• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Органикалық кальций
Қолда жоқ

Eco Collection - Органикалық кальций, 120 таблетка

Eco Collection
Пікірлер жоқ
Эко қаптамадағы органикалық кальций көзі
Артикул: 501084
Количество в упаковке: 120 таблетка
7 800 〒
30 б
Тауар қолжетімді болған кезде сізге хабарлай аламыз
Электрондық поштаңызды енгізіңіз
Мен siberianwellness.com сайтынан хаттар алуға келісемін
Өнім туралы

Кез-келген жаста мықты сүйек! Ағзаға барынша сіңу үшін бірнеше түрдегі кальций (оның ішінде бисглицинат түрінде хелатталған) тірек-қимыл аппаратының нығаюына көмектеседі. D₃ дәрумені, мырыш және соя изофлавондары кальцийдің сүйекке сіңуін қамтамасыз етеді, жастың ұлғаюына байланысты оның азаюын болдырмайды. B₆, С и К₁, дәрумендері, сондай-ақ марганец пен қырықбуынның табиғи кремнийі сүйектің сенімді ақуыздық қаңқасын қалыптастырады. Капсулаларды қабылдауға дайын емес адамдар үшін жаңа таблетка түрінде!

Кальций – бұл сіздің сүйектеріңіздің беріктігі үшін маңызды элемент
Адам ағзасында кальцийдің 99%-дан астамы сүйек тінінде шоғырланған. Тірек-қимыл аппаратының басты құрылымдық құрауышы ретінде ол ағзаға жеткілікті мөлшерде түсуі тиіс – тәулігіне кем дегенде 1000 мг. Қажетті тәуліктік мөлшерлемесін тек тағам өнімдерінен алу қиын, өйткені оның әдеттегі бейорганикалық түрінің биологиялық қол жетімділігі төмен және ағзаға нашар сіңеді. Essential Minerals сериясындағы «Органикалық кальций» құрамындағы макроэлемент максималды биоқолжетімді және ағзаға оңтайлы сіңуі үшін бірнеше органикалық (соның ішінде кальций бисглицинаты түрінде хелатталған) түрде ұсынылады.

Кальций тек сүйектерді нығайту үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген ағза жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Ол қан тамырларының жағдайын қалыпқа келтіруге көмектеседі, қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына және босаңсуына жауап береді және ми қыртысының қозуы мен тежелуін реттеуге қатысады.

Кальций қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және антиоксиданттық қасиеттерімен ас қорыту ферменттерін белсендіруде және қан ұюын реттеуде маңызды рөл атқарады, ағзаның инфекциялар мен улы заттарға төзімділігін арттыруға көмектеседі.

Сондықтан осы макроэлементтің жетіспеушілігін толтыру және оның ағзадағы тепе-теңдігін сақтау өте маңызды.

Кешеннің құрамында:

  • СОЯ СЫҒЫНДЫСЫ
    Эстроген тәрізді әсері бар биофлавоноидтардың көзі. Соя изофлавондары антиоксиданттық әсер береді (токоферолға қарағанда күштірек). Сүйектердің желіну процестерін тежейтін остеогенді белсенділік көрсетеді және сүйектің минералды тығыздығының артуына ықпал етеді.
  • ҚЫРЫҚБУЫН СЫҒЫНДЫСЫ
    Зат алмасу мен қан айналымын жақсартады, дәнекер тіннің, шырышты қабықшалардың, қан тамырлары қабырғаларының қызметін қалыпқа келтіреді. Сүйек қаңқасын нығайтуға көмектесетін органикалық кремнийдің табиғи көзі болып табылады.


Сіз Eco Collection-мен бірге таңдайтын үш принцип

  • Экоықшамдылық: қаптамада артық ештеңе жоқ
    Тек үш экологиялық таза материал: шыны, алюминий және қағаз.
  • Экосаналылық: көбірек өнім – аз қаптама
    Бүкіл отбасы үшін және бүкіл қабылдау курсы үшін бір қаптама.
  • Эко қолжетімділігі: Сібірдің жүрегінен бір рет басу арқылы сатып алу
    Siberian Wellness Интернет-дүкенінде онлайн-тапсырыс беру және Ресейдің кез келген қаласына жеткізу.

Неліктен сізге Eco Collection таңдау керек?
Саналы тұтыну және тұрақты даму принциптерін ұстана отырып, Siberian Wellness Eco Collection әзірледі. Өнімнің үлкен көлемі оның көміртегі ізін азайтуға көмектеседі, ал толық қайта өңделетін қаптама полигондардағы қоқыс көлемін азайтуға және пайдаланылған материалдарды циклге қайтаруға көмектеседі.
Ғаламшарды жалғыз құтқару қиын, бірақ әркімнің жеке үлесі бізді оған жақындата алады. Экологиядағы жаһандық өзгерістер бір сатып алудан басталады. Экоөнімдерге артықшылық бере отырып, сіз таза ғаламшарға тағы бір қадам жасайсыз.

Қолданылуы

Ересектерге күніне 2-3 рет 1 таблеткадан тамақтану уақытында қабылдау керек. Қабылдау ұзақтығы – жылына 2-3 рет курспен 3 ай.

Құрамы

Кальций карбонаты, Н33792 қоспасы (аскорбин қышқылы, мырыш, B₆, К₁, D₃, дәрумендері, марганец, лактоза), кальций бисглицинаты, соя сығындысы, қырықбуын сығындысы, микрокристаллды целлюлоза (толықтырғыш), кальций стеараты (нығыздалуға қарсы). 
Шаянтәріздестер және олардың қайта өңделген өнімдерінің іздері болуы мүмкін.

3 таблетканың құрамында:

БЕЛСЕНДІ КОМПОНЕНТТЕР Массасы ТБД-дан %
Кальций (кальций карбонаты мен бисглицинатынан) 740 мг 74
D₃ дәрумені (холекальциферол) 11,82 мкг 118**
В₆ дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) 3,84 мг 190**
С дәрумені (аскорбин қышқылы) 116 мг 129**
K₁ дәрумені (филлохинон) 290 мкг 240**
Мырыш (мырыш сульфатынан) 15,6 мг 130**
Марганец (марганец сульфатынан) 2,6 мг 129**
Изофлавондар 59 мг 117**

* ТБД – ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың барабар деңгейі.
** ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың рұқсат етілген жоғары деңгейінен аспайды.

Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon