• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Денеге арналған дезодорант
Қолда жоқ

ENDEMIX™ кешені бар косметика - Денеге арналған дезодорант, 60 мл

Сібір эндемиктерінің сығындылары кешені бар косметика
Пікірлер жоқ
Шай ағашы мен лаванда гидролаттары қосылған дезодорант иіс шығаратын бактерияларды тиімді түрде тежейді және шамадан тыс терлеуді реттейді.
Артикул: 406402
Объем: 60 мл
2 900 〒
10.4 б
Тауар қолжетімді болған кезде сізге хабарлай аламыз
Электрондық поштаңызды енгізіңіз
Мен siberianwellness.com сайтынан хаттар алуға келісемін
Өнім туралы

Алюмокалий ашудастарына негізделген дезодорант тері тесігін бітемей, қатты терлеуді тиімді реттейді. Мырыш глюконаты шай ағашы, сәлбен және лаванда гидролаттарымен бірге иіс тудыратын бактериялардың дамуын тежейді, тітіркенген теріні тыныштандырады және ұсақ зақымдардың жазылуына ықпал етеді. 

  • Иістің пайда болуын болдырмайды. 
  • Тер бездерін бітемейді, олардың жұмысын реттейді.
  • Қабыну мен тітіркенудің дамуын болдырмайды. 
  • Теріні жұмсартады және ылғалдандырады. 
  • Иісі бейтарап. 
  • Ерлер мен әйелдерге арналған. 

Алюмокалий ашудастары – алюминий және калий тұздарының кристалдары, иіссіз және суда ериді. Бұл жанартаудан шыққан табиғи өнім. Ашудастардың тұтқыр, сіңіргіш, микробқа қарсы және қабынуға қарсы қасиеттері бар, осының арқасында теріні иіссіздендіруге тамаша мүмкіндік береді.
Мырыш глюконатының қабынуға қарсы қасиеті бар және ол қырыну немесе үйкелу нәтижесінде пайда болатын ұсақ зақымдардың сауығуына ықпал етеді.
Шай ағашы, лаванда, розмарин және сілбен гидролаттарының кешені бактерицидтік әсерге ие, майдың бөлінуін реттейді және тері тесігін тарылтады. Терінің ұсақ зақымдарының тез жазылуына ықпал етеді, терлеуді азайтады, тер бездерінің жұмысын реттейді. 

Қолданылуы
Таза құрғақ теріге жағыңыз (шарлы мөлшерлегішпен 2-3 рет жүргізіңіз); киім киер алдында бірнеше минут күтіңіз.
Құрамы

Белсенді компоненттер: жанартаудан шыққан алюмокалий ашудастары, арпа ұны, мырыш глюконаты, лаванда, шай ағашы, розмарин, сәлбен дистилляттары, ENDEMIX™ өсімдік сығындылары кешені (саган-дайли, элеутерококк, қызыл щетка, марал тамыры, байкал томағашөбінің сығындылары)  

Құрамы: су, алюмокалий алюматы, магний стеараты, глицерет-26, арпа ұны, C12-13 парет-9, бензил спирті, гидроксиэтилцеллюлоза, мырыш глюконаты, цитронелилметилкротонат, 2-метил-5-циклогексилпентанол, диметилфенилбутанол, лаванда дистилляты, шай ағашы дистилляты, гүлшетен дистилляты, сәлбен дистилляты, глицерин, глицериллаурат, хош иіс, бетаин, байкал томағашөп сығындысы, элеутерококк сығындысы, мақсары тәрізді левзея сығындысы (марал тамыры), төрт бөліктен тұратын родиола сығындысы (қызыл щетка), саган-дайли сығындысы, натрий бензоаты, калий сорбаты, дегидроацетикалық қышқыл. 

Ингредиенттері (INCI): aqua (water), potassium alum, magnesium stearate, glycereth-26, hordeum vulgare (barley) seed flour, C12-13 pareth-9, benzyl alcohol, hydroxyethylcellulose, zinc gluconate, citronellyl methylcrotonate, 2-methyl 5-cyclohexylpentanol, dimethyl phenylbutanol, lavandula angustifolia (lavender) flower water, melaleuca alternifolia (tea tree) leaf water, rosmarinus officinalis (rosemary) leaf water, salvia officinalis (sage) leaf water, glycerin, glyceryl laurate, parfum, betaine, scutellaria baicalensis extract, eleutherococcus senticosus (eleuthero) root extract, rhaponticum carthamoides (maral root) root extract, rhodiola quadrifida extract, rhododendron adamsii extract, sodium benzoate, potassium sorbate, dehydroacetic acid. 

Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
Сапасына кепілдік береміз
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon