• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Қолда жоқ
Absolu (Абсолют), парфюмерлік суы

L'INSPIRATION DE SIBÉRIE - Absolu (Абсолют), парфюмерлік суы

, 5 мл  
Арт. 419228
3 бағалар
Әйелдер және ерлерге арналған: тауашалы жемісті-гүлді кемел-хош иісі.
2 360 〒
12 б
Көлемі: 5 мл
Тауар қолжетімді болған кезде сізге хабарлай аламыз
Электрондық поштаңызды енгізіңіз
Өнім туралы

Парфюмердің шеберлігінің арқасында бұл хош иісте қарабайыр, нағыз, шынайы табиғат көрініс тапты. Хош иіс қарама-қайшылықтардан тоқылған: алдымен сіз ащы мускат жаңғағы мен тартылған имбирдің диалогын көресіз. Содан кейін жылы амбра мен суық кориандрдың күресі. Сіз бұл ойынды басынан бастап ішкі әлеміңіздің сұлулығының күші мен нәзіктігін сезіне отырып байқайсыз. Содан кейін хош иіс сізді ваниль мен тонка бұршақтарының тәттілігіне оралған ағаштардан өткізеді. Тәтті тыныштық орнайды. Сіз өзіңізді толық жаңа қырынан білдіңіз,сіздің ішіңізде  үлкен өзгерістердің көзі бүлкілдейді.

КЕМЕЛ-ХОШ ИІС
Ағаш
Жоғарғы ноталары: мускат жаңғағы, зімбір, қызғылт бұрыш.
Жүрек ноталары: кориандр, ағаш ноталары, амбра.
Негізгі ноталары: ваниль, пачули, тонка бұршағы.

• Тұрақтылық: 6-8 сағатқа дейін;
• 20% май;
• Ерлер мен әйелдерге арналған.

ТҰЛҒАНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Теріде нағыз бірегей композициямен ашыла отырып, сіздің қайталанбас даралығыңызды білдіруге арналған сіз үшін өзгеретін хош иіс.
Селективті парфюмнің көмегімен сіз күні бойы керемет көңіл-күй қалыптастыра аласыз, басқаларға (әсіресе қарсы жынысқа) табысты және тартымды бола аласыз. Бірегей хош иіс пен сүйкімді күлімсіреудің арқасында ғана көшбасшы немесе барлығының назарының орталығында болыңыз!

ПАРФЮМЕРЛЕР:
LUCAS SIEUZAC (ЛУКА СЬЮЗАК) – үшінші ұрпақтағы әлемге танымал француз парфюмері. Givenchy, Giorgio Armani, Salvatore Ferragamo сән үйлеріне арналған  хош иістердің авторы. Eurofragance командасының мүшесі.

OLAF LARSEN (ОЛАФ ЛАРСЕН) – әлемге танымал парфюмер.Arabian Oud, Lattafa Perfumes парфюмерлік үйлеріне арналған хош иістердің авторы.  Eurofragance командасының мүшесі. 

L’INSPIRATION DE LA VIE КОЛЛЕКЦИЯСЫ 2019ж.

Шұғыл бұрылыс жасап, бәрін өзгертіңіз.

Бұл өзіңе де, қоғамға да сын.

Бұл сіздің эволюцияңыз.

Сіздің жеке тәжірибеңіз және сіздің жаңа нәтижеңіз.

Қолданылуы

Тамыр соғысы соғатын жерге жағыңыз: мойын, құлақтың артындағы аймақ, шынтақтың ішкі беті, тізенің артқы беті (бірақ бірден емес). Парфюмді душтан кейін бірден пайдаланыңыз (буланған таза тері хош иісті тамаша сіңіреді) немесе оны алдыңыздағы ауаға себіңіз де, хош иісті бұлтқа қадам жасаңыз.
Жыл мезгіліне байланысты хош иісті:
• таңдаңыз (жеңіл-жазда, аса ауыр - суық мезгіл үшін);
• күннің уақыты: (бірінші жартысында - жеңіл, екінші жартысында қаныққан);
• көңіл-күй мен жағдайлар (кеңседе және жұмыста-қатаң және балғын, серуендеу және кездесулер достарымен - аса ауыр және креативті).
Хош иістің өзгеруіне жол бермеу үшін парфюмді салқын, құрғақ жерде, тікелей күн сәулесінен алыс жерде сақтаңыз.

Өнім туралы пікір

3 пікір негізінде