Ингредиенттері (INCI): темір оксиді (CI 77499), гидрогенделген соя майы, гидрогенделген кокос глицеридтері, темір оксиді (CI 77492), гидрогенделген өсімдік майы, темір оксиді (CI 77491), озокерит, ара балауызы, этилен мен пропилен сополимері, каприлгликоль, этилгексилглицерин, токоферил ацетаты, жожоба майы, авокадо майы.
Ингредиенттері: iron oxides (CI 77499), hydrogenated soybean oil, hydrogenated coco-glycerides, iron oxides (CI 77492), mica, hydrogenated vegetable oil, iron oxides (CI 77491), ozokerite, bees wax, caprylic/capric/myristic/stearic triglyceride, acrylates/stearyl acrylate/dimethicone methacrylate copolymer, ethylene/propylene copolymer, caprylyl glycol, ethylhexylglycerin, tocopheryl acetate, simmondsia chinensis (jojoba) seed oil, persea gratissima (avocado) oil.
- ТАБИҒИ КОМПОНЕНТТЕР:
• АРА БАЛАУЫЗЫ (BEESWAX)
Қалпына келтіреді, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды, нәр береді және жылтыратады.
• СУТЕКТЕНДІРІЛГЕН СОЯ МАЙЫ (HYDROGENATED SOYBEAN OIL)
Құрамында өте жақсы жұмсартатын және ылғалдың жоғалуын болдырмайтын алмастырылмайтын май қышқылдары бар.
• КОКОС МАЙЫНЫҢ СУТЕКТЕНДІРІЛГЕН ГЛИЦЕРИДІ (HYDROGENATED COCO-GLYCERIDES)
Теріні нәрлендіреді және сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен қорғайды, тыртысу және құрғақтық сезімін азайтады.
• СУТЕКТЕНДІРІЛГЕН ӨСІМДІК МАЙЫ (HYDROGENATED VEGETABLE OIL)
Косметикалық күтім құралдарының құрамында тері ауруларымен күресуге, қабыну мен тітіркенуді басуға көмектеседі. Теріні зиянды табиғи факторлардан қорғайды, тері жабынының тез қалпына келуіне ықпал етеді.
• АВОКАДО МАЙЫ (PERSEA GRATISSIMA (AVOCADO) OIL)
Эпидермистің жоғарғы қабаттарын ылғалдандырады, терінің қорғаныш қасиеттері мен жергілікті иммунитетін қалпына келтіреді, УК-сүзгі ретінде жұмыс істейді. Майдың құрамына кіретін А және Е дәрумендері антиоксиданттық әсерге ие, ал стеролдар ерте қартаюдан сақтайды.
• ЖОЖОБА МАЙЫ (SIMMONDSIA CHINENSIS (JOJOBA) SEED OIL)
Өсімдіктер әлемінде теңдесі жоқ сұйық балауыз қою консистенциясымен ерекшеленеді, ол теріге тез сіңіп, майлы жылтыр мен ауырлық сезімін қалдырмайды. Теріні керемет ылғалдандыратын және нәрлендіретін қорғаныш қабатымен қамтамасыз етеді. Майдағы Е дәруменінің жоғары концентрациясы оның антиоксиданттық қасиеттерін қамтамасыз етеді - қалпына келтіреді, қабынуға қарсы, қалыптандырады.
- ТАБИҒИ ПИГМЕНТТЕР:
• ТЕМІР ОКСИДІ (IRON OXIDE)
Мүмкіндігінше табиғиға жақын әр түрлі түс реңктер қатарын қамтамасыз ететін табиғи қауіпсіз пигмент. Терінің ылғалдылығын реттейді. 1223/2009 ЕО Регламентіне және 009/2011 КО ТР-ға сәйкес шектеусіз қолданылады.
• ТИТАН ДИОКСИДІ (TITANIUM DIOXIDE)
Салыстырмалы түрде қауіпсіз компонент. Сәндік косметика өндірісінде қолданылады. 1223/2009 ЕО заңнамасына және 009/2011 КО ТР-ға сәйкес концентрациясы шектеусіз ақ пигмент ретінде пайдалануға рұқсат етілген.
- ҚАУІПСІЗ СИНТЕТИКАЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕР:
• ОЗОКЕРИТ (OZOKERITE)
Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз компонент. Мұнай өңдеу өнімі. Ерін далаптарында байланыстырғыш, эмульсиялық тұрақтандырғыш, қоюландырғыш, тұтқырлықты реттегіш ретінде қолданылады. Физиотерапияда (озокеритотерапияда) кеңінен қолданылады.
• ЭТИЛЕН ЖӘНЕ ПРОПИЛЕН СОПОЛИМЕРІ (ETHYLENE/PROPYLENE COPOLYMER)
Үлбір түзгіш полимер. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз.
• ДИМЕТИКОН (DIMETHICONE)
Силикондар сыныбына жататын химиялық полимер, түссіз мөлдір дәмсіз, иіссіз сұйықтық. Тұтқырлықты тұрақтандырғыш. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз. Жұмсартқыш ретінде жұмыс істейді: терінің бетіне тарала отырып, эпидермистің мүйізденген қабыршықтары арасындағы кеңістікті толтырады және ылғалды сақтау үшін тосқауыл түзеді. Ұсақ әжімдерді толтыруға және осылайша терінің сыртқы көрінісін жақсартуға қабілетті - диметикон қосылған құралдарды жаққаннан кейін тері тегіс көрінеді және жұмсарады.
• АКРИЛАТ/СТЕАРИЛАКРИЛАТ/ДИМЕТИКОНМЕТАКРИЛАТСОПОЛИМЕР (ACRYLATES/STEARYL ACRYLATE/DIMETHICONE METHACRYLATE COPOLYMER)
Үлбір түзгіш. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз компонент.
• КАПРИЛДІ/КАПРИНДІ/МИРИСТИНДІ/СТЕАРИНДІ ТРИГЛИЦЕРИД (CAPRYLIC/CAPRIC/MYRISTIC/STEARICTRIGLYCERIDE)
Глицериннің каприлді, капринді, миристиндіжәне стеаринді қышқылдарымен араластырылған үштік эфир. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз компонент. Жұмсартқыш болып табылады және қорғаныштық қасиеттерге ие.
• ЭТИЛГЕКСИЛГЛИЦЕРИН (ETHYLHEXYLGLYCERIN)
Глицериннің моноалкилді эфирі, түссіз сұйықтық. Дәнді дақылдардан өндіріледі. Күші бойынша парабенді аналогтармен салыстыруға болатын, ең күшті «жасыл» консерванттардың бірі болып табылады. Формальдегид бөлмейді. Кең рН ауқымында қолдануға болады. Косметикада ұсынылады:
– теріге арналған жұмсартқыш қоспа ретінде;
– эмульсияның тактильді сезімін жақсартатын қосымша;
– грамоң бактерияларға қарсы белсенді дезодорантты қоспа.
Гликолдар мен спирттер сияқты басқа микробқа қарсы құралдардың белсенділігін күшейтеді. Терінің ылғалдануына ықпал етеді.