• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Сібір кітабы
Сібір табиғаты: Байкал көлі
Жарияланды 31 қазаннаң

Табиғаттың қасиетті мекені әрі планетаның көгілдір жанары бүгін немен тыныстап жатқаны туралы тарау

Сан шақырымға жайылған тұмса табиғат, көкжиекпен астасқан мөлдір таза су айдыны, тайга басқан тау жоталары, жартасты құздар, саф ауа... Байкал табиғаты құдыретімен әрі ұлылығымен таң қалдырады, ал жағасына табаны тиген әр адамды биікке өрлетіп, жігерлендіреді.

Ең-ең көл

Байкал көлі Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде, Бурятия Республикасы мен Иркутск облысы шекарасында орналасқан, ал ұшар биіктен көз салса, оның пішіні айға ұқсайтыны көруге болады. Бұл әлемдегі ең терең көл (максималды тереңдігі - 1637 м). Әрі ең ежелгі көл. Байкал жағалауында теңіз айналасын қоршай "қорық алқасын" түзетін 3 қорық, 2 ұлттық парк және 5 қорықша орналасқан. Байкал 1996 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұрасы тізімінде.

Тұщы судың бұл бірегей көзіне әлемдік қордың 20%-ы және ресей қорының 90%-ы тиесілі. Мұндағы судың мөлдірлігі сонша, көктемде 40 метр тереңдікте жатқан тастар көрінеді. Бұл тазалық негізінен - суды өзінің кішкене организмі арқылы өткізіп, көлді тазартатын, тұрқы 1,5 мм микроскопиялық планктонды шаян, байкал эпишурасының еңбегі.

Әрдайым құлпырып тұрады әрі қонақтарға құшағы ашық

Байкал жылдың төрт мезгілінде де қайталанбас сұлулығымен тәнті етеді. Егер мұнда жазда келсеңіз, сізді көгілдір түсті бұлқынған шетсіз-шексіз теңізбен үйлескен қарағай ормандары мен тау шыңдары қарсы алады. Байкалдың көрнекі жерлері дәл осы жаз кезінде бар қырынан ашылады: оның көркем пейзажы көздің жауын алса, саяхаттар бойыңа қуат беріп, аты аңызға айналған көлдің бар қуатын сезінуге мүмкіндік береді.

Қыста сіз нағыз ертегіге тап боласыз: табиғаттың бірегей туындыларын тамашалаңыз, байкал мұзының шытынаған дыбысы ғана бұзатын тыныштыққа құлақ салып, бейқамдықты сезініңіз. Жалпы алғанда Байкал мұзы - қызық құбылыс: ол мөлдірлігімен және ерекше мүсіндерімен таң қалдырады, оның фототартымдылығы адам сенгісіз және ол шабыттандырып қана қоймай, ғылыми зерттеулерге де арқау болып отыр. Ғалымдар мұнда пайда болған мұз шоқыларының - биіктігі 5-6 метрге жететін конус пішіндес төбешіктердің шығу себебін әлі күнге дейін таба алмай дал.

Бірегей табиғат зертханасы

Байкал мен оның жағалау аумағы қайталанбас флорамен және фаунамен ерекшеленеді: суда және құрлықта жануарлар мен өсімдіктердің 3500-ден астам түрі мекен етеді, әрі олардың саны үнемі көбейп отырады.

Байкал тауларын самырсынымен, балқарағайымен, шыршасымен, қарағайымен майқарағайымен және қайыңымен аты шыққан қылқан жапырақты қалың орман басып жатыр. Ойпаң жерлерде қарақат бұталары, бальзамдық теректер, сібір қазанағы және аласа қандыағаш өседі. Әлпеншектер жергілікті флораның көркі саналады: қызғылт түсті орасан көп гүлдің гүлдеуі көл жағасындағы гүлдеген бақ әсерін қалыптастырады.

Байкалда дәрілік өсімдіктер өте көп кездеседі: олар қызғылт семізот, аюжидек, мия, бадан, біржақты ортилия, анис, итбүлдірген, түймедақ, усасыр, қыранқанат. Құмдасын жерлер мен тасты беткейлерде қабынуға қарсы және антисептикалық әсерімен құнды жебіршөп өседі.

Байкалда қандай тіршілік иелері мекендейді?

Мұнда жануарлардың 1550 ден астам түрі мен құстың 236 түрі мекен етеді. Көл Қызыл кітапқа енгізілген және Байкал биосфералық қорығының басты құндылығы саналатын эндемиктермен танымал.

Жарқын өкілдерінен саны ең көп кәсіпшілік балық - түркені (оны Байкал наны деп те атайды) және тірі дернәсілдер туатынымен танымал майбалықты бөле-жара айтуға болады. Жалпы алғанда Байкалда балықтың 50 шақты түрі бар.

Көлді мекендеушілер ішінде қызығушылық тудыратындардың бірі - байкал итбалығы. Ол көлдің реликті әрі символы, тұщы суда мекен ететін әлемдегі жалғыз итбалық. Бұл жануардың Байкалға қалай келгені ғалымдар үшін әлі күнге дейін жұмбақ. Бұл сүйкімді жануарлардың таң қалдырар ерекшелігі бар - олар жүктілікті тоқтата алады. Байкал итбалығы тек жылы шырайлы емес, сонымен қатар ақылды жануар: қатер төнген жағдайда бірден су астына сүңгиді, егер жатақтағы орын бос еместігін көрсе, тұқымдастарын үркітіп, өзіне орын табу үшін жарғақтарымен суды шалпылдатады.

Байкал - бірегей табиғат игілігі, бірақ оның экожүйесі адамның іс-әрекетіне тікелей байланысты және оның қорғауына мұқтаж. Siberian Wellness компаниясы 2012 жылдан бері елдегі басты тұщы су объектісін сақтап қалу жөніндегі қайырымдылық қызметін атқарып келеді. Біз табиғаттың бұл ғажайыбын бірлесіп қорғап, оның ресурстарын болашақ ұрпақтар үшін сақтай алатынымызға сенеміз.