• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Көзге арналған тұрақты қарындаш
Өндірістен алынды
Қолда жоқ

E.N.I.G.M.A. - Көзге арналған тұрақты қарындаш, 0,4 г қара

Жұмсақ қарындаш көз жанарын айқындайды, ал суға төзімді формула күні бойына жарқын түсті сақтайды.
Артикул: 412671
Количество в упаковке: 0,4 г
Түсі: қара
Өкінішке орай, бұл өнім өндірістен алынды.
Өнім туралы

Суға төзімді қарындаш мінсіз бейне жасауға көмектесе отырып, көз жанарын айқын етеді. Табиғи балауыздар теріде қорғаныс қабатын түзеді, шашты нәрлейді және оған табиғи жылтырлық береді. Қанық реңк қабаққа оңай және дәл жағылады және 12 сағат* бойы кетпей тұрады. 

  • Көзге арналған тұрақты қарындаш
  • 12 сағатқа дейін тұрады.* 
  • 96,5% табиғи текті компоненттер 

* Тұтынушылардың сынақтама нәтижелері бойынша. 

Қолданылуы
Қабақтың ұзына бойына, кірпіктің өсу сызығына барынша жақын жағыңыз. 
Құрамы

Ингредиенттері (INCI): темір оксиді (CI 77499), триметилсилоксиликат, циклопентасилоксан, изододекан, полиэтилен, церезин, полиглицерил-2 триизостеарат, балауыз, кремний диоксиді, канделил балауызы, полиизобутен, қара бояғыш 2 (CI 77266), глицерилкаприлат, каприлгликоль, метикон. 

Ингредиенттері: iron oxides (CI 77499), trimethylsiloxysilicate, cyclopentasiloxane, isododecane, polyethylene, ceresin, polyglyceryl-2 triisostearate, wax, silica, euphorbia cerifera (candelilla) wax, polyisobutene, Black 2 (CI 77266), glyceryl caprylate, caprylyl glycol, methicone. 

  • ТАБИҒИ КОМПОНЕНТТЕР:
      • АРА БАЛАУЫЗЫ (BEESWAX)
    Қалпына келтіреді, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды, нәр береді және жылтыратады.
      • КАНДЕЛИЛЛА БАЛАУЫЗЫ (EUPHORBIA CERIFERA (CANDELILLA) WAX)
    Канделилла бұтасының сабақтары мен жапырақтарынан алынған  өсімдік текті табиғи өнім. Кәріптас-сары түсті және жеңіл хош иісті. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз компонент. E902 тағамдық қоспа ретінде тіркелген. Косметикалық индустрияда кеңінен қолданылады:
    – эмульгатор агенті ретінде: ол кремнің құрылымын қалың және біркелкі етеді, теріде қорғаныс пленкасын жасауға мүмкіндік береді;
    – сәндік косметиканың негізі ретінде.
    Канделилла балауызының балқу температурасы өте жоғары болғандықтан, ол далап, косметикалық қарындаш және кірпік тушын өндіруде өте қолайлы. Мұндай косметика ылғалдан, ыстықтан және аяздан қорықпайды, осы өнімдерді қолданып жасалған макияж өте берік болады. Канделилла балауызы өзінің тұрақтылығы арқасында жеңіл бактерияға қарсы әсер етеді. 
  • ҚАУІПСІЗ СИНТЕТИКАЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕР:
      • ЦЕРЕЗИН (CERESIN)
    Минералды балауыз, тазартылған және ағартылған, дәмсіз және иіссіз озокерит. Суда және этанолда ерімейді. Табиғи майлармен жақсы араласады. Ол сәндік және қорғаныш косметикасында қолданылады, жылуға тұрақтылықты арттырады. Қорғаныш кремдерінде, ерін далабында, көбінесе парафинмен бірге оның қоюландырғыш және құрылым түзгіш қасиеттерін жақсарту үшін  қолданылады. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз.
      • ПОЛИЭТИЛЕН (POLYETHYLENE)
    Мұнай газынан немесе спиртті дегидратациялау арқылы алынған, инертті қауіпсіз компонент, суспензиялағыш зат. Косметикалық өнімнің тұтқырлығы мен тұрақтылығын реттеу үшін қолданылады.
      • ЦИКЛОПЕНТАСИЛОКСАН (CYCLOPENTASILOXANE)
    Эстетикалық параметрлері жоғары эмульсияларды дайындауға арналған арнайы ингредиент. Рецептураларды өндіру және әзірлеуде икемділік, силиконды эмульсияларға тұрақтылық береді. Теріні күтуге арналған көптеген құралдарда қолданылады.
      • ДИМЕТИКОН (DIMETHICONE)
    Силикондар сыныбына жататын химиялық полимер, түссіз мөлдір дәмсіз, иіссіз сұйықтық. Тұтқырлықты тұрақтандырғыш. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз. Жұмсартқыш ретінде жұмыс істейді: терінің бетіне тарала отырып, эпидермистің мүйізденген қабыршықтары арасындағы кеңістікті толтырады және ылғалды сақтау үшін тосқауыл түзеді. Ұсақ әжімдерді толтыруға және осылайша терінің сыртқы көрінісін жақсартуға қабілетті - диметикон қосылған құралдарды жаққаннан кейін тері тегіс көрінеді және жұмсарады. 
  • ТАБИҒИ ПИГМЕНТТЕР:
      • ТИТАН ДИОКСИДІ (TITANIUM DIOXIDE)
    Салыстырмалы түрде қауіпсіз компонент. Сәндік косметика өндірісінде қолданылады. 1223/2009 ЕО заңнамасына және 009/2011 КО ТР-ға сәйкес концентрациясы шектеусіз ақ пигмент ретінде пайдалануға рұқсат етілген.
      • ТЕМІР ОКСИДІ (IRON OXIDE)
    Мүмкіндігінше табиғиға жақын әр түрлі түс реңктер қатарын қамтамасыз ететін табиғи қауіпсіз пигмент. Терінің ылғалдылығын реттейді. 1223/2009 ЕО Регламентіне және 009/2011 КО ТР-ға сәйкес шектеусіз қолданылады.
      • МИКА (MICA)
    Минералды пигменттердің көмегімен әр түрлі реңктерге боялатын табиғи слюда. Ұнтақ күйінде түрленгіш: кішкене бөлшектер атлас жылтыр береді, ал үлкен бөлшектер әдемі жылтылдайды. Бөлшектенген пішінінің арқасында тығыз жабын түзеді және макияжды өте берік етеді. Бұл минералды толтырғыш косметикалық құралдардың алуан түрі мен көрнекі әсер алуға мүмкіндік береді. Ол көлеңкелер, тоналды құралдар, ерін далабын жасау үшін қолданылады.
    ЖАСЫЛ ХРОМ ОКСИДІ (CHROMIUM OXIDE GREENS)
    Табиғи текті пигмент. Сәндік косметикада қолданылады. 1223/2009 ЕО Регламентіне және 009/201 КО ТР сәйкес жасыл пигмент ретінде шектеусіз пайдалануға рұқсат етілген.
      • ҚАЛАЙЫ ТОТЫҒЫ (TIN OXIDE)
    Минералды косметикада, мейкап құралдарында және кейбір тері күтіміне арналған өнімдерде қолданылатын бейорганикалық тотық. Түстің қанықтылығын қамтамасыз етеді.
      • ЖАСАНДЫ БОЯҒЫШТАР (BLACK 2, BLUE 1)
    Біздің өнімдерімізде қолданатын синтетикалық бояғыштарды пайдалану әлемдегі көптеген бақылаушы ұйымдармен қауіпсіз деп танылды. Бояғыштар эстетика үшін қосылады, олар сезімдерді күшейтеді және өнімдерді тартымды және ерекше етеді.  
Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
Сапасына кепілдік береміз
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon