Жартылай мөлдір жағылатын жидек түсті жылтыр еріннің табиғи нәзіктігін баса көрсетеді, жабысқақ сезімін туғызбай, теріге күтім жасайды және жайлылық сыйлайды. Бағалы майлар мен Е дәрумені қосылған формула теріні қоректендіреді және серпімділігін арттырады, жұмсартады және жағымсыз УК-әсерінен қорғайды.
ТАБИҒАТ ТУЫНДЫСЫ. 95,59% ТАБИҒИ ТЕКТІ ИНГРЕДИЕНТТЕР
Бұл өнім жануарларға сыналмаған. Құрамында сульфаттар, парабендер, фталаттар, минералды майлар жоқ.
Қолдану тәсілі: жеке немесе кез келген ерін далабына соңғы штрих ретінде жағыңыз. |
Белсенді компоненттер: авокадо, жожоба және күнбағыс майлары, Е дәрумені.
ТАБИҒИ КОМПОНЕНТТЕР:
— ДИИЗОСТЕАРИЛМАЛАТ (DIISOSTEARYL MALATE)
Изостеарил спиртінің және алма қышқылының эфирі. Ерінге күтім жасау құралдарында ол ыдыратқыш ретінде жұмыс істейді, өнімнің тұтқырлығын және оның тотығуға төзімділігін арттырады.
— АВОКАДО МАЙЫ (PERSEA GRATISSIMA (AVOCADO) OIL)
Қалпына келтіретін, жасартатын және қабынуға қарсы әсері бар, серпімділікті арттырады және теріні жұмсартады.
— КҮНБАҒЫС МАЙЫ (HELIANTHUS ANNUUS (SUNFLOWER) SEED OIL)
Теріні ылғалдандырады, нәрлейді, жұмсартады және ультракүлгіннен қорғайды.
— ЖОЖОБА МАЙЫ (SIMMONDSIA CHINENSIS (JOJOBA) SEED OIL)
Теріні нәрлейді, қалпына келтіреді және жасартады, серпімділікті арттырады және қабынуға қарсы әсер етеді.
— ОКТИЛДОДЕКАНОЛ ЭФИРІ (OCTYLDODECANOL)
Хош иістендіргіш. Теріні кондициялауға жауап береді, жұмсартады.
— ГЛИЦЕРИЛКАПРИЛАТ (GLYCERYL CAPRYLATE)
Табиғи консервант.
— КАПРИЛИЛГЛИКОЛЬ (CAPRYLYL GLYCOL)
Табиғи консервант.
— Е ДӘРУМЕНІ (TOCOPHERYL ACETATE)
Өте керемет антиоксидант, еріннің нәзік терісін тамаша нәрлендіреді, жұмсартады және ылғалдандырады, УК-сәулелерінен қорғайды.
— ЭТИЛГЕКСИЛГЛИЦЕРИН (ETHYLHEXYLGLYCERIN)
Ең күшті «жасыл» консерванттардың бірі.
ТАБИҒИ ПИГМЕНТТЕР:
— ТИТАН ДИОКСИДІ (TITANIUM DIOXIDE)
Сәндік косметика өндірісінде қолданылады. 1223/2009 ЕО заңнамасына және 009/2011 КО ТР сәйкес концентрациясы шектеусіз пайдалануға рұқсат етілген.
— ТЕМІР ОКСИДІ (IRON OXIDE)
Мүмкіндігінше табиғиға жақын әр түрлі түс реңктер қатарын қамтамасыз ететін табиғи қауіпсіз пигмент. Терінің ылғалдылығын реттейді. 1223/2009 ЕО Регламентіне және 009/2011 КО ТР-ға сәйкес шектеусіз қолданылады.
— МИКА (MICA)
Минералды пигменттердің көмегімен әр түрлі реңктерге боялатын табиғи слюда. Ұнтақ күйінде түрленгіш: кішкене бөлшектер атлас жылтыр береді, ал үлкен бөлшектер әдемі жылтылдайды. Бөлшектенген пішінінің арқасында тығыз жабын түзеді және макияжды берік етеді. Алуан әртүрлі косметика құралдары мен көрнекі әсерлер алуға мүмкіндік береді. Қабақ бояуларын, тоналды құралдарды, ерін далаптарын жасау үшін қолданылады.
ҚАУІПСІЗ СИНТЕТИКАЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕР:
— ПОЛИБУТЕН (POLYBUTENE)
Қауіпсіз компонент. Ылғалдандыратын және ылғалдан қорғайтын қасиеттері бар жұмсартқыш.
— ТРИЭТИЛГЕКСАНОИН (TRIETHYLHEXANOIN)
Мүлдем қауіпсіз компонент. Өнімдердің тұтқырлығын арттырады.
— БЕНЗОТРИАЗОЛИЛДОДЕКИЛ П-КРИЗОЛ (BENZOTRIAZOLYL DODECYL P-CRESOL)
Ультракүлгін сәулесінің әсерін азайтады.
Ингредиенттері (INCI): диизостеарилмалат, полибутен, гидролизделген полиизобутені, триэтилгексаноин, этилен/пропиленсополимер, диметилсилат кремний диоксиді, полиглицерил-2 диизостеарат, авокадо майы, күнбағыс майы, жожоба майы, 5 Lake сары (CI 19140), титан диоксиді (CI 77891), Қызыл 7 Lake (CI 15850), глицерилкаприлат, каприлилгликоль, хош иіс, токоферол ацетаты, темір оксиді (CI 77491), этилгексилглицерин, бензотриазолилдодекил п-кризол.
Ингредиенттері: diisostearyl malate, polybutene, hydrogenated polyisobutene, triethylhexanoin, ethylene/propylene copolymer, silica dimethyl silylate, polyglyceryl-2 triisostearate, persea gratissima (avocado) oil, helianthus annuus (sunflower) seed oil, simmondsia chinensis (jojoba) seed oil, yellow 5 lake (CI 19140), titanium dioxide (CI 77891), red 7 lake (CI 15850), glyceryl caprylate, caprylyl glycol, tocopheryl acetate, fragrance, iron oxide (CI 77499), ethylhexylglycerin, benzotriazolyl dodecyl p-cresol.
Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.