• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Wellness 4 жинағы
Қолда жоқ

Wellness 4 жинағы, 2 өнім

Essential Vitamins
Пікірлер жоқ
Күнделікті тамақтануға арналған дәрумендер, минералдар және омега-3 қышқылдарының әмбебап кешені.
Артикул: 500918
Жинақ: 2 өнім
12 000 〒
45 б
Тауар қолжетімді болған кезде сізге хабарлай аламыз
Электрондық поштаңызды енгізіңіз
Мен siberianwellness.com сайтынан хаттар алуға келісемін
Өнім туралы

Жаңа күнді салауатты әдеттен бастаңыз – дәрумендер, минералдар және омега-3 қышқылдарының кешені ағзаны өмірлік маңызды қоректік заттармен қамтамасыз етеді және күнделікті іс-әрекеттерге күш қосады.

Кімдерге арналған?
– Белсенді өмір салтын ұстанатындар;
– қосымша сергектік пен қуат көзін іздеушілер;
– емдәмдік тамақтану арқылы денсаулық пен сұлулықты қолдайтындар.

Қалай жұмыс істейді?
Құрамында магний мен кальцийдің көп мөлшері бар қуатты дәруменді-минералды кешен жоғары белсенділікті, еңбекке қабілеттілікті қолдайды, денеге түсетін күшке бейімделуге, психоэмоционалдық күйзелісті жеңуге және ағзаны сергек ұстауға көмектеседі. Оңтайлы таңдалған мөлшерлемелер арқасында тіпті емдәмдік тамақтану кезінде де зат алмасуды сақтауға қажетті барлық қажетті заттар ағзаға түседі.
Омега-3 (ЭПҚ және ДГҚ) жастықты, белсенділікті және сұлулықты сақтайды, дұрыс зат алмасуды қолдайды, жүрек-қантамыр жүйесін қорғайды және ақыл-ой белсенділігін ынталандырады; зат алмасуды жеделдетеді және артық салмақтан арылуға, гормондардың қалыпқа келуіне көмектеседі және ұрпақ жаңғырту жүйесінің саулығында маңызды рөл атқарады.

Қолданылуы

Ересектерге күніне бір рет "Мегадәрумендер" екі таблеткасын және "Солтүстік омега-3" үш капсуласын 30 күн бойы тамақтану уақытында қабылдау қажет. Қабылдауды жылына 2-3 рет қайталауға кеңес беріледі.

Құрамы
  • «Мегадәрумендер», 60 таблетка
    Кальций карбонаты, магний цитраты, Н33802/1 by DSM Nutritional дәруменді қоспасы (A, D3, E, K1, C, B1, B2, B6, B12 дәрумендері, никотинамид, фолий қышқылы, пантотен қышқылы, биотин дәрумендері), Customix Minerals by DSM Nutritional минералды қоспасы (мырыш, мыс, йод, темір, марганец, селен), Е дәрумені, фолий қышқылы, D3 дәрумені, микрокристалды целлюлоза (толтырғыш), магний стеараты (тығыздалуға қарсы), «Нутрафишиент» кешенді тағамдық қоспасы (жылтыратқыш).
    Соя, лактоза және глюкозамин іздері болуы мүмкін.
    2 таблетканың құрамында:
    Компоненттің атауы Салмағы ТБД-дан* %
    А дәрумені (ретинол ацетаты) 1,12 мг 124**
    D3 дәрумені (холекальциферол) 519 МЕ 130**
    Е дәрумені (альфа-токоферол ацетаты) 21,88 мг 146**
    В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді) 1,62 мг 108**
    В2 дәрумені (рибофлавин) 1,67 мг 93
    В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) 2,1 мг 105**
    В12 дәрумені (цианокобаламин) 3,5 мкг 118**
    С дәрумені (аскорбин қышқылы) 117 мг 130**
    К1 дәрумені (филлохинон) 80 мкг 67
    РР дәрумені (никотинамид) 16,55 мг 82,76
    В9 дәрумені (фолий қышқылы) 552 мкг 138**
    В5 дәрумені (кальций D-пантотенаты) 5,8 мг 116,4**
    H дәрумені (D-биотин) 133,5 мкг 267**
    Мыс 1,4 мг 143,6*
    Йод 149 мкг 99,3
    Темір 19,4 мг 107,9**
    Марганец 1,15 мг 57,9
    Селен 62,2 мкг 113**
    Мырыш 12 мг 100
    Магний 144 мг 38,5
    Кальций 402 мг 40,2
    * ТБД – ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың барабар деңгейі.
    ** ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың рұқсат етілген жоғары деңгейінен аспайды.
    100 г өнімнің тағамдық құндылығы:
    ақуыздар 14 г
    майлар 0,13 г
    көмірсулар 6 г
    100 г өнімнің энергетикалық құндылығы: 200 ккал
  • «Солтүстік омега-3 Essential Fatty Acids», 90 капсула
    Омега-3 MEG-3™ (Dsm Nutritional, Швейцария) терең теңіз балықтарының майынан жасалған өте таза кешен.
    Дақылдар (глютен), қыша, күнжіт, балдыркөк, сүт, балық, шаянтәріздестер, моллюскалар және олардың қайта өңделген өнімдерінің іздері болуы мүмкін.
    3 капсуланың құрамында:
    Белсенді компоненттер Салмағы, мг ТБД-дан* %
    омега-3 ПҚМҚ, 
    оның ішінде
    990 50
    Докозагексаен қышқылы 363 52
    Эйкозапентаен қышқылы 544,5 91

    * ТБД – ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың барабар деңгейі.

Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon