• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Табиғи қоректік коктейль (қара бүлдірген)
Өндірістен алынды
Қолда жоқ

Yoo Gо - Табиғи қоректік коктейль (қара бүлдірген), 25 г-нан 7 порция

Yoo Gо
Қарның ашқан кезде, ал сүйікті джинсыларың тіске басарға қарсы болған кезде, Yoo Go табиғи коктейліне тең келетін нәрсе жоқ! Ішінде сізге күні бойы қажетті нәрсенің бәрі бар: ақуыз, көмірсулар, омега-3, жасұнық – және мұның бәрі шырынды піскен қара бүлдіргеннің сезім жарғыш дәмімен! Бір порцияда бар-жоғы 87 ккал – джинсыға ешқандай қауіп жоқ!
Артикул: 500635
Количество в упаковке: 25 г-нан 7 порция
Өкінішке орай, бұл өнім өндірістен алынды.
Өнім туралы

Дұрыс коктейль — Yoo Go тамақтануды табиғи алмастырғыш! Өзінің теңдестірілген құрамына орай, ол ағзаны өмірлік маңызды нутриенттармен қамтамасыз етіп, ұзақ уақытқа дейін тоқтық сезімін сақтай отыра күніне толықтай екі тамақтанудың орнын оңай басады.

Кімдерге ыңғайлы?
Арықтауға алғашқы қадам жасайтындар үшін.
Өзін сымбатты ұстауға тырысатындар үшін.
Белсенді өмір сүретін және тамақ дайындауға көп уақыт бөлуге дайын емес адамдар үшін.
Салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін.

Ішінде не бар?

  • Толыққанды баяу сіңірілуімен ерекшеленетін PROMILK KAPPA OPTIMUM казеин ақуызы.
  • Тоқтық сезімін қамтамасыз ететін және Ішек микрофлорасын қалыпқа келтіретін биоактивті SweOAT® сұлы тағамдық талшықтары.
  • Зат алмасуды белсендіретін және май алмасуын жеделдететін L-карнитин және момордика сығындысы (ащы қауын).
  • Ағзаны маңызды май қышқылдарымен қамтамасыз ететін Life's GLA® және MEG-3® омега-3 және омега-6 кешендері.
  • Иммундық жүйені нығайтуға арналған ацерола сығындысындағы табиғи С дәрумені.

Коктейлдің небары бір үлесінің құрамында:
87 ккал
17 г ақуыз
3 г көмірсу

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Бұл өнім толық табиғи болып табылады және құрамында келесі заттар:
– қант және мальтодекстрин;
– сырттан енгізілген дәрумендер мен минералдық заттар;
– жасанды иістендіргіштер мен бояғыштар
– консерванттар;
– синтетикалық тағамдық талшықтар (ксантан);
– пальма майы мен оның негізіндегі құрғақ майлар;
– қопсытқыштар және бақылауға қарсы заттар;
– соя мен бұршақ ақуыздары жоқ.

Тез дайында – дұрыс тамақтан!

Қолданылуы

Шейкерде 300 мл майсыз сүтті (немесе 150 мл 1,5 %-дық сүт + 150 мл су) және қалтаның ішіндегісін мұқият араластырыңыз. Араластырғаннан кейін бірден тұтыну керек. Бір реттік тамақтануды алмастыру ретінде қолдану керек.

Құрамы

PROMILK KAPPA OPTIMUM сүт ақуызының (казеин) концентраты, каражидек, таңқурай, құлпынай, қара бүлдірген және аюбадамның кептірілген жидектерінің ұнтағы (жидек қоспасы), жолжелкен тұқым қабықтары, L-карнитин тартрат, «Қара бүлдірген сығындысы бар» тағамдық табиғи хош иістендіргіш, SweOat® сұлының бета-глюкандары, микронизацияланған омега-3 MEG-3® балық майының жартылай қаныққан май қышқылдары, момордика (ащы қауын) сығындысы, ацерола сығындысы, алма қышқылы (қышқылдықты реттегіш), Sigma-D™ стевия жапырақтарының стевиолгликозидтері (тәттілендіргіш).

Бір қалтаның (25 г) құрамында:

Атауы Салмағы ҰТТ-дан* %
L-карнитин   340 мг 113
С дәрумені (аскорбин қышқылы) 21,5 мг 36
В12 дәрумені (цианокобаламин) 1,8 мкг 180
Бета-глюкандар   70 мг 35
АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫ    
Аланин 510 мг  
Аргинин 561 мг  
Аспарагин қышқылы + аспарагин 1139 мг  
Цистеин/цистин 88 мг  
Глютамин қышқылы + глютамин 3519 мг  
Глицин 297 мг  
Гистидин 459 мг  
Изолейцин 824 мг  
Лейцин 1564 мг  
Лизин 1326 мг  
Метионин 459 мг  
Фенилаланин 809 мг  
Пролин 1714 мг  
Серин 901 мг  
Треонин 702 мг  
Триптофан 204 мг  
Тирозин 869 мг  
Валин 1054 мг  
1 үлеске (25 г) арналған тағамдық құндылығы және энергетикалық құндылығы: орташа тәуліктік қажеттіліктен %
ақуыздар 17 г 23
майлар 0,6 г 0,7
көмірсулар 3 г 0,8
Тағамдық талшықтар 0,8 г 2,7
Энергетикалық құндылығы 369 кДж / 87 ккал 3,4

* ҰТТ – ұсынылатын тәуліктік тұтыну.

Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon