыштар жоқ.

GMP cosmetics және ISO 9001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес шығарылған. 

Қолданылуы

Тістерді және олармен тығыз байланыстағы қызыл еттерді күніне кем дегенде екі рет тазалау.


Құрамы

Белсенді ингредиенттер: сібір итмұрыны сіріндісі мен майы, қызыл саз, сібір аршасы мен сәлбенінің сығындылары, түймедақ сығындысы, шырғанақ сығындысы және майы.

Құрамы: су, кремний диоксиді, сорбитол, глицерин, карбоксиметилцеллюлоза, натрий лауроилсаркозинаты, феноксиэтанол, трикалий цитраты, титан диоксиді, натрий сахаринаты, ксантан шайыры, ментол, итмұрын майы, шырғанақ майы, этилгексилглицерин, қызыл саз (каолин) итмұрын сығындысы, сәлбен сығындысы, арша сығындысы, шырғанақ сығындысы, түймедақ сығындысы. 

(INCI): aqua (water), hydrated silica, sorbitol, glycerin, cellulose gum, sodium lauroyl sarcosinate, phenoxyethanol, tripotassium citrate, titanium dioxide, sodium saccharin, xanthan gum, menthol, rosa canina (rose hip) fruit oil, hippophae rhamnoides (sea-buckthorn) fruit oil, ethylhexylglycerin, kaolin, rosa canina (rose hip) fruit extract, salvia officinalis (sage) leaf extract, juniperus communis (juniper) fruit extract, hippophae rhamnoides (sea-buckthorn) fruit extract, chamomilla recutita (matricaria) extract.

Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon