• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Ерінге арналған ылғалдандыратын далап (түсі: салқын қызғылт)
Өндірістен алынды
Қолда жоқ

E.N.I.G.M.A. - Ерінге арналған ылғалдандыратын далап (түсі: салқын қызғылт), 3,5 г

Берік түс және ерін күтімі бір далапта: өте жайлылық пен өз-өзіне сенімділікке арналған кремді формула.
Артикул: 406333
Количество в упаковке: 3,5 г
Өкінішке орай, бұл өнім өндірістен алынды.
Өнім туралы

Қанық, жарқын түс және өте жеңіл кремді құрылым - күні бойғы жайлылық пен сенімділік! Құрамында теріні ұқыпты күтетін сібір жидектері - итмұрын, мүкжидек және бүлдіргеннің сығындылары бар. 

  • Терең, қанық, біркелкі реңкті қамтамасыз етеді 
  • Ақпайды немесе жайылмайды 
  • Реңк қарқындылығын сақтайды
  • 8 сағатқа* дейін тыртысу әсерінсіз, ерінге жайлылық сезімін береді*
  • Ерін терісін ылғалдандырады және жұмсартады 
  • Құрылымы жұмсақ, крем тәріздес 
  • Siberian Wellness жеңіл тағам өніміне төзімді 

ТАБИҒИ ЖАСАЛҒАН.
94,2% ТАБИҒИ ИНГРЕДИЕНТТЕР

Бұл өнім жануарларға сыналмаған. Құрамында сульфаттар, парабендер, фталаттар, минералды майлар жоқ. 

* Тұтынушылардың сынақтама нәтижелері бойынша. 

Қолданылуы

Далапты ерінге жағыңыз. Қалауыңызша қылқаламды қолданыңыз. 

Сақтау шарттары: +5-тен +25 С-қа дейінгі температурада сақтау керек.
Ашылғаннан кейінгі жарамдылық мерзімі: 6 ай.

Құрамы

Ингредиенттері (INCI): пропиленгликоль дикаприлат/дикапрат, октилдодеканол, винилдиметикон/метикон силсесквиоксанкросполимер, диизостеарилмалат, ара балауызы, сары бояу 5 Lake (CI 19140), озокерит, гидрогенделген полиизобутен, қызыл бояу 7 Lake (CI 15850), қызыл бояу 28 Lake (CI 45410), темір оксиді (Ci 77491), этилен мен пропиленнің сополимері, парафин, полигидроксистеарин қышқылы, титан диоксиді (CI 77891), феноксиэтанол, каприлгликоль, глицерилкаприлат, токоферилацетат, су, итмұрын жемісінің майы, бутиленгликоль, дәріханалық түймедақ гүлдерінің сығындысы, фрезия гүлінің сығындысы, лаванда гүлінің сығындысы, бұрыш жалбыз жапырағының сығындысы, монарда жапырағының сығындысы, дәрілік гүлшетен жапырағының сығындысы, 1,2-гександиол, мұз саңырауқұлағының сығындысы, қара бүлдірген жемісінің сығындысы, мүкжидек жемісінің сығындысы, этилгексилглицерин. 

Ингредиенттері: propylene glycol dicaprylate/dicaprate, octyldodecanol, vinyl dimethicone/methicone silsesquioxane crosspolymer, diisostearyl malate, beeswax, yellow 5 lake (CI 19140), ozokerite, hydrogenated polyisobutene, red 7 lake (CI 15850), red 28 lake (CI 45410), iron oxides (CI 77491), ethylene/propylene copolymer, paraffin, polyhydroxystearic acid, titanium dioxide (CI 77891), phenoxyethanol, caprylyl glycol, glyceryl caprylate, tocopheryl acetate, water, rosa canina fruit oil, butylene glycol, chamomilla recutita (matricaria) flower extract, freesia refracta extract, lavandula angustifolia (lavender) flower extract, mentha piperita (peppermint) leaf extract, monarda didyma leaf extract, rosmarinus officinalis (rosemary) leaf extract, 1,2-hexanediol, tremella fuciformis (mushroom) extract, rubus fruticosus (blackberry) fruit extract, vaccinium macrocarpon (cranberry) fruit extract, ethylhexylglycerin. 

  • ТАБИҒИ КОМПОНЕНТТЕР:
      • Мүкжидек сығындысы ылғалдандырады және теріні қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғауға көмектеседі.
      • Итмұрын сығындысы жасартатын және қалпына келтіретін әсер береді.
      • Қара бүлдірген сығындысы теріні сергітеді, серпімділік береді.
      • Дәріханалық түймедақ гүлдерінің сығындысы (азулен гүлшоғыры сығындысының белсенді заты) қабынуға қарсы, жазғыш, аллергияға қарсы әсер етеді, УК-сәулеленуден қорғайды.
      • Фрезия гүлдерінің сығындысы терінің серпімділігін қалпына келтіреді, дәрумендендіреді және ылғалдандырады, құрғақтық пен қабыршақтануды жояды.
      • Лаванда гүлдерінің сығындысы теріні жаңартады, сергітеді және жағдайын жақсартады.
      • Жалбыз жапырақтарының сығындысы ылғалды сақтауға көмектеседі, теріні сергітеді және оятады, қорғаныс күштерін жұмылдырады.
      • Монарда жапырақтарының сығындысы - қабынуға қарсы құрал және антиоксиданттық әсер етеді.
      • Дәрілік розмарин жапырақтарының сығындысы бактерицидтік, дезинфекциялық және саңырауқұлаққа қарсы қасиеттерге ие.
      • Мұз саңырауқұлақтарының сығындысы - табиғи текті компонент, өзінің сапасы жағынан гиалурон қышқылынан едәуір жоғары. Теріні тиімді ылғалдандырады, қартаюға қарсы, ылғал сақтағыш, антиоксиданттық және куперозаға қарсы қасиеттері бар. 
  • ҚАУІПСІЗ СИНТЕТИКАЛЫҚ КОМПОНЕНЕТТЕР:
      • ПРОПИЛЕНГЛИКОЛЬ ДИКАПРИЛАТ/ДИКАПРАТ (PROPYLENE GLYCOL DICAPRYLATE/DICAPRATE)
    Теріге жылтырлық сезімін беретін жұмсартқыш. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз компонент. Мұнай өңдеу өнімдерін синтездеу нәтижесінде алынады. Толықтай биоыдырайды. Жеке көтере алмашулық болуы мүмкін.
      • ПАРАФИН (PARAFFIN)
    Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз компонент. Қаныққан ациклді көмірсутектер қоспасы, мұнай өңдеу өнімі. Ол ерін далаптарында, кірпік туштарында, декоративтік қарындаштарда қоюландыратын ингредиент ретінде қолданылады. Уытты емес.
      • ОЗОКЕРИТ (OZOKERITE)
    Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз компонент. Мұнай өңдеу өнімі. Ерін далаптарында байланыстырғыш, эмульсиялық тұрақтандырғыш, қоюландырғыш, тұтқырлықты реттегіш ретінде қолданылады. Физиотерапияда (озокеритотерапияда) кеңінен қолданылады.
      • ФЕНОКСИЭТАНОЛ (PHENOXYETHANOL)
    Консервант, күшті антибактериалдық құрал және антисептик. Парабендердің орнына қолданылады. Теріге жағу кезінде де, ішке қабылдау кезінде де мүлдем қауіпсіз*.
      • ЭТИЛЕН ЖӘНЕ ПРОПИЛЕН СОПОЛИМЕРІ (ETHYLENE/PROPYLENE COPOLYMER)
    Үлбір түзгіш полимер. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз.
      • ВИНИЛДИМЕТИКОН (VINYL DIMETHICONE/METHICONE SILSESQUIOXANE CROSSPOLYMER)
    Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз компонент. Сәндік косметиканың жабысқақтығын азайтуға көмектесетін кремний қос тотығы бөлшектерімен қапталған эластомер болып табылады. Өте жақсы сіңіргіш қасиеттерге ие, сондықтан терінің майлы жылтырын басу құралдарында белсенді қолданылады. Құрамына винилдиметикон қосылған косметика теріге барқыт тәрізді жібектей сезім қалдырады, кемшіліктерді жақсы жасырады.
      •  ДИМЕТИКОН (DIMETHICONE)
    Силикондар сыныбына жататын химиялық полимер, түссіз мөлдір дәмсіз, иіссіз сұйықтық. Тұтқырлықты тұрақтандырғыш. Мақсаты бойынша қолданған кезде мүлдем қауіпсіз. Жұмсартқыш ретінде жұмыс істейді: терінің бетіне тарала отырып, эпидермистің мүйізденген қабыршықтары арасындағы кеңістікті толтырады және ылғалды сақтау үшін тосқауыл түзеді. Ұсақ әжімдерді толтыруға және осылайша терінің сыртқы көрінісін жақсартуға қабілетті - диметикон қосылған құралдарды жаққаннан кейін тері тегіс көрінеді және жұмсарады.
      • ЭТИЛГЕКСИЛГЛИЦЕРИН (ETHYLHEXYLGLYCERIN)
    Глицериннің моноалкилді эфирі, түссіз сұйықтық. Дәнді дақылдардан өндіріледі. Күші бойынша парабенді аналогтармен салыстыруға болатын, ең күшті «жасыл» консерванттардың бірі болып табылады. Формальдегид бөлмейді. Кең рН ауқымында қолдануға болады. Косметикада ұсынылады:
    – теріге арналған жұмсартқыш қоспа ретінде;
    – эмульсияның тактильді сезімін жақсартатын қосымша;
    – грамоң бактерияларға қарсы белсенді дезодорантты қоспа.
    Гликолдар мен спирттер сияқты басқа микробқа қарсы құралдардың белсенділігін күшейтеді. Терінің ылғалдануына ықпал етеді.
  • ТАБИҒИ ПИГМЕНТТЕР:
      • ТИТАН ДИОКСИДІ (TITANIUM DIOXIDE)
    Салыстырмалы түрде қауіпсіз компонент. Сәндік косметика өндірісінде қолданылады. 1223/2009 ЕО заңнамасына және 009/2011 КО ТР-ға сәйкес концентрациясы шектеусіз ақ пигмент ретінде пайдалануға рұқсат етілген.
      • ТЕМІР ОКСИДІ (IRON OXIDE)
    Мүмкіндігінше табиғиға жақын әр түрлі түс реңктер қатарын қамтамасыз ететін табиғи қауіпсіз пигмент. Терінің ылғалдылығын реттейді. 1223/2009 ЕО Регламентіне және 009/2011 КО ТР-ға сәйкес шектеусіз қолданылады.
      • МИКА (MICA)
     Минералды пигменттердің көмегімен әр түрлі реңктерге боялатын табиғи слюда. Ұнтақ күйінде түрленгіш: кішкене бөлшектер атлас жылтыр береді, ал үлкен бөлшектер әдемі жылтылдайды. Бөлшектенген пішінінің арқасында тығыз жабын түзеді және макияжды өте берік етеді. Бұл минералды толтырғыш косметикалық құралдардың алуан түрі мен көрнекі әсер алуға мүмкіндік береді. Қабақ бояуы, тоналды құралдар, ерін далабын жасау үшін қолданылады.
      • ЖАСАНДЫ БОЯҒЫШТАР (САРЫ 5 LAKE, ҚЫЗЫЛ 7 LAKE, ҚЫЗЫЛ 28 LAKE)
    Біздің өнімдерімізде қолданылатын синтетикалық бояғыштар әлемдегі көптеген бақылаушы ұйымдармен қауіпсіз деп танылған.
    Бояғыштар эстетика үшін қосылады, олар әсер алуды күшейтеді және сәндік косметиканы тартымды және қалаулы етеді.
    Түстер біздің сезімдерімізге, эмоцияларымызға және денсаулығымызға тікелей әсер етеді. Мысалы, қызыл түс жүректің соғуын күшейтеді!

* Cosmetic Ingredient Review (CIR) Expert Panel клиникалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша. 

Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
Сапасына кепілдік береміз
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon