• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Қолда жоқ
Денеге арналған қант скрабы Орман жидегі & көк шай – SPA Collection

SPA Collection - Денеге арналған қант скрабы Орман жидегі & көк шай – SPA Collection

, 100 мл   Сериясы: SPA Collection
Арт. 410016
3 бағалар
Табиғи қант пен піскен жидектердің ұсақталған дәндері қосылған нәзік скраб теріңізге ғажайып тегістік және барқыттық сыйлайды.
3 300 〒
14 б
Көлемі: 100 мл
Тауар қолжетімді болған кезде сізге хабарлай аламыз
Электрондық поштаңызды енгізіңіз
Өнім туралы

Табиғи қант пен піскен жидектердің ұсақталған тұқымдары қосылған нәзік скраб теріңізге ғажайып тегістік пен барқыттылық сыйлайды. Ши мен пісте майларының керемет ылғалдандырушы қасиеттері бар, көк шайдың сергітетін ноталарымен ерекшеленген, жарқын орман құлпынайының сезімтал хош иісі тері күтімін таңдаулы рахатқа айналдырады!

Өнімнің негізінде: 

  • Жасыл шай сығындысы – қартаюға қарсы жане детокс-нәтиже көрсететін табиғи антиоксидант. Көк шай негізіндегі құралдарды күнделікті күтімде қолдану - теріңізді жетілдірудің кілті! 
  • Бүлдірген жидектерінің сығындысы теріні керемет қоректендіріп, ағзаның ішкі процестерін белсендіре отырып, жасартатын әсер береді. Бүлдірген жидектерінің сығындысы қосылған құралдар құрғақ және қабыршақтанған теріге өте қолайлы.
  • Таңқурай жидегі сығындысы, теріге жандандыру және жаңарту әсерін береді. Құрамында Е, РР, А, В2 дәрумендері, органикалық қышқылдар мен антиоксиданттар болғандықтан, оған негізделген құралдар теріні сергітеді, жасартатын әсері бар және целлюлитке қарсы күресте көмектеседі. 

Керемет спа-салтымен нағыз бақыт әлеміне көшіңіз: піскен орман құлпынайының сезімтал хош иісіне және көк шайдың сергітетін ноталарына бөленіңіз! Теріні денеге арналған қант скрабымен жаңартыңыз, содан кейін ылғалдандыратын душ гелін қолданыңыз және спа-рәсімін керемет денеге арналған ылғалдандыратын сүтпен аяқтаңыз. 

Табиғи қабыршақтайтын компоненттер және нәрлендіретін майлар қосылған денеге арналған скрабтар теріні ұқыпты жаңартады, оны жібектей және тегіс етеді, сүйікті хош иіс ізін қалдырады! SPA  Collection скрабтық бөлшектері ретінде табиғи қант, жабайы жидектердің ұсақталған дәндері және балқарағай жаңғағының қабығы қосылады. Теріні ылғалдандыру үшін табиғи майлар мен жемістер және өсімдіктердің сығындылары қолданылады. 

SPA Collection құралдары үнемі қолдануға, теріні нәзік және қарқынды тазартуға қолайлы. Скрабтың құрамында сульфаттар, парабендер, фталаттар, минералды май жоқ.

Қолданылуы
Шынтаққа, тізеге және табанға ерекше көңіл бөле отырып, скрабты ылғалды дене терісіне айналдыра уқалау қимылдарымен жағыңыз. Көп су мөлшерімен жуыңыз. Скрабтан кейін SPA Collection сериясының ылғалдандырғыш сүтін пайдаланыңыз.
Өнім туралы пікір

3 пікір негізінде

Сапасына кепілдік береміз
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon