• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Сібір кітабы
Сібір адамшөбі
Жарияланды 19 қазаннаң

Сібір адамшөбі стрессті жеңіп, сергуге көмектесетін №5 тарау

Шығыс Азияның кең жазығында - Жапонияда, солтүстік Қытайда, сондай-ақ Ресейдің Приморье, Хабаровск өлкелерінде, тіпті Сахалинде таңғажайып тікенек элеутерококк өседі.

Бұл пайдалы бұтаның көптеген жіңішке тікен өскен, тармақталған діңі және ұзын сағақты сүйір жапырақтары бар. Өсімдік хош иісті ұсақ гүлдері шығып, жаз соңында гүлдейді, ал күзде жемісі піседі. Ішінде сүйегі бар қара жидектер қара жемісті шетенге ұқсайды.

Элеутерококк - күй талғамайтын өсімдік, ол күн шуағын көп қажет етпейді, топырақ пен ауа ылғалдылығы да аса маңызды емес. Сондықтан бұл өсімдік шырша ағаштары мен балқарағай ормандары арасында жасырынғанды жөн көреді. Бұл бұта қысқы аяздар мен қуаңшылыққа төзімді келеді.

Емдік, пайдалы, сібірде өседі

Тікенек элеутерококк өзінің пайдалы қасиеттері жағынан адамшөп тамырының емдік қасиеттеріне ұқсас. Бірақ нағыз адамшөп табиғатта өте сирек кездеседі, ал оны қолдан өсіру айтарлықтай қиын болғандықтан, сәйкесінше, шикізаттың да, оның негізінде жасалған препараттар мен қоспалардың да бағасы жоғары болады. Ал элеутерококк болса, жабайы табиғатта да жиі кездеседі, қолдан өсіруге де анағұрлым бейімді келеді. Ал пайдасы мен тиімділігі жағынан өзінің атақты туыстасы адамшөптен қалыспайтындықтан, оны "сібір адамшөбі" деп атайды.

Аралардың сүйіктісі

Бағалы балшырынды өсімдік болғандықтан, омарташылық үшін сібір адамшөбінің пайдасы зор. Араларды элеутерококктың сұйық сығындысымен қоректендіру аралардың үлкен отбасыларын өсіруге жәрдемдеседі, олардың тіршілік әрекетін көтереді, жұмыс қабілетін арттырады, үйірленуді, сондай-ақ шірнені қайта өңдеу бойынша жұмысқа қатысуды арттырады. Осының барлығы түптеп келгенде бал мөлшерін көбейтеді.

Тамыр күші

Элеутерококк тамыры адам организміне пайдалы әрі игі әсер етеді. Элеутерококк сығындысы құрамындағы полисахаридтер мен полифенолдар ішкі секреция бездерін белсендіріп, органдар мен биологиялық процестерді бірнеше деңгейде ынталандыра алады.

Емдік сібір адамшөбі:

- стресспен күресте көмектеседі, организмнің төзімділігін арттырады;
- сергітетін және жалпы әлдендіретін қасиетке ие;
- ой мен дененің жұмыс қабілетін арттырады, зейін қоюға жәрдемдеседі;
- иммунитетке қолдау көрсетеді, қабынуға қарсы әсерге ие;
- көмірсу алмасуын реттейді;
- шашты нығайтады және бас терісін сауықтырады;
- терінің ерте қартаюының алдын алады;
- көз жанарын жақсартады.

Элеутерококк негізіндегі препараттар вирустық инфекциялар профилактикасы үшін, сырқаттардан кейін қалпына келу кезеңінде, жалпы стресс пен қатты қажу кезінде, физикалық және ақыл-ой жүктемелері артқанда тиімді болады.

Сіз бұл тамаша өсімдікті біздің өнімімізден де көре аласыз

Сібір адамшөбі - келесідей өнімдер құрамындағы басты компоненттердің бірі:

«Йохимбе және сібір адамшөбі» (500655);
«Тау лавандасы», профилактикалық табиғи тіс пастасы (417381).