• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Антиоксиданттар қосылған бетке арналған түнгі крем

ENDEMIX™кешені бар косметика - Антиоксиданттар қосылған бетке арналған түнгі крем

, 50 мл   Сериясы: Сібір эндемиктерінің сығындылары кешені бар косметика
Арт. 411584
24 баға
Жаңғақ майлары, гүл суы және антиоксиданттар қосылған түнгі бет кремі
4 400 〒
17 б
Көлемі: 50 мл
Қалды: 1 дана
Өнім туралы

Түнгі сағаттарда сіздің сұлулығыңызды А, Е және С дәрумендері табиғи антиоксиданттық түрде қорғайды,  ENDEMIX™ өсімдік кешенімен күшейтілген, кез келген жастағы ерлер мен әйелдер үшін жарамды. 

  • Қызару мен тітіркенуге бейім сезімтал теріні тыныштандырады. 
  • Қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне, күйзеліске ұшыраған терінің күйін жақсартады (ғимараттағы құрғақ ауа, қыста температура төмендеуі). 
  • Ісінуді басады, купероза көріністерінің айқындығын азайтады. 
  • Бет терісінің түсін ағартады және тегістейді. 
  • Қартаюға қарсы ерекше және фотопротекторлық әсер етеді. 
  • Терінің иммунитетін қолдайды, кез келген себеппен шыққан қабыну процестерінің дамуына қарсы тұрады. 


Белсенді өсімдік тектес құрауыштар: 
Жаңғақ майлары – теріні нәрлейді және жұмсартады. 
Жөке гидролаты – теріні тыныштандырады және жұмсартады, қызару мен тітіркенуді басуға көмектеседі және терінің қалпына келуіне ықпал етеді. 
Түйежоңышқа гидролаты – өте ұсақ капиллярларға айқын әсер етеді: тамырлар торын нығайтады, көрінуін азайтады, терінің лимфа-дренаждық қасиеттерін жақсартады, қызаруы мен ісінуін басады, теріні тыныштандырады. 
Иван-шай – күйзеліске бейім, шаршаған және тітіркенген теріге тиімді. Тыныштандырады, жайсыздық сезімін басады, жұмсартады, қартаюға қарсы әсер етеді. 
Бірегей Sepivital™ молекуласы – С және Е дәрумендері молекулаларының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, соның арқасында олардың тиімділігі дәрумендерді жеке немесе қоспалармен бірге қолданумен салыстырғанда 15 есе артады. 


• Қартаюға қарсы әсері бар.
• Фотоқартаюды болдырмайды.
• Тері детоксын қамтамасыз етеді. 
• Тыныштандыратын және қабынуға қарсы әсері бар. 
• Тері экожүйесін қорғайды. 
• Безеулердің пайда болуын қоздыратын бактериялардың көбеюін баяулатады. 

ENDEMIX кешенімен күшейтілген. Фотоқартаюдан қорғаныс. 
Күн сәулесінің әсері кезінде коллагеннің бұзылуын азайту. Қорғаныс тиімділігі 21,7%-ға жоғарылайды*. 
*in vitro сынақтама нәтижелері бойынша. 

In-out тұжырымдамасы: антиоксиданттық әсерді күшейту үшін оны "Новомин" ББҚ-мен бірге қолданған жөн.

Жабайы өсетін шөптер, суықтай сығылған өсімдік майлары, жоғары сапалы эфир майлары негізіндегі өнім. Құрамында ГМО жоқ. Экологиялық қауіпсіз сақтау жүйелерін пайдалану арқылы әзірленген. Барынша биологиялық белсенді, жоғары сапалы биоыдырайтын шикізаттан жасалған. 

Құрамында парабендер, SLS, SLES, сульфаттар, фталаттар, минералды майлар және мұнай өңдеу өнімдері жоқ. 

Табиғи формула және жаңа буынның экологиялық таза биоыдырағыш консерванттарын қолдану өнімнің қысқа уақытқа - 18 айға сақталу мерзімін қамтамасыз етеді. 

Аллергиялық реакцияларды болдырмау үшін және жоғары белсенді сығындылар мен майларды ықтимал көтере алмаушылықты анықтау үшін косметикалық құралды шынтаққа жағу арқылы сынауды ұсынамыз. 

 

Қолданылуы
Кешке бет пен мойынның таза терісіне жағыңыз. 
Өнім туралы пікір

Бұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.

left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon