• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Паразитке қарсы қорғаныс

Тригельм - Паразитке қарсы қорғаныс

, 90 капсула және 200 г   Сериясы: Тригельм
Арт. 500116
112 бағалар
Үш фазалы бағдарламасы ішек пен өт шығару жүйесінің негізгі паразиттік ауруларын түзету мен алдын алуға арналған.
7 500 〒
29 б
Қаптамадағы саны: 90 капсула және 200 г
Қалды: 100+ дана
Өнім туралы

«Тригельм» – бұл ішек және өт шығару жүйесінің негізгі паразиттік ауруларын түзету мен алдын алуға арналған үш фазалы паразитке қарсы бағдарлама.

I САТЫ. Ішекті және өт шығару жолдарын тазалау
«Тригельм. ФОРМУЛА 1: Паралакс»
Бұл күрделі өсімдік кешенінің басты міндеті ішек және өт шығару жолдарын паразитке қарсы белсенді әсер етуге дайындау болып табылады. Паразиттік инфекциялар өт жолдарының тарылуын туғызып және ішек жиынтығының қозғалысын бұзатыны белгілі. Егер осы кедергіні жоймаса, паразитке қарсы заттар сөзбе-сөз айтқанда паразитке дейін жете алмайды және бұғатталады.
Сондықтан паразиттермен күресу жебіршөп, түймешетен, піштен, көктерек қабығы мен аю пияз сығындыларының көмегімен ішекті тазарту және өт жолдарының қалыпты өткізгіштігін қалпына келтіру кезеңінен басталады. Сонымен қатар, «Паралакс» құрауыштары паразитке қарсы жұмсақ әсер етеді.

II САТЫ. Антипаразиттік соққы
«Тригельм. ФОРМУЛА 2: Фитопар»
«Фитопар» құрамында ең күшті паразитке қарсы құрауыштар шоғырланған, олардың белсенділігі ішекті және өт жолдарын алдын ала дайындау есебінен қосымша артады.
Ішек паразиттеріне қатысты ең тиімді құрауыштардың бірі – толғақшөптің әсері – тағы бір күшті паразитке қарсы өсімдік – түймешетен есебінен күшейтіледі. Сонымен қатар, фенхель сығындысы паразиттерді салдандыру әсерін береді, піштеннің ішектерді уақытында тазартуына көмектеседі және жайсыздықты жеңілдетеді.
Паразитке қарсы табиғи құралдар тек ұсақ паразиттердің жойылуын қамтамасыз ететіндіктен (үлкендерін олар тек уақытша басады), барлық осы уақыт ішінде «Паралакс» кешенін қабылдау жалғастырылады, бұл ішекте қалу қабілетін уақытша жоғалтқан паразиттердің уақтылы шығарылуын қамтамасыз етеді.

III САТЫ. Қалпына келтіру және екіншілік алдын алу
«Тригельм. ФОРМУЛА 3: Энтеровит»
Үшінші сатының басты мақсаты – паразитке қарсы күшті әсерден кейін ішек микрофлорасының қалпына келуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бір жағынан ағзаға уытты әсерді болдырмау, екінші жағынан жетуге қиын өт жолдарынан бөлініп шығатын қалдық паразиттерді жою үшін паразитке қарсы жағдайды біртіндеп азайту. «Энтеровит» дәл осылай әсер етеді. Зімбір және бергамот майы қалампыр балымен үйлесімікте өт жолдарының қуатты өтайдауын қамтамасыз етеді және паразитке қарсы жеңіл әсер етеді; бүрген езбесі ішек микрофлорасын қалпына келтіруге көмектеседі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
1. Құрамындағы құрауыштарды көтере алмаушылық болуы мүмкін екенін әрдайым есте сақтаңыз!
2. «Тригельмді» қабылдау кезеңінде тазарту үдерістерін жақсарту үшін жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіңіз (таза су, көк шай, фитошай) – тәулігіне 1,5-2 литрге дейін.
3. «Тригельм» кешенін қолданар алдында ағзаңызды дайындаңыз. Тазартуға бағытталған іс-шаралар жүргізіңіз: «Тригельм» кешенін қабылдағанға дейін 10-14 күн бойына жабайы шөптерден жасалған фитошай №1 (Тазарту және дренаж) немесе жабайы шөптерден жасалған фитошай №6 (Бауырды қорғау) «Сібірлік прополис» сериясының «Агат бальзамы» қосылған ішіңіз (шай тұндырмасында еріте отырып 1 шай қасықтан).

Қолданылуы

I кезең. Дайындық (1 және 2 күн): Формула 1 Паралакс – тамақтану кезінде күніне 3 рет 1 капсуладан.
II кезең. Паразитке қарсы соққы туғызу (3–6 күн): Формула 1 Паралакс – тамақтану кезінде күніне 2 рет 1 капсуладан, Фитопар – тамақтану кезінде таңертең  3 капсула және кешке 2 капсула.
III кезең. Паразитке қарсы соққы (7–14күн): Формула 1 Паралакс – ас қабылдау уақытында күніне 2 рет 1 капсуладан, Фитопар – ас қабылдау уақытында таңертең 3 капсула және кешке 2 капсула, Энтеровит - 1 шай қасықтан (5 г) күніне 4 рет, суға немесе шөп шайға еріту арқылы (Baikal Tea Collection сериясының фитошайларын пайдалануға болады: жабайы шөптерден жасалған фитошай №5 «Жайлы ас қорыту» және жабайы шөптерден жасалған фитошай №6 «Бауырды қорғау»). Қолданар алдында араластырыңыз!
IV кезең. Қалпына келтіру (15 және 16 күн): Энтеровит – күніне 4 рет 1 шай қасықтан (5 г), суға немесе фитошайға еріту арқылы (Baikal Tea Collection сериясындағы фитошайларын қолдануға болады: жабайы шөптерден жасалған фитошай №5 «Жайлы ас қорыту» және жабайы шөптерден жасалған фитошай №6 «Бауырды қорғау»). Қолданар алдында араластырыңыз!
Қолдану алдында дәрігермен кеңесуді ұсынамыз.

Өнім туралы пікір

112 пікір негізінде

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • ...
  • 28