Кез-келген жаста мықты сүйек! Ағзаға барынша сіңу үшін бірнеше түрдегі кальций (оның ішінде бисглицинат түрінде хелатталған) тірек-қимыл аппаратының нығаюына көмектеседі. D₃ дәрумені, мырыш және соя изофлавондары кальцийдің сүйекке сіңуін қамтамасыз етеді, жастың ұлғаюына байланысты оның азаюын болдырмайды. B₆, С и К₁, дәрумендері, сондай-ақ марганец пен қырықбуынның табиғи кремнийі сүйектің сенімді ақуыздық қаңқасын қалыптастырады.
Капсулаларды қабылдауға дайын емес адамдар үшін жаңа таблетка түрінде!
Кальций – бұл сіздің сүйектеріңіздің беріктігі үшін маңызды элемент
Адам ағзасында кальцийдің 99%-дан астамы сүйек тінінде шоғырланған. Тірек-қимыл аппаратының басты құрылымдық құрауышы ретінде ол ағзаға жеткілікті мөлшерде түсуі тиіс – тәулігіне кем дегенде 1000 мг. Қажетті тәуліктік мөлшерлемесін тек тағам өнімдерінен алу қиын, өйткені оның әдеттегі бейорганикалық түрінің биологиялық қол жетімділігі төмен және ағзаға нашар сіңеді. Essential Minerals сериясындағы «Органикалық кальций» құрамындағы макроэлемент максималды биоқолжетімді және ағзаға оңтайлы сіңуі үшін бірнеше органикалық (соның ішінде кальций бисглицинаты түрінде хелатталған) түрде ұсынылады.
Кальций тек сүйектерді нығайту үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген ағза жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Ол қан тамырларының жағдайын қалыпқа келтіруге көмектеседі, қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына және босаңсуына жауап береді және ми қыртысының қозуы мен тежелуін реттеуге қатысады.
Кальций қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және антиоксиданттық қасиеттерімен ас қорыту ферменттерін белсендіруде және қан ұюын реттеуде маңызды рөл атқарады, ағзаның инфекциялар мен улы заттарға төзімділігін арттыруға көмектеседі.
Сондықтан осы макроэлементтің жетіспеушілігін толтыру және оның ағзадағы тепе-теңдігін сақтау өте маңызды.
Кешеннің құрамында:
Ересектерге күніне 2-3 рет 1 таблеткадан тамақтану уақытында қабылдау керек. Қабылдау ұзақтығы – жылына 2-3 рет курспен 3 ай.
Кальций карбонаты, Н33792 қоспасы (аскорбин қышқылы, мырыш, B₆, К₁, D₃, дәрумендері, марганец, лактоза), кальций бисглицинаты, соя сығындысы, қырықбуын сығындысы, микрокристаллды целлюлоза (толықтырғыш), кальций стеараты (нығыздалуға қарсы).
Шаянтәріздестер және олардың қайта өңделген өнімдерінің іздері болуы мүмкін.
3 таблетканың құрамында:
Белсенді компоненттер | Салмағы, мг | ТБД-дан* % |
Кальций | 740 мг | 74 |
D3 дәрумені (холекальциферол) | 11,82 мкг | 118** |
B6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) | 3,84 мг | 190** |
С дәрумені (аскорбин қышқылы) | 116 мг | 129** |
K1 дәрумені (филлохинон) | 290 мкг | 240** |
Мырыш | 15,6 мг | 130** |
Марганец | 2,6 мг | 129** |
Изофлавондар | 59 мг | 117** |
* ТБД – ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың барабар деңгейі.
** ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың рұқсат етілген жоғары деңгейінен аспайды.
Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.