• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Бетке арналған жаңартатын скраб
Өндірістен алынды
Қолда жоқ

ENDEMIX™кешені бар косметика - Бетке арналған жаңартатын скраб, 75 мл

Грек жаңғағы қабығының ұнтағынан жасалған нәзік құрал тіпті құрғақ және сезімтал бет терісін де терең тазартып, жағымды салқындатады.
Артикул: 411564
Объем: 75 мл
Өкінішке орай, бұл өнім өндірістен алынды.
Өнім туралы

Бет терісін үйде тазартудан барынша рахат алыңыз! Нәзік скрабтаушы бөлшектер тіпті құрғақ және сезімтал теріні де жаңартады, ал табиғи компоненттер ылғалдандыру және дәрумендермен қанықтыруға жағдай жасайды.

  • Бүрген жидектері мен мүкжидек грек жаңғағы қабығының ұнтағымен үйлесімде тері бетіндегі мүйізденген қабыршақтарды кетіреді, жасушалардың жаңаруын тездетеді және теріні дәрумендермен және микроэлементтермен қанықтырады.
  • Табиғи майлар теріні ылғалдандырып, жайлылық әсерін сыйлайды.
  • Кофеин микроциркуляцияны белсендіреді және терінің лимфа дренаждық қасиеттерін жақсартады.
  • Ментол жағымды сергітеді, терінің микрокапиллярларын жақсы күйде ұстауға ықпал етеді.
  • ENDEMIX™ эндемикалық сібірлік өсімдіктердің белсенді заттар кешені тері жасушаларының регенерациясын 26,6% -ға күшейтеді.

Нәтиже: тері мінсіз тазарады және балғын көрінеді.
*in vitro сынақтама нәтижелері бойынша.

 

· Бет терісі жасушаларының жұмсақ жаңаруы.
· Құрғақ, сезімтал және өте кінәмшіл теріге де қолдануға болады.

Жабайы өсетін шөптер, суық сығылған өсімдік майлары, жоғары сапалы эфир майлары негізіндегі өнім. Құрамында ГМА жоқ. Экологиялық қауіпсіз сақтау жүйелерін қолдана отырып, биологиялық белсенділігі максималды жоғары, жоғары сапалы биоыдырайтын шикізаттан жасалған.
Құрамында парабендер, SLS, SLES, сульфаттар, фталаттар, минералды майлар және мұнай өңдеу өнімдері жоқ.

Формуланың максималды табиғилығы және жаңа буынның экологиялық таза биоыдырағыш консерванттарын қолдану өнімнің қысқа уақытқа - 18 айға сақталу мерзімін қамтамасыз етеді.
Аллергиялық реакцияларды болдырмау үшін және жоғары белсенді сығындылар мен майларды ықтимал көтере алмаушылықты анықтау үшін косметикалық құралды шынтаққа жағу арқылы сынауды ұсынамыз.
Табиғи шикізат құралдың барлық сақтау мерзімі ішінде тұнбаға түсуі немесе түсін өзгертуі мүмкін. Бұл өнімге әсер етпейді немесе оның тиімділігін төмендетпейді.

Қолданылуы
Скрабтың аздаған мөлшерін алдын ала тазартылған теріге жағып, көз бен ерін айналасына тигізбей, массаж сызықтары бойымен жеңіл қозғалыспен таратып жағыңыз. Бір минут бойы уқалап, 3-5 минутқа қалдырыңыз, жылы судың көп мөлшерімен жуыңыз.
Құрамы

Белсенді өсімдік құрамы: грек жаңғағы қабығының ұнтағы, кофеин, бүрген жидектері және мүкжидек, ENDEMIX™ өсімдік сығындыларының кешені (саган-дайли, элеутерококк, қызыл щетка, марал тамыры, байкал томағашөбінің сығындылары).

Құрамысу, глицерин, ши майы, шыны түйіршіктер, миристиллактат, мочевина, цетеарил спирті, пальмит қышқылы, стеарин қышқылы, каприк/каприлик триглицерид, кастор майы, жүгері майы, жаңғақ қабығынан жасалған ұнтақ, глицерилстеарат, кофеин, хош иістендіргіш, ксантан шайыры, хлорфенезин, ментол, вибурн жидектері, ақшатыр жидектері, бетаин, изопропил метилфенол, лимон қышқылы, ENDEMIX™ өсімдік экстрактарының кешені (саган-дайли, элеутерококк, қызыл щетка, марал тамыры, байкал томағашөп сығындылары), натрий гидроксиді, натрий бензоаты, калий сорбаты.

Ингредиенттері (INCI): aqua (water), glycerin, butyrospermum parkii (shea) butter, glass beads, myristyl lactate, urea, cetearyl alcohol, palmitic acid, stearic acid, caprylic/capric triglyceride, ricinus communis (castor) oil, zea mays (corn) oil, juglans regia (walnut) nut shell powder, glyceryl stearate, caffeine, aroma, xanthan gum, chlorphenesin, menthol, viburnum opulus (guelder rose) fruit powder, vaccinium oxycoccos (cranberry) fruit powder, betaine, o-cymen-5-ol, citric acid, комплекс растительных экстрактов ENDEMIX™ (rhododendron adamsii extract, eleutherococcus senticosus (eleuthero) root extract, rhaponticum carthamoides (maral root) root extract, rhodiola quadrifida extract, scutellaria baicalensis extract), sodium hydroxide, sodium benzoate, potassium sorbate.

Пікірлері
send_reviewБұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
Сапасына кепілдік береміз
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon