• kz
  • Астана
  • Көмек
Себет
Компания жаңалықтары
Гренландия киттері қорғауды қажет етеді!
Жарияланды 27 сентября

Киттерді барлығы жақсы көреді. Мұндай күшті, қуатты жануарларды қалай жақсы көрмейсің? Біз оларды теңіз айдынында жүзіп жүрген баяу, алып кемелердей елестетеміз. Бірақ бар қуатына қарамастан, бұл жануарлар өте әлжуаз келеді. Олар қорғауды қажет етеді және біздің міндетіміз - олардың үніне құлақ асу.

Гренландия киті немесе полярлық кит - мұзсыз өмір сүре алмайтын, арктика суын мекен етуші жануар. Ересек киттің ұзындығы 16-20 метрге дейін жетіп, салмағы 100 тонна болып, 150, кейде тіпті 200 жылға дейін өмір сүруі мүмкін. Ресейдің ең оңтүстігінде орналасқан, саны аз популяция - охот теңізі популяциясы. Бұл киттер Арктикадан әрі мекен етіп, ұзақ өмірін Охот теңізі акваториясында өткізеді. Олар өзге популяциялардан оқшау өмір сүреді және қоныс аудармайды, яғни, ресей су айдынан кетпейді.

Киттердің Охот теңізі популяциясына жеделдіктің ең жоғары басымдығы және табиғатты қорғау шараларының бірінші кезектілігі беріле отырып, Ресейдің Қызыл кітабына енгізілсе, Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы оларды жойылу алдында тұрған санатқа енгізді.

Бұрын осы популяциядағы гренландия киттерінің саны 4000-нан көп болса, қазір бұл көрсеткіш 300-400-ге дейін қысқарды. Егер жануарды сақтау жөніндегі амалдарды дәл қазір жасамасақ, бұл популяцияны қалпына келтіру мүмкін болмайды.



Безбүйрек кит аулау кәсібі жүздеген жылдар бойы гренландия киттерін жойып бітірді десе де болады, ал олардың ішінде ең көп зардап шеккені - охот теңізі популяциясы. Қазіргі уақытта көп елдерде кит аулау кәсібіне тыйым салынған, алайда гренландия киттері үшін басқа да қатерлер бар екенін бағамдап отырмыз.

Антропогендік әсер киттер мекендейтін жерлердің деградациясына әкеп соқты. Олардың тіршілігіне Әлемдік мұхиттың ластануы ықпал етіп жатыр, ал климат өзгеруінің салдары - қышқылдану, су температурасының көтерілуі және мұз режимінің өзгеруі - экожүйе теңгерімін одан сайын бұза түседі. Гренландия киттері кез-келген өзгерісті жіті қабылдайды, сондықтан олар охот теңізі экожүйесі күйінің ең маңызды индикаторларының бірі саналады. Бұдан бөлек, балық аулары, бақыланбайтын туризм және айналмалы бұрандаларымен китті жарақаттауы, тіпті өлтіруі мүмкін кемелер айтарлықтай қауіп төндіріп тұр.



Siberian Wellness «Мир Вокруг Тебя» қоры Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорымен бірлесіп іске асырып жатқан бағдарламаның мақсаты - Ресей акваториясындағы киттердің бірегей охот теңізі популяциясын сақтап қалу және гренландия киттерін қорғаудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу.

Осы міндеттерді іске асыру үшін біз гренландия киттерін қолдау мақсатында, жыл сайын 5 млн рубль жинап жіберуге тырысамыз.

    Біз жоба аясында киттердің құқығын қорғау бойынша кешенді жұмыс үшін:

  • Балық аулаудан келетін нұқсанды бағалаймыз.
  • Жекелеген дарақтар бойынша кешенді деректер жинаймыз.
  • Демографиялық параметрлер мен қатерлерге мониторинг жүргіземіз.
  • Киттерді қалай құнттап бақылау керектігі жөнінде туристерге ақпарат береміз.
  • Суда жүзу құралдарын Врангель мүйісінде пайдаланудың жаңа қағидаларын әзірлеп, енгіземіз.
  • Ұсынымдар мен қағидалардың сақталуын қадағалаймыз.


Ойдағыдай жұмыс жасау үшін экспедицияны толыққанды қаржыландыру, сарапшылар пайдаланатын шығыс материалдарының болуы, деректерді талдау мен өңдеу үшін жағдай жасау маңызды. Біздің қаржылық көмегіміз дәл осы негізгі мәселелерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Мекен ететін жерлерінің қашықтығына және популяция санының аздығына байланысты, киттер айтарлықтай аз зерттелген. Бірақ гренландия киттерінің охот теңізі популяциясын толық жойылудан құтқарып қалу үшін барынша көп дерек жинау керек: олардың дағдыларын, мінез-құлқын, өмір сүру салтын түсіну керек. Бұл істе бізге теңіз сүтқоректілерін зерттеу мен табиғат қорғауды жоспарлау жөніндегі үздік мамандар, РҒА Экология және эволюция проблемалары институтының және Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының қызметкерлері, сүйікті ісінсіз өз өмірін елестете алмайтын нағыз практик сарапшылар көмектеседі.
Сондай-ақ экспедицияға киттер жайлы тамаша деректі фильм түсірген репортер Павел Макаров қатысты. Бұл ғажайып жануарларды зерттеп қана қоймай, олардың сұлулығын неғұрлым көп адам бағалап, қатер алдындағы әлжуаздығы туралы біліп, көмек туралы үндеуді ести алуы үшін олар жайлы айту маңызды!



2022 жылдың шілдесінде біз алғаш рет Врангель мүйісіне барар экспедицияны қолдадық. Онда біз киттермен және оларды зерттеп, сақтаумен айналысып жүрген сарапшылармен таныстық. Көрген нәрсеміз бізді бей-жай қалдырмады. Біз популяцияны сақтап қалудың нақты жолдары бар екенін анық түсіндік. Енді Врангель мүйісіндегі гренландия киттері біздің қамқорлығымызда.

«Бұл әлемдегі киттердің ең әлжуаз және аз зерттелген популяцияларының бірі, - дейді биогеограф, теңіз сүтқоректілерін зерттеу мен табиғат қорғауды жоспарлау жөніндегі маман, Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының кеңесшісі Борис Соловьев.
- Бұған дейінгі 2021 жылғы экспедиция аясында біз көп ақпарат жинай алдық, бірақ мұндай күрделі міндет бір жылда да, екі жылда да шешілмейді».


Фонд «Мир Вокруг Тебя» Siberian Wellness қоры 2011 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Біз 9 жыл бойы Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорымен ынтымақтасып, бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеміз. Біз жануарлар мен құстардың сирек түрлерін зерттеуге және сақтап қалуға, табиғи аумақтардың сұлулығын сақтауға көмектесіп,дүниежүзі бойынша ормандарды қалпына келтіреміз.