Автоматты берік қарындаш көз жанарын айқын етіп, қастардың табиғи пішінін мінсіз көрсетеді.
Өсімдік майлары мен жожоба қасқа күтім жасайды, олардың өсуіне ықпал етеді. Өзектің ыңғайлы пішіні макияжда әртүрлі әсерлерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: тегіс жағы жеңіл жағуға арналған, ал ұшталған жағы жарқын бейне жасауға көмектеседі. Қарындаш күні бойы қастың түсін сақтайды және терге, ылғал мен суға төзімді. Жиынтыққа қастарға қажетті пішін беруге және мінсіз бейне жасауға арналған щетка кіреді.
Қарындаш екі реңкте ұсынылған:
412662 (түсі: тауп) – аққұбаларға жарайды, қастардың табиғи көлемі мен тығыздығын жасайды.
412663 (түсі: қаныққан қоңыр) – жарқын қараторылар үшін өте қолайлы.
* Тұтынушылардың сынақтама нәтижелері бойынша.
Қасқа жағыңыз. Қастарды сәндеу үшін арнайы щетканы қолданыңыз.
Сақтау шарттары: +5-тен +25 С-қа дейінгі температурада сақтау керек. Ашылғаннан кейінгі жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.