Aroma Box «Кешке барлық тілектер күшейеді!» жинағы
Қолда жоқ

Жиынтық - Aroma Box «Кешке барлық тілектер күшейеді!» жинағы, 3х20 мл

Пікірлер жоқ
Жиынтыққа үш авторлық хош иіс кіреді: Golden Amber & Midnight Saffron, FLUIDES Touch Me және FLUIDES Magic. Эксклюзивті жиынтық кешкі образды құрастырғанда тәжірибе жасап көруге мүмкіндік береді. Жарқын да ұмытылмас парфюмерлік композициялар талғампаз сәнді, сезімталдық пен сексуалдылықты баса көрсетуге мүмкіндік береді. Құтының ықшамды форматының арқасында кез келген хош иіс әрқашан жаныңызда болады.
Артикул: 425006
Жинақ: 3х20 мл
21 000 ₸
90 б
Тауар қолжетімді болған кезде сізге хабарлай аламыз
Өнім туралы
  • Әрқашан өзіңмен бірге алып жүру
    Құтының ықшамды форматы - сүйсінген хош иіс өзіңмен бірге жүрсін.
  • Сыйлыққа арналған идея
    Siberian Wellness эксклюзивті жинағы - ерекше жайтқа арналған есте қалар сыйлық.
  • Бірегей таңдау
    Тартымды да әсерлі ноталы авторлық композициялар.
  • Ымырасыз сапа
    Тауардың түпнұсқалығы мен сапасына кепілдік беретін GMP стандарты.

Кешке барлық тілектер күшейеді
Кешкі хош иіс - дресс-кодтың маңызды бөлшегі ғана емес. Ол кейіпті ерекше де есте қаларлық ететін ерекшелік. Жарқын, әсерлі, ылаңдық, құпия - кешкі композиция көңіл күй шағылысы мен бірегей сән бейнесіне айнала алады.
Біз сіздерге сезім мен құмарлықты баса көрсететін тәтті тартпа реңктері айналаңыздағы адамдарға хош иіс тұманының арасында жасырын ашылмаған құпия сезімін оятатын кешкі композициялардың эксклюзивті таңдауын дайындадық.

Кез келген мезгілде өзіңізді сүйікті гүлдеріңіздің жұпар иісімен қоршаңыз.

  • Golden Amber & Midnight Saffron, парфюмерлік су
    Бас айналдыратын ағаш-шығыс хош иісі магниттей тартады. Ащы пачулимен қоршалған гүлді ноталардың тәтті нугасы еліктіру әлеміне апарады, емен мүгінің жылы аккордтары керемет атмосфера жасайды.
       •  Тобы: шығыс, ағаш
       •  Жоғарғы ноталары: гүл ноталары, шафран
       •  Жүрек ноталары: нуга, гүл ноталары
       •  Негізгі ноталар: амбра, емен мүгі, мускус
  • FLUIDES Touch Me, парфюмерлік су
    Жұмбақ, мас қылатын әрі сезімтал бұл хош иіс еліктіріп, бас айналдырады. Шие ликері мен тонка бұршағының талғампаз тәттілігі, күлгін раушан жапырақтарының сезімталдығымен үйлесіп, сандал мен ветивердің түтінді ұшқындарымен астасады. Бұл – құмарлық алауын тұтатып, қарсылыққа көнбес еліктіру күшіне айналады.
       •  Тобы: гүлді, гурмандық
       •  Бастапқы ноталар: шие, тәтті бадам, өрік
       •  Жүрек ноталары: түрік раушаны, ақгүл, шие ликері
       •  Шлейф ноталары: сандал, ветивер, тонка бұршақтары, ваниль, перу бальзамы
  • FLUIDES Magic, парфюмерлік су
    Құмарлық пен отқа толы шақыру хош иісі: шырынды жемістердің көптігі гүл ноталарымен үйлесіп, ыстық, сезімтал мускус пен ваниль негізіне өтеді!
       •  Хош иіс тобы: гүлді-жемісті
       •  Бастапқы ноталар: шабдалы, маракуйя, таңқурай, қарақат жапырағының жасылдары, балғындық аккорды
       •  Жүрек ноталары: інжугүл, ақгүл, гелиотроп
       •  Шлейф ноталары: сандал, пачули, мускус, ваниль

Хош иістердің бәрі еліктіргіш коктейль көйлегімен де, кербез кешкі костюммен де тамаша үйлеседі.

Кімге арналған?
• Ерекше кешке арнаулы мінсіз хош иіс іздеушілерге.
• Қандай сыйлық жасарын білмейтін жандарға.
• Образды немен аяқтарын білмейтін жандарға.
• Жаңа эмоция мен әсерлерді асыға күтетін жандарға.
• Жарқын, батыл композиция сүйетін жандарға.

Әр құтыда:
   • 6-8 сағатқа дейін
Парфюмерлік судыңтұрақтылығы.
   • 100% табиғи спирттік негіз
Бидай, арпа, қара бидай дәндерінен алынған.
   • 20 мл travel-формат
Тұрақты қолданғанда 2–3 айға жетеді.
   • 100% түпнұсқалық кепілдігі
«Адал БЕЛГІ» – өнімді таңбалау мен қадағалаудың ұлттық жүйесі. Арнайы сандық код өнімнің түпнұсқалығы мен сапасына кепілдік береді.

Қолданылуы

Есіңізде болсын, хош иістер сіздің денеңіздің жылуынан оянады, сондықтан оларды киімге емес, киімнің астына жағу керек.
Парфюмді душтан кейін бірден пайдаланыңыз (таза буланған тері хош иісті өте жақсы сіңіреді) немесе оны ауада өз алдыңызға шашыңыз.

Хош иістің өзгеруіне жол бермеу үшін парфюмді салқын, құрғақ жерде, тікелей күн сәулесінен алыс жерде сақтаңыз.

Құрамы

Golden Amber & Midnight Saffron
Құрамы: этил спирті (80% vol.), парфюмерлік композиция, су, лимонен, линалол, бензилбензоат.
Ингредиенттері (INCI): Alcohol (80% Vol.), Parfum (Fragrance), Aqua (Water), Limonene, Linalool, Benzyl Benzoate.

FLUIDES Touch Me
Құрамы: этил спирті (80% vol.), парфюмерлік композиция, су, кумарин, бензилбензоат, бензилциннамат, әніс спирті, изоэвгенол, эвгенол, цитраль, бензил спирті, линалоол.
Ингредиенттері (INCI): Alcohol (80% Vol.), Parfum (Fragrance), Water (Aqua), Coumarin, Benzyl Benzoate, Benzyl Cinnamate, Anise Alcohol, Isoeugenol, Eugenol, Citral, Benzyl Alcohol, Linalool.

FLUIDES Magic
Құрамы: этил спирті (79% vol.), парфюмерлік композиция, су, бензилсалицилат, линалоол, лимонен, кумарин, бензилбензоат.
Ингредиенттері (INCI): Alcohol (80% Vol.), Parfum (Fragrance), Water (Aqua), Benzyl Salicylate, Linalool, Limonene, Coumarin, Benzyl Benzoate.

Пікірлері
Бұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.