• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Сібір кітабы
Сібірдің сыйы: қара жемісті итжүзім
Жарияланды 9 желтоқсаннаң

Қара жемісті итжүзімнің жүрек пен қан тамырларын қалай қолдайтыны туралы тарау

Дәмі тәтті және қышқыл, тартпа, тұтқыр болып келетін бұл жеміс көпшілікке қара жемісті шетен немесе жай қаратұқым ретінде таныс. Қара жемісті итжүзімнің жидектері кішкентай болса да, олардың пайдасы – өте көп. Тіпті оның атауының өзі грек тілінен «көмек», «пайда» деп аударылады. Ал бояғыш зат антоциандар- жидекке асыл,терең және сондай танымал қара түс береді.

Итжүзім бұтасының отаны - Солтүстік Америка. Еуропада бұл өсімдікпен XIX ғасырда таныс болды, бірақ тек сәндік мақсатта өсірді. Қара жемісті итжүзім Ресейге 1930 жылы келді, оны Таулы Алтайдағы жеміс-жидек станциясына әкелді және сол жерден оның бүкіл ел бойынша кең таралуы басталды.

Біздің жүрегімізге арналған қазына

Қара жемісті шетен – жүрек-қан тамырлары жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үшін танымал көмекші.

Оның құрамында қан тамырларының күйіне жауап беретін Р дәруменінің көп мөлшері бар. Бұл маңызды дәрумен тамырлардың қабырғаларын нығайтады, олардың қарқынды қан ағымына төзімділігін арттырады, капиллярлардың өткізгіштігінің жоғарылауын болдырмауға көмектеседі.

Қара жемісті итжүзім минералдарға бай. Онда темір, фтор, кальций, молибден, әсіресе көп мөлшерде – калий мен магний бар. Дәл осы екі зат жүрек бұлшықетінің жұмысына көбірек әсер етеді, жүрек қағысының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан итжүзім жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мен емдеудің тиімді құралы болып табылады.

Жан-жақты және сан қырлы

Қара жемісті итжүзім асқазан-ішек жолдары үшін де пайдалы. Оның құрамында күшті детоксикация болып табылатын пектин көп: ішектегі зиянды заттарды жинап, оларды жояды. Қаратұқымға тұтқыр дәм беретін илік заттар айқын антисептикалық әсерге ие. Өсімдіктің өзіне йод жинайтын қызықты ерекшелігі оны қалқанша безге пайдалы етеді. Итжүзімдегі кератин мен антоциандар біздің көруімізді қорғайды: олар торлы тамырлардағы микроциркуляцияны жақсартуға және көздің жарыққа сезімтал пигменті – родопсин өндірісін арттыруға көмектеседі.

Жидектердің дәрумендік құрамы әртүрлі. Қара жемісті шетен құрамында В дәрумендерінің көп мөлшері бар, олар жүйке жүйесінің жұмысына оң әсер етеді. Жемістер А, К, Е дәрумендеріне, сондай–ақ, иммунитеттің табиғи қорғанышы С дәруменіне бай.

Бұл қызықты өсімдіктің көптеген пайдалы қасиеттері бар. Міне сондықтан қара жемісті біздің Компанияда бағалап, оны денсаулық пен сұлулық өнімдерінің құрамына қосады, мысалы:

«Итжүзім және лютеин» – Essential Botanics;
«Синхровитал VII».