Негізгі компоненттері
Е табиғи дәрумені (DSM Nutritional, Швейцария)
Бета-каротиннің әсерін күшейте отырып, тотығу процестерінің алдын алып және терінің жастығын сақтай отырып, терінің липидті кедергісін қалпына келтіреді.
D₃ дәрумені (холекальциферол)
D₃ дәрумені май бездерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді, теріні жарқын және шымыр етеді, әжім мен қабынудың пайда болуын алдын алып, anti-age әсерін береді. Зақымданудан кейін қалпына келтіруге және терінің жаңаруына ықпал етеді, иммундық тосқауылды қамтамасыз етеді.
Шырғанақ майы
Табиғи антиоксидант Шырғанақ майы – теріні нәрлеуге, эпителий тіндерін қалпына келтіруге және қорғауға арналған дәрумендердің, макро- және микроэлементтердің, амин қышқылдарының, моно- және жартылай қанықпаған май қышқылдарының, фософлипидтердің бай көзі. Бета-каротиннің әсерін күшейтеді.
Фолий қышқылы (витамин В9)
B9 жасушаларды шаш түбірінің өсуін белсендіретін оттегімен қанықтырады.
Биотин
Шаштың, терінің және тырнақтың сұлулығына жауап береді. Өсу мен жаңару үшін қажетті қоректік заттардың алмасуына қатысады.
ПАНТОТЕН ҚЫШҚЫЛЫ
Судың тепе-теңдігін сақтайды, кератин талшықтарының беріктігін сақтауға көмектеседі.
Никотинамид
Қан айналымын қалыпқа келтіреді, өте жақсы антиоксидант болып табылады, шаштың өсуін тездетеді, шаштың түбінің қоректенуін жақсартады.
В тобының басқа дәрумендері (B1, B2, B6, B12)
B1 кератиннің түзілуіне ықпал етеді, B2 жасушаның тыныс алу үдерістеріне қатысады, онсыз бас терісі майланып, шаштың ұштары - құрғайды; В6 ағзадағы зат алмасу үдерістерін қалыпқа келтіреді, В12 шаштың түсуін азайтады және жылтыратады.
А ДӘРУМЕНІ
Тері мен шаштың табиғи сыртқы түрін сақтау үшін өте маңызды. Шаштың табиғи жылтырын қалпына келтіреді, көлем береді және құрғақтықпен күреседі.
С дәрумені
Шаш пен тырнаққа өте пайдалы. Қайызғақтан, құрғақ және сынғыш тырнақтардан зардап шегетіндер үшін қажетті шаш фолликулаларының дұрыс қоректенуін қамтамасыз етеді.
Е дәрумені
Тері астындағы май бөлінуінің реттелуіне әсер етеді, шаш фолликулаларын нәрлейді және олардың өсуін ынталандырады, оттегімен тыныс алуын қалыпқа келтіреді.
К1 ДӘРУМЕНІ
К1 дәрумені тырнақ пластинасын және сүйек тінін нығайтатын остеокальциннің түзілуіне қатысады.
Коэнзим Q10
Қартаю процестерінен қорғайды, терінің серпімділігі мен созылғыштығын сақтайды.
Бета-каротин
Ол теріде жиналады және антиоксидантты және емдік функцияны орындаумен қатар, күшті табиғи жарық сүзгісі ретінде әрекет етеді. Күн сәулесінің ультракүлгін бөлігін бұғаттайды, бета-каротин күнге күйіп қалу қаупін,фото қартаюды едәуір азайтады. Көптеген басқа маңызды антиоксиданттардан айырмашылығы, ол теріде және шырышты қабаттарда жинақталу қабілетіне ие.
Пікір жазу
Өз бағаңызды қосыңыз
0/2000
Пікірді қалай жазуға болады?
Өнімнің оң және теріс жақтарын және оны қолданудың жалпы тәжірибесін сипаттаңыз;«Пікірді жіберу» батырмасын басыңыз. Егер ол белсенді болмаса, өз бағаңызды қойып, мәтін жолағын толтырыңыз. Пікірді сайтта жариялау туралы хабарлама тіркеу кезінде көрсетілген e-mail-ға келеді;Егер сізде сұрақ немесе шағым болса, жылдам байланыс үшін біздің поштаңызға жазыңыз call-centre@sibvaleo.com Пікірлер модерациядан кейін жарияланады, сондықтан олар сайтта бірден пайда болмайды.
Сайт тілі
Қазақша

KZ

Русский

RU

Beauty Box / Сұлулық және жарқырау
hit
Өндірістен алынды

DAILY Box жинағы - Beauty Box / Сұлулық және жарқырау, 2 капсуладан 30 қалта

Дәруменді-антиоксидантты бьюти-кешен сенің сұлулығың мен жастығың экологияға, күйзеліске және ұйқының болмауына байланысты болмайтындығына көз жеткізеді. Дәрумендер мен минералдар оңтайлы мөлшерде шаштың, тырнақтың және терінің күйін жақсартуға көмектеседі және сізді күн сайын қуаттандырады. Дәлелденген антиоксиданттар жиынтығы қартаю процесін баяулатады және жастықты ұзартуға көмектеседі.
Артикул: 500172
Количество в упаковке: 2 капсуладан 30 қалта
Өкінішке орай, бұл өнім өндірістен алынды.
Бьюти-дәрумендердің толыққанды кешені
12 дәрумен (биотин, фолий және пантотен қышқылдарын қоса) – сіздің сұлулығыңызға толық күтім жасау үшін.
Жоғары белсенді антиоксидантты формула
Коэнзим Q10, бета каротин және Е дәрумені – Фото қартаю мен ерте әжімдерден қорғау үшін.
Қолайлы формат
Барлық қажетті сұлулық элементтері бір пакетте. Күніне бір рет қабылдау қажет!
Таңқалған көзқарастарды тартыңыз!
Теріңіз сұрланып, бетіңіз шаршаңқы көріне ме? Бет әрлеу көз астындағы қара шеңберді жасырмай ма? Уақыт сіздің жағыңызда емес пе? Сауық кешке барғың келеді, бірақ оған күш жоқтың қасы ма? Мінсіз көріну үшін тек косметикалық құралдар жеткіліксіз, – сенің ағзаңа дәрумендер мен антиоксиданттар қажет! BEAUTY Box - әрбір заманауи әйелдің жастығы мен сұлулығын барынша қолдауға арналған дәрумендер мен антиоксиданттардың толыққанды кешені.
Әйелдердің денсаулығы мен сұлулығы үшін оңтайлы шешім!
12 негізгі дәрумен
Басым бөлігі К1, С дәрумендері, никотинамид, фолий және пантотен қышқылдары болып табылатын әйелдер дәрумендерінің арнайы таңдалған кешені тырнақты нығайтуға, қаназдықтың алдын алуға көмектеседі, иммунитетті арттырады және жақсы өзсезінім сыйлайды.
Коэнзим Q10
Ағзадағы барлық жасушалық энергияның 95%-ын өндіруге қатысатын жастық пен сұлулық молекуласы. Ерте қартаюдан сақтайды, теріні жарқыратып, әрлендіріп, серпімділігін арттырады.
Антиоксидантты бьюти-кешен
шырғанақ майы, табиғи бета-каротин мен Е дәрумені теріні нәрлендіреді, ультракүлгін сәулесі мен құбылмалы температураның кері әсерінен қорғайды. Таурин шаштың берік және қалың болып өсуін арттырады, зат алмасуының жеделдеуіне көмектеседі.
Төмендегілер үшін:
  • ұзақ жылдар бойы жастық пен сұлулықты сақтағысы келеді;
  • экологиялық қолайсыз аймақта тұрады;
  • теңгерімсіз диетасы барларға.
Әр қалташада:
12
сұлулық дәрумені
Теріні, шашты және тырнақтарды керемет күйде ұстауға көмектеседі.
65,3 %
коэнзим Q10
Қартаюдан қорғауды қамтамасыз ететін аңызға айналған компонент.
4
табиғи антиоксиданттар
Ультракүлгін және температураның өзгеруінің агрессивті әсерінен қорғау үшін.
Құрамы

№ 1 кешен (сары капсула, 30 × 550 мг): дәруменді қоспа Н33802/1 (А, D3, Е, К1, В1, В2, В6, В12, С дәрумендері, никотинамид, фолий қышқылы, пантотен қышқылы, биотин), таурин, коэнзим Q10, Е дәрумені, D3 дәрумені, фолий қышқылы. Капсула қабығы сиыр желатинінен жасалған.

№ 2 кешен (қызыл капсула): шырғанақ майы, токоферолдар қоспасы (табиғи Е қоспасы), табиғи бета-каротин CaroCare®. Капсула қабығы сиыр желатинінен жасалған.

Дақылдар (глютен), соя, қыша, күнжіт, балдыркөк, сүт, балық, шаянтәріздестер, ұлу тәріздестер және олардың қайта өңделген өнімдерінің іздері болуы мүмкін.
Қабықша құрамында титан диоксиді жоқ.

1 пакет (2 капсула) құрамында:

Белсенді компоненттер
Салмағы, мг
ТБД-дан* %
Таурин  213,5 53,4
А дәрумені (ретинол ацетаты) 1,2 133**
D3 дәрумені (холекальциферол) 0,011 110**
Е дәрумені (альфа-токоферол ацетаты, токоферолдар қоспасы (альфа-, бета-, гамма-, дельта-токоферол) 43,5 290**
К1 дәрумені (филлохинон) 0,09 75
В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді) 1,75 117**
В2 дәрумені (рибофлавин) 1,83 102**
В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) 2,25 112,5**
В12 дәрумені (цианокобаламин) 0,004 133,3**
С дәрумені (аскорбин қышқылы) 127 141**
РР дәрумені (никотинамид) 17,9 89,5
В9 дәрумені (фолий қышқылы)  0,56 140**
В5 дәрумені (кальций D-пантотенаты) 6,3 126**
H дәрумені (D-биотин) 0,14 280**
Коэнзим Q10  19,6 65,3
Бета-каротин 6 120**

* ТБД ЭҚАБЖ тұтынудың барабар деңгейі.
** ЭҚАБЖ бойынша тұтынудың жоғарғы рұқсат етілген деңгейінен аспайды. 

Қолданылуы
1 ай
Тамақтану уақытында бір пакет.
Siberian Wellness басқа сұлулық өнімдерімен тамаша үйлеседі.
Пікірлері
Бұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon