• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Oral Health, ауыз қуысының пробиотигі
new

Siberian Wellness Probiotics - Oral Health, ауыз қуысының пробиотигі, 30 таблеток

Siberian Wellness Probiotics
Пікірлер жоқ
Lactobacillus plantarum CBT-LP3 және Lactobacillus acidophilus CBT-LA1 (LAB2PRO™) моно штамдары бар арнайы өсірілген пробиотикалық кешен. Ауыз қуысының микрофлорасының тепе-теңдігін сақтау, тіс эмалін тісжегінен қорғау және 3 жастан асқан балалар мен ересектердің жергілікті иммунитетін қолдау.
Артикул: 501615
Количество в упаковке: 30 таблеток
Қалды: 76 дана
7 300 〒
29 б
  • Өзі алып кету: 32 пунктерде
Тіс жегісінен дәлелденген қорғаныс
Тіс жегісін тудыратын Streptococcus mutans бактерияларынан қорғайтын клиникалық расталған пробиотикалық штамдары.
Лор-ауруларының алдын алу
Жергілікті иммунитетті кешенді қолдау және жұтқыншақ пен ауыз қуысы қабынуының алдын алу.
Максималды тиімділік
Cell Biotech LAB2PRO™ асқазанның қышқыл ортасына төзімді белсенді штамдары (Оңт. Корея).
Қолайлы формат
Құлпынай хош иісі бар дәмді шайнайтын таблеткалар 3+ балалар мен вегетарианшыларға жарайды.
Сіздің күлімсірегеніңіз сау болсын! Бүкіл отбасы үшін Siberian Wellness Probiotics таңдаңыз
Ауыз қуысының микробиомасы – адам ағзасындағы бактериялардың саны бойынша екінші орында. Оның денсаулыққа әсері өте кең: – ас қорытуды қолдау; – «кіру қақпасы» қағидаты бойынша жұқпадан қорғау; – жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру (ауыздағы патогендік микрофлора жүйелік қабынудың¹ күшею арқылы ЖҚА қаупін арттырады); – жүйке жүйесіне күтім жасау (көп мөлшерде тістері жоқ зерттеуге қатысушылардың когнитивті бұзылулар қаупі орта есеппен 48% жоғары және деменция қаупі 28% жоғары; әрбір жоғалған тіс когнитивті бұзылулар қаупінің 1,4% және деменция қаупінің 1,1% жоғарылауымен байланысты болды. 20 немесе одан да көп тістері жоқ қатысушылардың когнитивті бұзылулар қаупі 31% жоғары болды)². Ауыз қуысы микрофлорасының тепе-теңдігі – денсаулықтың ауыр мәселелерінің тиімді алдын-алудың кілті болып табылады!
Инновациялар мен пайда әлемін ашыңыз!
Тіс жегісінен қорғаныс
Ауыз қуысында көптеген пайдалы да және денсаулыққа қауіп төндіретін микроорганизмдер өмір сүреді. Streptococcus mutans бактериялары, ең алдымен, тіс жегі үдерісінің дамуына жауап береді. Бұл қалай болады? Егер сіз тәттілерді жеп, тістеріңізді тазалауды ұмытып кетсеңіз, бактериялар қантты сіңіріп, оны тіс эмалін бұзатын қышқылдарға айналдыра бастайды. Lactobacillus plantarum CBT-LP3 және Lactobacillus acidophilus CBT-LA1 (LAB2PRO™) арнайы өсірілген моноштамдары S. mutans өсуін тежеп, тіс жегінің³ дамуын болдырмайды.
Жергілікті иммунитетті нығайту және тыныс алудың балғындығы
Oral Health ауыз қуысының жергілікті қорғаныс функцияларын белсендіреді және жұтқыншақтағы қабынудан қорғайды. Тыныс алудың балғындығын жақсартады және ауыз қуысының сау бактерияларының көбеюіне ықпал етеді. Мұның бәрі әсіресе кішкентай балалар мен тәттілерді жақсы көретіндер үшін, сондай-ақ иммунитеті төмендеген және имплантаттар/тіс сауыты бар ересектер үшін ауыз қуысының гигиенасы нашар болған жағдайда өте маңызды.
Кімдерге арналған?
  • Ересектерге және 3+ балаларға.
  • Жасанды тістері, тіс сауыттары, импланттары және винирлері бар болса.
  • Лор органдарының аурулары және созылмалы тонзиллит кезінде.
  • Тәттіге әуесқойларға.
  • Ауыз қуысының гигиенасы нашар кезде.
  • Суық тию мезгілі кезінде ағзаны қосымша қорғау үшін.
2
жекелендірілген штамм
5х10⁹
КОЕ
Пайдалы пробиотикалық бактериялардың клиникалық негізделген саны.
Күніне бір таблетка
Профилактикалық нәтижеге қол жеткізу үшін 30 күндік курсқа арналған қаптама.
Құрамы

Құрамы: декстроза моногидраты, фруктоолигосахаридтер, изомальтулоза, микрокристалды целлюлоза (тасымалдаушы), «Құлпынай» жидек ұнтағы (құлпынай езбесі, мальтодекстрин), байланыстырушы қоспа (гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза (тасымалдаушы), аморфты кремний диоксиді (антисептикалық агент)), Lactobacillus plantarum CBT-LP3 и Lactobacillus acidophilus CBT-LA1 пробиотикалық лиофилизденген дақылдар, алма қышқылы (қышқылдықты реттегіш), кальций стеараты (нығыздалуына қарсы агенті), түймедақ сығындысы, табиғи "Құлпынай" тағамдық хош иістендіргіші, тальк (антисептикалық агент).

Құрамында глютен, дақылдар, жержаңғақ, жаңғақ, жұмыртқа, соя, сүт, қыша, күнжіт, балдыркөк, балық, ұлу тәріздестер және олардың қайта өңделген өнімдерінің іздері болуы мүмкін.

1 таблетканың құрамында:

Белсенді компоненттер Саны ТБД-дан* % ТЖРЕД-дан ** %
Лактобактериялар 5х109 КОЕ 10 000 100

* ТБД – ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың барабар деңгейі.
** ТЖРЕД – ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың рұқсат етілген жоғарғы деңгейі.

Қолданылуы
Ересектер мен үш жастан бастап балалар күніне 1 таблеткадан ішеді.
Қабылдау ұзақтығы – 30 күн. Ауыз қуысының гигиенасы нашар және тіс жегісіне бейім болған кезде қабылдауды үнемі қайталаңыз.
Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.