• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Қабаққа арналған бояу (жасыл барқыт)
Өндірістен алынды
Қолда жоқ

E.N.I.G.M.A. - Қабаққа арналған бояу (жасыл барқыт), 1,2 г

Жібектей құрылымды, жоғары пигменттелген қабақ бояуы: дымқыл және құрғақ тәсілмен біркелкі жағылады, оңай таралады.
Артикул: 412676
Количество в упаковке: 1,2 г
Өкінішке орай, бұл өнім өндірістен алынды.
Өнім туралы

Күндізгі және кешкі макияж үшін өте қолайлы, жібектей опа құрылымды, жоғары пигменттелген қабақ бояулары. Құрамында қабақтың терісіне мұқият күтім жасайтын табиғи құрауыштар бар. Қанық пигменттің арқасында бояу ұзақ уақыт сақталады, макияжды мәнерлі етуге мүмкіндік бере отырып, оңай қабатталып жағылады. Қабақ бояуы терең, қанық түсті және нәзік жылтыр, бұл сезімтал және талғампаз бейне жасауға көмектеседі. 

  • Құрғақтай немесе дымқыл тәсілмен қарапайым жағылады. 
  • 8 сағатқа дейін тұрады.* 

* Тұтынушылардың қабақ бояуы астына негізді қолдану кезіндегі сынақтамасы бойынша. 

Қолданылуы
Бояудың түсіне қарай оны қабақтың бүкіл үстіне, астыңғы қабаққа, үстіңгі қабақтың қыртысына жағуға болады. 
Құрамы

Ингредиенттер (INCI): титан диоксиді (CI 77891), табиғи слюда, ультрамарин (CI 77007), синтетикалық слюда, тальк, гидрогенделген полидецендер, сары бояғыш 5 lake (CI 77491), берлин лазурі, бор нитриді, магний стеараты, нейлон-12, темір оксиді (CI 77491), диизостеарилмалат, титан оксиді, 1,2-гександиол, каприлилгликоль, бутиленгликоль, токоферил ацетаты, анис сығындысы.

Ингредиенттері: titanium dioxide (CI 77891), mica, ultramarines (CI 77007), synthetic fluorphlogopite, talc, hydrogenated polydecene, yellow 5 lake (CI 19140), iron oxydes (CI 77499), ferric errocyanide, boron nitride, magnesium stearate, nylon-12, iron oxides (CI 77499), diisostearyl malate, tin oxide, 1,2-hexanediol, caprylyl glycol, butylene glycol, tocopheryl acetate, illicium verum (anise) fruit extract. 

  • ТАБИҒИ КОМПОНЕНТТЕР:
      • АНИС СЫҒЫНДЫСЫ
    Өсімдік текті өнім: терінің тығыздалуына, серпімді болуына және сауығуына көмектеседі. 
  • ТАБИҒИ ПИГМЕНТТЕР:
      • ТИТАН ДИОКСИДІ (TITANIUM DIOXIDE)
    алыстырмалы түрде қауіпсіз компонент. Сәндік косметика өндірісінде қолданылады. 1223/2009 ЕО заңнамасына және 009/2011 КО ТР-ға сәйкес концентрациясы шектеусіз ақ пигмент ретінде пайдалануға рұқсат етілген.
      • ТЕМІР ОКСИДІ (IRON OXIDE)
    Мүмкіндігінше табиғиға жақын әр түрлі түс реңктер қатарын қамтамасыз ететін табиғи қауіпсіз пигмент. Терінің ылғалдылығын реттейді. 1223/2009 ЕО Регламентіне және 009/2011 КО ТР-ға сәйкес шектеусіз қолданылады.
      • МИКА (MICA)
    Минералды пигменттердің көмегімен әр түрлі реңктерге боялатын табиғи слюда. Ұнтақ күйінде түрленгіш: кішкене бөлшектер атлас жылтыр береді, ал үлкен бөлшектер әдемі жылтылдайды. Бөлшектенген пішінінің арқасында тығыз жабын түзеді және макияжды өте берік етеді. Бұл минералды толтырғыш косметикалық құралдардың алуан түрі мен көрнекі әсер алуға мүмкіндік береді. Қабақ бояуларын, тоналды құралдарды, ерін далаптарын жасау үшін қолданылады.
      • ТАЛЬК (TALC)
    Табиғи минерал. Опаларда, бет далаптарында, құрғақ қабақ бояуларында гидрофобты толтырғыш ретінде қолданылады. УК-сүзгі ретінде қолдануға болады. Қауіпсіз.
      • УЛЬТРАМАРИН (ULTRAMARINES (CI 77007)
    Табиғи текті пигмент. Сәндік косметикада қолданылады. 1223/2009 ЕО Регламенті және 009/2011 КО ТР сәйкес «лазурит» көк пигмент ретінде шектеусіз пайдалануға рұқсат етілген.
      • ҚАЛАЙЫ ТОТЫҒЫ (TIN OXIDE)
    Минералды косметикада, мейкап құралдарында және кейбір тері күтіміне арналған өнімдерде қолданылатын бейорганикалық тотық. Түстің қанықтылығын қамтамасыз етеді.
      • ЖАСАНДЫ БОЯҒЫШТАР (RED 40 LAKE, YELLOW 5 LAKE, RED NO 201, LITHOL RUBINE BCA, FERRIC FERROCYANIDE)
    Біздің өнімдерімізде қолданылатын синтетикалық бояғыштар әлемдегі көптеген бақылаушы ұйымдармен қауіпсіз деп танылған.
    Бояғыштар эстетика үшін қосылады, олар әсер алуды күшейтеді және сәндік косметиканы тартымды және қалаулы етеді.
     Түстер біздің сезімдерімізге, эмоцияларымызға және денсаулығымызға тікелей әсер етеді. Мысалы, қызыл түс жүректің соғуын күшейтеді! 
  • ҚАУІПСІЗ СИНТЕТИКАЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕР:
      • НЕЙЛОН-12 (NYLON-12)
    Косметикалық құралдарда толтырғыш ретінде қолданылатын лайлағыш агент. Артық майды сіңіреді.
      • ДИМЕТИКОН (DIMETHICONE)
    Силикондар сыныбына жататын химиялық полимер, түссіз мөлдір дәмсіз, иіссіз сұйықтық. Тұтқырлықты тұрақтандырғыш. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз. Жұмсартқыш ретінде жұмыс істейді: терінің бетіне тарала отырып, эпидермистің мүйізденген қабыршықтары арасындағы кеңістікті толтырады және ылғалды сақтау үшін тосқауыл түзеді. Ұсақ әжімдерді толтыруға және осылайша терінің сыртқы көрінісін жақсартуға қабілетті - диметикон қосылған құралдарды жаққаннан кейін тері тегіс көрінеді және жұмсарады.
      • СИНТЕТИКАЛЫҚ ФТОРФЛОГОПИТ (SYNTHETIC FLUORPHLOGOPITE)
    Көбінесе «синтетикалық слюда» деп аталатын косметикалық ингредиент.  Толтырғыш, тұтқырлықты бақылау агенті және эстетикалық энхансер ретінде жіктеледі. Түсті, жылтырды, жарқылды күшейтуге және айқын да берік пигменттелуді қамтамасыз етуге қабілетті. Сәнді косметиканың әр түрлі реңктеріне өте жақсы қанықтылық береді, бет далабы, қабақ бояулары, шиммерлер және т.б құралдардың жұмсақ жағылуын қамтамасыз етеді.  

 

Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
Сапасына кепілдік береміз
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon