Денсаулық және ұзақ өмір сүру туралы білімнің жаңа деңгейі
Бүгінде адамдар үшін ең басты құндылықтардың бірі — денсаулық пен өмір сапасы. Осыны ескере отырып, Siberian Wellness компаниясы Бизнес-Серіктестеріне арналған жаңа білім беру жобасын ұсынады — онлайн-курс “Нутрициология PRO: Денсаулық пен жастықтың коды”.
Бұл бағдарлама – тамақтану мен ағза жұмысы туралы білімді тәжірибеде қолдануға, өзіңнің және клиенттердің өмір сапасын жақсартуға арналған тиімді құрал.
Курс не үйретеді
Бағдарламада ғылыми көзқарас пен халықаралық тәжірибесі бар жетекші мамандардың білімі біріктірілген.
Қатысушыларды мынадай мазмұн күтеді:
- 10 сағат бейнедәрістер, тесттер және практикалық тапсырмалар;
- Siberian Wellness компаниясының 30-дан астам өніміне терең талдау;
- Нутрициологиялық қағидаларды күнделікті өмірде және Клиенттермен жұмыс барысында қолданудың нақты мысалдары.
Курсты аяқтағаннан кейін сіз әр Клиенттің жеке мақсаттарына сай нутритивтік қолдау ұсынуды, өнімнің артықшылықтарын түсіндіруді және адамдарға энергиясын, көңіл-күйін, сыртқы келбетін жақсартуға көмектесуді үйренесіз.
Форматы мен мерзімдері
- 2–17 қыркүйек — тіркелу және қатысу ақысын төлеу;
- 21 қыркүйек — курстың басталуы;
- 21 қыркүйек – 11 желтоқсан — оқу, дәрістерді қарау, тапсырмаларды орындау және тестілеуден өту;
- 12 желтоқсан — оқу аяқталады, курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификаттар беру басталады;
- Курсты сәтті аяқтау үшін қорытынды тестілеуден кемінде 80% нәтижемен өту қажет;
- Оқу ұзақтығы — 11 желтоқсанды қоса алғанда 82 күнтізбелік күн;
- Оқу форматы — толығымен онлайн. Курс аяқталғаннан кейін материалдар тағы бір ай бойы қолжетімді болады.
Қатысу шарттары
- Курсқа BT1000 және одан жоғары рангтегі Бизнес-Серіктестер қатыса алады.
- Қатысу ақысы — 25 000 ₸.
Бұл бағдарлама — өз білімін тереңдетіп, денсаулық пен ұзақ өмір саласында сарапшы болуға ұмтылған Бизнес-Серіктестерге арналған.
Курс авторлары
Бағдарлама Астана медицина университетінің оқытушылары және Siberian Wellness компаниясының сарапшыларының бірлесіп әзірлеген жобасы. Осы серіктестік ғылыми дәлдік пен практикалық құндылықты қамтамасыз етеді.
Неліктен бұл курс маңызды
“Нутрициология PRO” — жай ғана оқу курсы емес. Бұл бағдарлама сіздің біліміңізді жүйелеуге, тамақтанудың адам ағзасына әсері туралы ғылыми тұрғыдан сенімді айтуға және өз Клиенттеріңіз үшін денсаулық пен энергия әлеміне бағыт беретін маман болуға мүмкіндік береді.
Курсқа қатысып, өзіңіздің денсаулық пен жастық кодыңызды жасаңыз!