1997 жылы Минск және Новосібір ғалымдары әзірлеген патенттелген антиоксиданттық кешен. А, Е және С дәрумендерінің арнайы таңдалған мөлшері синергиялық әсер беріп, ағзаны бос радикалдардың әсерінен қорғайды, иммунитетті қолдайды. Бұл әсіресе тұмау мен суық тию өршитін кезеңде маңызды. Сондай-ақ күн сәулесі мен радиацияның зиянды әсерін азайтуға көмектеседі. Қабылдауға барынша ыңғайлы жаңа капсуладағы «НовоМин» — тиімді белсенді компоненттері мен жоғары нәтижелілігі өзгеріссіз сақталған аңызға айналған бұрынғы формула.

Аскорбин қышқылы, Е дәрумені (dl-альфа-токоферол ацетаты), микрокристалды целлюлоза (толтырғыш), А дәруменінің ацетаты. Капсула қабығы: сиыр желатині, индигокармин (бояғыш).
Құрамында глютені бар дәнді дақылдардың, жержаңғақтың, жаңғақтардың, жұмыртқаның, сояның, қышаның, күнжіттің, балдыркөктің, сүттің, балықтың, шаянтәрізділердің, былқылдақденелілердің және оларды өңдеу өнімдерінің іздері болуы мүмкін.
1 капсуланың құрамында:
| Белсенді компоненттер | Массасы, мг | ТБД-дан %* | ТРЖД-дан %** |
| С дәрумені (аскорбин қышқылы) | 180 мг | 200 | 20 |
| Е дәрумені (альфа-токоферол ацетаты) | 40 мг (26,8 мг ТЭ) | 179 | 18 |
| А дәрумені (ретинол ацетаты) | 1,52 мг РЭ | 169 | 51 |
* ТБД – ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың барабар деңгейі.
** ТРЖД – ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың рұқсат етілген жоғарғы деңгейі.


Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.
