• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Қолда жоқ
Immuno Box / Иммуно бокс
limited

DAILY Box жинағы - Immuno Box / Иммуно бокс

, 3 капсуладан 30 қалта  
Арт. 501042
28 баға
Ағзаны кешенді қорғау: табиғи иммункүшейткіштер, өсімдік антисептиктері және табиғи адаптоген - суық тию мезгілінде өте жақсы сезіну үшін!
7 100 〒
33 б
Қаптамадағы саны: 3 капсуладан 30 қалта
Тауар қолжетімді болған кезде сізге хабарлай аламыз
Электрондық поштаңызды енгізіңіз
Мен siberianwellness.com сайтынан хаттар алуға келісемін
Өнім туралы

Салқын тию мен жұқпалы аурулар мезгілінде ағзаны кешенді қорғау және қолдау көрсету! Мырышпен байытылған алты күшті өсімдік сығындылары бүкіл денеге айқын нығайтқыш әсер етеді: иммундық жасушалардың белсенділігін арттырады, олардың санын едәуір көбейтеді және қалпына келтіру үдерісін жеделдетеді. Табиғи антисептиктер инфекциялар мен вирустарға қарсы тиімді қорғаныс құрады, аурудың дамуына жол бермейді. Табиғи адаптоген жасушаның жаңаруын жылдамдатады, айқын сергектік әсер береді және ағзаның қорғаныстық күштерін арттырады.

ІШІНДЕ НЕ БАР?

  • Табиғи иммункүшейткіштер
    IMMUNO Box негізі – ResistAid™ (Lonza, Германия) бірегей кешені, арабиногалактан мен табиғи биологиялық белсенді полифенолдардың қосындысы болып табылады.
    Арабиногалактан – қылқан жапырақты ағаштарда көп мөлшерде кездесетін өсімдік текті полисахарид. Дәл осы заттың арқасында олардың ауруларға қарсы тұрушылығы және температураның күрт өзгеруіне төзімділігі жоғары. Адамның иммундық жүйесі арабиногалактанды тани алады және оны дабылдық молекула ретінде қолданады. Иммундық жасушалар осы затпен кездескен кезде ағзада бактериялардың бар екендігі туралы біледі және бактерияға қарсы белсенділікті күрт арттырады. Ерітетін тағамдық талшықтың көзі бола отырып, арабиногалактан иммундық жүйені нығайтуға, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға және ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге көмектеседі.
    Мырыш бүкіл денеге айқын нығайтқыш әсер етеді: иммундық жасушалардың белсенділігін арттырады, олардың жалпы санын едәуір арттырады және қалпына келтіру үдерісін жеделдетеді.
    Эхинацея иммундық жүйенің жалпы күшеюіне ықпал етеді және ағзаның патогендік бактериялар мен вирустардың енуіне жедел жауап беруін ынталандырады.
     
  • Өсімдік текті антисептиктер және қабынуға қарсы шөптер тобы
    Сәлбен жапырағының сығындысы жалпы нығайту қасиетіне ие, қабыну үдерістерінің пайда болуын азайтады.
    Түймедақ гүлінің сығындысы патогендік микрофлораның кең шоғырына дезинфекциялық әсер етеді және қабыну реакцияларының ауырлығын төмендетеді.
    Жебіршөп сығындысы қабынуға қарсы белсенділікке және микробқа қарсы әсерге ие.
    Жолжелкен жапырағының сығындысы қабынуды басады, антисептикалық және қақырық түсіретін әсерге ие, тыныс алу жолдарынан қақырық шығуын жеңілдетеді.
  • Табиғи адаптогендер
    Адамшөп тамырының сығындысы (гинзенозидтер) – көпке танымал биоынталандырғыш. Иммуноглобулиндердің бөлінуін жоғарылата отырып иммундық жауапты күшейтеді, және қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделуді жақсартады.
Қолданылуы

1 қалташадан тамақтану уақытында қабылдау керек.

Өнім туралы пікір

Бұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.

left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon