Негізгі компоненттері
Пікір жазу
Өз бағаңызды қосыңыз
0/2000
Пікірді қалай жазуға болады?
Өнімнің оң және теріс жақтарын және оны қолданудың жалпы тәжірибесін сипаттаңыз;«Пікірді жіберу» батырмасын басыңыз. Егер ол белсенді болмаса, өз бағаңызды қойып, мәтін жолағын толтырыңыз. Пікірді сайтта жариялау туралы хабарлама тіркеу кезінде көрсетілген e-mail-ға келеді;Егер сізде сұрақ немесе шағым болса, жылдам байланыс үшін біздің поштаңызға жазыңыз call-centre@sibvaleo.com Пікірлер модерациядан кейін жарияланады, сондықтан олар сайтта бірден пайда болмайды.
Сайт тілі
Қазақша

KZ

Русский

RU

Бөлісу
Icy Vanilla / Мұзды ваниль парфюмерлік суы
new
Қолда жоқ

Nordic Garden коллекциясы - Icy Vanilla / Мұзды ваниль парфюмерлік суы, 50 мл

Nordic Garden Жинағы
Пікірлер жоқ
Түскі күннің жылуына бөленген сиқырлы бақ тіріліп, хош иістерге толады. Жарқыраған цитрусты бастама мен қара қарақаттың ноталары нәзік ваниль, ирис және ағаш реңктерінен тұратын жұмсақ жүрекке еріп сіңіп кетеді. Шлейфі сізді пралине, тонка бұршағы мен тәтті мақта бұлтымен қоршайды.
Негізгі нотасы: цитрус, қарақат, ирис, пачули, тонка бұршағы, пралине, тәтті мақта, мускус.
Артикул: 430152
Объем: 50 мл
18 100 ₸
62 б
Тауар қолжетімді болған кезде сізге хабарлай аламыз
Мұзды сұлулық
Nordic Garden хош иіс топтамасы! Мұнда солтүстік табиғатының мінсіз сұлулығы тіріліп, тазалық, үйлесім және шынайылық жырын жырлайды.
Сергіту пен тәтті иістің мінсіз үндестігі.
Ұшқын сынды цитрус пен жидек дәмі біртіндеп жұмсақ ваниль мен ириске болып ауысады.
Талғампаз шлейфі
Тонка бұршағы, пралине және тәтті мақтадан жеңіл тартымдылық бұлты туады.
Авторлық хош иіс
Суазик Бокур (Soizic Beaucourt) – Aromapolis Olfactive Studio-ның тауаша композицияларының авторы, Eurofragance (Барселона) тобының қатысушысы.
Қуаныш пен нәзіктіктің хош иісі. Nordic Garden сиқырлы бағының парфюмерия хикаясы.
Шығыс тумысты, гурмандық Жоғарғы нотасы: цитрус нотасы, жеміс аккорды, қарақат Негізгі: ирис, ваниль, пачули, ағаш нотасы Шлейф: тонка бұршағы, пралине, тәтті мақта, мускус Жапырақ арасынан көрінген күн сәулесі мен таза ауа, соның бәрін баураған цитрус, жеміс аккорды мен нәрлі қарақаттың алғашқы ноталары. Хош иіс негізін қардың ақ көрпесіне шашылған асыл тас жүзінен жылтыраған күн сәулесіндей жұмсақ ваниль, ирис және ағаш акценттері ашады. Тонка бұршағы, пралине және тәтті мақтаның талғампаз шлейфі сізді орап алып, есте қалар кездесу сияқты қайта оралсам екен деген әсер қалдырады. Әрмезгілдік әрі әмбебап, күндіз де, кешке де бірдей үйлесімді сезіледі. Балғын да тәтті бұл хош иіс тыныштық пен өзіне деген сенімділік сезімін сыйлайды. Көзіңізді жұмыңыз, Icy Vanilla-ны жұтыңыз да айналадағы бар нәрсе үйлесімді және дұрыс көрінген ерекше күйді еске түсіріңіз. Хош иіс ырғағыңызға ортақ болсын – Icy Vanilla-ны лүпіл қаққан жерлеріңізге немесе шашыңызға жағып, әр қимылдың артынан ерген шлейф сезілсін.
Хош иістің ольфакторлық портреті
Жоғары ноталары
Цитрус нотасы – балғын, жалынды, айқын. Иіске жеңіл де сергек бастау береді, таза аязды ауаның сезімін тудырады. Сиқырлы бақ ағашының жапырағы арасынан көрінген алғашқы күн сәулесі сынды. Жеміс аккорды – шырынды, тәтті-қышқыл, тәбет ашарлық. Композицияға қуаныш пен бақыт сезімін қосады. Қарақат – татымды, жасылдау реңкті. Сәл тікенді кіріспені айқындай отырып хош иістің тереңдігі мен сипатын қалыптастырады. Сиқырлы бақ ваниль гүлінің жапырағына түскен салқын шық тамшысы.
Ортаңғы ноталары:
Ирис – пудралы, нәзік, барқытты иіс. Ақсүйек жұмсақтығы мен жібек тәрізді сезімін береді. Таң тыныштығында ғана ашылатын сирек солтүстік гүлінің жапырақшасы. Ваниль – жылы, кілегейлі, қоршап алар сезім. Қар бетіне шашылған асыл тас жүзінен жылтыраған алтын күн сәулесіндей. Пачули – жерге ұқсас дымқылдау, терең иіс. Қанықтықты арттырады, композицияны көлемді де көпқырлы етеді. Ағаш нотасы – құрғақ, асыл, табиғи иіс. Тұрақты негіз бен құрылымын береді. Бақ тарихын сақтаған ғасырлық ағаш діңі сынды.
Шлейф
Тонка бұршағы – бадам мен карамель реңкті татымды да тәттілеу хош иіс. Композицияға тереңдік пен жұмсақ жылу береді. Кішкентай құпия жасырған жылы алақан тәрізді. Пралине – тәтті, жаңғақ дәмдес, десерт иісі. Хош иістің талғампаз тартымдылығын күшейтеді. Тәтті мақта – үлпілдек, шекерлі, қуанышты иіс, композицияға ойнақылық пен жеңілдік қосады. Сиқырлы орман әуесінде қалқыған жеңіл бұлт сынды. Мускус – жұмсақ, барқытты да сырлас. Хош иістің бар нотасын жұмсартып, тұтас шлейфке біріктіреді. Кеш бауырында Сиқырлы бақты қоршап алған жеңіл тұман тәрізді.
Кімге сай келеді:
  • балғындық пен тәттінің үйлесіміне құмар жандар;
  • жұмысқа да, кездесуге де орынды хош иісті таңдайтын жандар;
  • парфюмерия хикаясы мен атмосферасын бағалайтын жандар.
50 мл
Күнделікті қолданысқа оңтайлы формат.
1,5 мл
Хош иіспен алғаш танысуға келер тамаша өлшем.
8 сағатқа дейін тұрады
Ұзақ әсер, айқын шлейф.
Құрамы

Спирт (көлемі 80%), парфюмер композициясы, су, линалоол, бензилсалицилат, лимонен, альфа-изометил-ионон, цитронеллол, кумарин, цитраль, гераниол.

Ингредиенты (INCI): Alcohol (80% Vol.), Parfum (Fragrance), Water (Aqua), Linalool, Benzyl Salicylate, Limonene, Alpha-Isomethyl Ionone, Citronellol, Coumarin, Citral, Geraniol.

Қолданылуы
1. Тамыр соғысы соғатын жерге жағыңыз: мойын, құлақтың артындағы аймақ, шынтақтың ішкі беті, тізенің артқы беті (бірақ бірден емес!).
2. Парфюмді душтан кейін бірден пайдаланыңыз (буланған таза тері хош иісті тамаша сіңіреді) немесе оны алдыңыздағы ауаға себіңіз де, хош иісті бұлтқа қадам жасаңыз.
3. Хош иісті осыған қарай таңдаңыз:
  • маусымға қарай(жазда - жеңіл, суық мезгілде - аса ауырлау);
  • күннің уақытына қарай(бірінші жартысында - жеңіл, екінші жартысында - қаныққан);
  • көңіл-күй мен жағдайларға қарай (кеңсеге және жұмысқа – қатаң және сергек, серуендеуге және достарымен кездесуге – ауырлау және креативті).
Хош иіс өзгермеуі үшін парфюмді салқын, құрғақ жерде, тікелей күн сәулесінен алыс жерде сақтаңыз.
Лайфхак
Интерьердің ерекше хош иісін жасап көңіл-күйіңізді көтеріңіз! Бөлмедегі тоқыма бұйымдарын хош иістендіру үшін әтірді қолданыңыз.
Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
Сапасына кепілдік береміз
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon