• Kazakh

    KZ

    Русский

    RU

    kz
  • Астана
  • Көмек
Сізде сақталған өнімдер жоқ сияқты.
ТАңдалған тауарлар жоғалып кетпеуі үшін авторизациялануға кеңес береміз.
Органикалық кальций

Essential Minerals - Органикалық кальций, 60 таблетка Сериясы: Essential Minerals

Арт. 500914
4 бағалар
Биоқолжетімді кальций, D₃ дәрумені және сүйектерді нығайтуға арналған соя изофлавондары ыңғайлы таблетка түрінде.
3 400 〒
13 б
Қаптамадағы саны: 60 таблетка
Қалды: 67 дана
Себетке
  • Жеткізу: бастап тегін 〒, 1 күннен бастап
Өнім туралы

Кез-келген жаста мықты сүйек! Ағзаға барынша сіңу үшін бірнеше түрдегі кальций (оның ішінде бисглицинат түрінде хелатталған) тірек-қимыл аппаратының нығаюына көмектеседі. D₃ дәрумені, мырыш және соя изофлавондары кальцийдің сүйекке сіңуін қамтамасыз етеді, жастың ұлғаюына байланысты оның азаюын болдырмайды. B₆, С и К₁, дәрумендері, сондай-ақ марганец пен қырықбуынның табиғи кремнийі сүйектің сенімді ақуыздық қаңқасын қалыптастырады.
Капсулаларды қабылдауға дайын емес адамдар үшін жаңа таблетка түрінде!

Кальций – бұл сіздің сүйектеріңіздің беріктігі үшін маңызды элемент
Адам ағзасында кальцийдің 99%-дан астамы сүйек тінінде шоғырланған. Тірек-қимыл аппаратының басты құрылымдық құрауышы ретінде ол ағзаға жеткілікті мөлшерде түсуі тиіс – тәулігіне кем дегенде 1000 мг. Қажетті тәуліктік мөлшерлемесін тек тағам өнімдерінен алу қиын, өйткені оның әдеттегі бейорганикалық түрінің биологиялық қол жетімділігі төмен және ағзаға нашар сіңеді. Essential Minerals сериясындағы «Органикалық кальций» құрамындағы макроэлемент максималды биоқолжетімді және ағзаға оңтайлы сіңуі үшін бірнеше органикалық (соның ішінде кальций бисглицинаты түрінде хелатталған) түрде ұсынылады.
Кальций тек сүйектерді нығайту үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген ағза жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Ол қан тамырларының жағдайын қалыпқа келтіруге көмектеседі, қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына және босаңсуына жауап береді және ми қыртысының қозуы мен тежелуін реттеуге қатысады.
Кальций қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және антиоксиданттық қасиеттерімен ас қорыту ферменттерін белсендіруде және қан ұюын реттеуде маңызды рөл атқарады, ағзаның инфекциялар мен улы заттарға төзімділігін арттыруға көмектеседі.

Сондықтан осы макроэлементтің жетіспеушілігін толтыру және оның ағзадағы тепе-теңдігін сақтау өте маңызды.
Кешеннің құрамында:

  • СОЯ СЫҒЫНДЫСЫ – эстрогенге ұқсас әсер ететін биофлавоноидтар көзі. Соя изофлавондары антиоксиданттық әсер береді (токоферолға қарағанда күштірек). Сүйектердің желіну процестерін тежейтін остеогенді белсенділік көрсетеді және сүйектің минералды тығыздығының артуына ықпал етеді.
  • ҚЫРЫҚБУЫН СЫҒЫНДЫСЫ – зат алмасу мен қан айналымын жақсартады, дәнекер тіннің, шырышты қабықшалардың, қан тамырлары қабырғаларының қызметін қалыпқа келтіреді. Сүйек қаңқасын нығайтуға көмектесетін органикалық кремнийдің табиғи көзі болып табылады.
Қолданылуы

Ересектерге күніне 2-3 рет 1 таблеткадан тамақтану уақытында қабылдау керек. Қабылдау ұзақтығы – жылына 2-3 рет курспен 3 ай.

Өнім туралы пікір

4 пікір негізінде

left-image right-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-icon iso-icon iso-icon iso-icon