Қаңтар айының соңында Қазақстанда сұлулық индустриясындағы ең беделді іс-шаралардың бірі – ELLE Beauty Awards халықаралық жүлдесін тапсыру рәсімі өтті.
Siberian Wellness компаниясы қатарынан екінші жыл жеңімпаздар қатарына енді. Бұл брендтің тұрақты позициясын және оған сарапшылар қауымдастығы тарапынан да, жергілікті аудитория тарапынан да көрсетілетін сенімді тағы бір мәрте растады.
Биыл «Тікелей сату косметикасы» санатындағы екі өнім бірден жеңіс әкелді:
• Aromapolis Olfactive Studio – Neroli Tea & Bergamot «Үздік хош иіс» деп танылды
• Experalta Pro Anti-Age Solutions кешенді сұлулық сарысуы «Үздік арнайы күтім» номинациясында жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы ELLE Kazakhstan Beauty Awards жоғары жүлделерін біздің екі өніміміз де ұтып алған болатын: 9 Nonum әтір-концентраты және Experalta Biomelle желісіндегі терінің тітіркенуін азайтуға арналған С дәрумені бар сарысу.
Осындай беделді марапаттағы қос мәрте жеңіс біздің өнімдеріміздің сапасы, тиімділігі және инновациялығы Қазақстан нарығының талаптары мен стандарттарына толықтай сай келетінін дәлелдейді.
Жүлде ұйымдастырушыларына, сарапшыларға және барша қонақтарға жоғары баға, қызығушылық пен шабыт үшін алғыс айтамыз. Біз үшін бұл — тек үлкен жетістік қана емес, сонымен қатар жоғары сапа стандарттарын одан әрі де сақтап, өнім желісін дамытуға және ел ішіндегі беделімізді нығайтуға деген үлкен жауапкершілік пен міндет.