Компания жаңалықтары
Қазақстан «100 га» күзгі ағаш отырғызу маусымына қосылды.
Жарияланды 28 қазаннаң

Халықаралық орман-климаттық жобаның жасыл толқынын Қазақстан дәстүрлі түрде қабылдады! Осы маусымда Siberian Wellness Бизнес-Серіктестері Алматыдағы «Қарағай орманы» көрікті экопаркіне жаңа көшеттер сыйлады.

20 қыркүйекте Siberian Wellness қызметкерлері мен Бизнес-Серіктестері «Қарағай орманы» экопаркінің аумағына 200 қарағаш көшеттерін отырғызды. Қазақстан бірнеше жылдан бері ағаш отырғызуға қатысып келеді, әр жолы бұл нағыз мереке, оның аясында еріктілер тек ағаш отырғызып қана қоймай, өз Республикасының таза және жасыл болашағына үлес қосуда.

«Бұл «100 га» жобасы 2020 жылы басталды, содан бері әлемнің 15-тен астам елінде 1 миллионнан астам ағаш отырғыздық. Мен осындай Компанияның бір мүшесі болғаныма өте қуаныштымын. Бүгін біз ағаш отырғызуға келдік, Компания бізге әдемі форма, құралдар, көшеттер дайындап қойыпты. Кел де, істе!» - дейді ағаш отырғызу маусымының қатысушы, Ruby Business Leader Файзуллина Назгуль.

Ортақ іс пен табиғатқа деген шынайы қамқорлық атмосферасы бұл күнді ерекше мәнге толтырды. Барлық қатысушылардың жүзінен қуаныш пен мақтаныш сезімі байқалды. Олар өз еңбегінің нәтижесін — әлі өсіп, тамырын тереңге жая түсетін жас ағаштар қатарын сүйсіне тамашалады.

«Біз ағаштарды қайда отырғызғанымыз маңызды емес. Ең бастысы, біз қаланы көгалдандырып, оны көрікті және таза етуге ат салысудамыз. Біз бүгін отырғызған бұл ағаштар тамыр жайып, өсіп, қала аймағын одан әрі көркейте түскенін қалаймыз!» - деп Business Profi Ушурова Марина өз әсерімен бөлісуде.

Атқарылған жұмыс үшін мақтаныш сезімі мен ортақ іске деген сенімді сезіне отырып, Siberian Wellness еріктілері болашаққа жоспар құруда. Команданың ынта-жігері артып келеді, ал келесі маусымды одан да ауқымды әрі өнімді етуге деген ұмтылыс жаңа ортақ мақсатқа айналды. Рақмет, Қазақстан!